7


  • Учителю
  • ӘДебиеттік оқу 2 сынып, 'Ұр, тоқпақ'

ӘДебиеттік оқу 2 сынып, 'Ұр, тоқпақ'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің аты: Әдебиеттік оқу

Сабақтың атауы

Ұр, тоқпақ (ертегі)

Мақсаты

Оқушылар ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі - ертегілер және оның түрлері туралы кеңінен түсінік алады. Ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғынады.

Оқушылар сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.

Халқымыздың тұрмыс - салтын, әдет- ғұрпын, нанымын, дүние танушылық көзқарасын сақтауға, жат әдеттен аулақ болуға, адал еңбек етуге үйренеді. Ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын,танымдық- шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: Түсіндіру, әңгіме, сұрақ- жауап, көрнекілік, топтау

Пәнаралық байланыс : Дүниетану, математика, бейнелеу өнері, өзін -өзі тану.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер : Тірек - сызбалар, топтастырулар, плакаттар,

Оқушыларды топтарға бөлу. Топ аттарын белгілеу. Әр топ топ басшысын сайлайды, бағалау парақшасын толтырады.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Қазір, балалар ,сіздерге бұлттың суреттері берілген. Бүгінгі сабағымызда өз мақсатымызға жету үшін мына бұлттардың қабағын ашайық. Ол үшін математикалық тапсырмаларға жауап берейік! Осы тапсырмалар арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық. Олай болса, 10 саны - қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт. 20 саны - ең кіші бір таңбалы санды ата. 32 санында неше ондық,неше бірлік бар?

Мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Жарайсыңдар оқушылар. Олай болса , сабағымыздың тақырыбы « Ұр, тоқпақ » ертегісі.

Ертегі- ауызша жеткен халық шығармаларының бірі.Ертегілер- бірнеше ғасырлардың жемісі.Өз халқымыздың тарихын, тұрмыс- салтын, әдет- ғұрпын , нанымын, дүние танушылық көзқарастарын білеміз десек, ертегілерді аттап өтуге болмайды. Ертегінің түрлеріне жеке- жеке тоқталу, түсінік беру.

Оқулықпен жұмыс Әр топ ертегі мазмұнымен оқып танысады.

Ертегідегі негізгі ойды ұғынады; төмендегі кесте бойынша әңгімелейді. Топтық жұмыс.

1-топ Қаздың тұзаққа түсуі

2- топ Оқулықта берілген сурет ертегідегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?

3- топ Шал мен кемпірдің жағдайлары қандай болған?

Қазбайдың жақсы үш нәрсесін ата.

Тапсырма

Оқушының жауабы

Шалдың тұзағына не түседі?

Ертегідегі балалардыңәрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

Сергіту сәті

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Жаңа жауған қардаймыз.

Ақпыз, сары, қарамыз,

Біз бақытты баламыз!


Ой толғаныс

Егер сендер де ертегідегі шал сияқты тұзақ құрған болсаңдар. Ол тұзақтарыңа қаз түссе не істер едіңдер? Бірден тұзақтан босатып, бауыздайсыңдар ма, әлде қаздың өтінішін орындап мұраттарыңа жетесіңдер ме? ( өз ойларын дәптерге жазады). Оқушылардың жауаптарын тыңдау, талдау.

№ Тапсырма Оқушының жауабы

1 Оқулықта берілген сурет ертегідегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?

Үйге тапсырма

Ертегіні оқып, мазмұнын айту.


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау


Кері байланыс


«Білім ағашы»

Бағалау парақшасын толтырады

Стикерге пікірлерін жазып, жапсырады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал