- Учителю
- 'Мектеп - менің екінші үйім'
'Мектеп - менің екінші үйім'
«Мектеп - менің екінші үйім»
Камарова Амина
8 жас
Билялова Мадина Сарсекеевна
Байқоныс жалпы орта білім беру мектебі
Павлодар облысы
Қашыр ауданы
Байқоныс ауылы
Мектеп - бұл ақыл, білім өнер алатын орда,
Үнемі жылулық сезімі төгіліп тұратын жер.
Мектеп есігін алғаш рет ашқан күннен бастап, біз үшін мектеп екінші үйімізге айналды. Мектепсіз мен өмірімді елестете алмаймын. Біздің мектеп үш қабатты, үлкен мерекелік залымыз және спорт залы бар. Әр қабатта оқу кабинеттері бар. Бұл мектепте менің анам да, әкем де оқыған, білім алған. Мектепті өте жақсы көремін, менің достарым, ұстазым, көршінің қызы, туысым бәрі осы мектепте оқыды. Ұстазым сынып жетекшісі Мадина Сарсекеевна.
Бізге тәлім - тәрбие беріп, білімді шәкірт болып өсуімізге тілектес. Мұғаліміміз бізді жақсы көреді, әрі қамқорлығына алады. Күндегі сабақтарымыз қызықты ойындарынан басталып, соңына қарай талдап, қорытынды жасаймыз. Екі сабақ өткен соң асханаға барамыз. Асхананың асы өте құнарлы әрі дәмді. «Ас адамның арқауы», - демекші денсаулығымыз мықты болу үшін күнделікті уақытында ас ішеміз. Маған мектепте өте қызық, мен көптеген сайыстарға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысамын. Биыл мен шағын ғылыми жобаға қатысуға дайындалып жүрмін. Ғылыми жобамның тақырыбы «Картоптың көбею түрлері». Мен мектептің бақшасында картопты әртүрлі тәсілмен отырғызып, бақылау жүргіздім. Жазғы демалыс кезінде мектепке келіп отырғызған картопты күттім. Міне алғашқы жылымды аяқтап, екінші сынып оқушысы атандым. Денсаулық күні де келіп жетті. Біз сынып оқушыларымен және ұстазбен Ертістің жағасына бардық. Табиғат аясында серуендеп, демалып, қызықты ойын ойнадық. Гүлдер шоғын, емдік шөптер, жидектерді жинап қайттық. Жаңа жыл мерекесі өте қызық мейрам, мен сол мейрамда «Перизат» болып киіндім. Қыста біз оқушылармен бірге далада қардан ақ қала, тасбақа мүсінін жасадық. Жасаған мүсіндердің қасына суретке түстік. Көктем айы да келіп жетті. 8 - наурыз аналар мерекесіне аналарға қызықты ән және би беледік. Ұстазбен бірге аналарымызға өз қолымен ашық хат және гүл жасап сыйладық. Ұлыстың ұлы күні наурыз да келіп жетті. Наурыз біздің атамыздан келе жатқан ұлы мейрам. Наурыз мерекесінде біз оқушылармен бірігіп «Наурыз келді!» және тақпақтар шумақтарын айтып, бимен, ұлттық ойындармен қызықты етіп өткіздік. Енді біз мектеп қабырғасында Ұлы Отан соғысының - 70 жылдығына саптық байқау және патриоттық әндер дайындап жүрміз. Ия мектеп біздің екінші үйіміз, мектепті шын жүрегімізбен сүйіп өсіп келеміз. Біздің мектептің абыройы үстем, соны мақтан етемін. Мен өз мектебімді мұғалімді және достарымды өте жақсы көремін. Себебі мектеп менің екінші үйім.