7


2 санын қосу және азайту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Тақырыбы: 2 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Кестелік жағдайларда 2 санын қосу және азайту тәсілдерін таныстыру. 2 санын қосу және азайтуды үйрету, санды қосу және азайтуда амалды таңдай алу білігін жетілдіру;

Дамытушылық: Ауызша есептеу дағдыларын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, қиялын дамыту;

Тәрбиелік: Математика пәніне қызығушылыққа, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктері: сандар, слайд, плакаттар, суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

- Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып, өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық. Енді Сіздерді қонақтармен бірге «Ертегілер еліне» саяхатқа шақырамын. Сіздер ертегілерді жақсы көресіздер гой. Ал, ендеше саяхатты бастайық!

ІІІ. Өткенді қайталау.

- Бірақ, балалар, «Ертегілер елінің» қақпасы жабық екен. Оны ашу үшін сиқыр керек.

Бәріміз бірге шатаспай 1-ден 10-ға дейін санайық. (Ашылмайды).

- Кері санап көрейік. (Ашылмайды)

. - 1санды аттап санайық. (Ашылмайды).

- Енді не істеуге болады екен? Кәнеки, бәріміз 3 рет шапалақтайық. (Ашылмайды).

- Менің ойымша, бұл қақпаның құпия сандарын білу керек шығар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Тауып көреміз бе?

5+0

3+4

8-2

4+5

6+4

9-8

Құпия сандар: 5, 7, 6, 9, 10, 1.

Әр санға түсінік беру: 5 - заттың 5-еу екенін білдіреді.

5 санының көршілері: 4 пен 6 сандары т.с.с.

- Енді барлығың тыныш отырыңыздар! Қақпаға кілтті салып, ашады. «Ертегілер» әні орындалып, слайд көрсетіледі. «Қасқыр мен қозы» ертегісінің суреті көрсетіліп тұрады.

Балалар, не байқап тұрсыздар? Қасқыр қозыны жеп қоймақшы ма? Біз де ертегілер елінде жүргендіктен сиқыр жасап, қозыны құтқарайық. Мына өрнектердің мәнін дұрыс тапсақ қана қозыны құтқара аламыз.

ІV. Жаңа сабақ. Кесте бойынша берілген сандарға 2 - ні қосу және өзара кері амалдарды орындау.

2+2=4

3+2= 5

4+2=6

5+2=7

6+2=8

7+2=9

8+2=10

- Сандарға нешені қостық?

- Сандарға екіні қосқанда артады екен, ал 2 - ні азайтсақ кемиді.

- Қосу амалына кері амал қандай амал?

- Азайту амалы

. - Балалар, экранға назар аударыңыздар, қозыны аман алып қалдық. Біз де қошақанмен бірге қуанайық.

V. Сергіту сәті.

VІ. «Түлкіге көмектесу».

- Мына суретте нелерді көріп тұрсыздар?

- Арыстан - қандай аң? - Түлкі қандай?

- Түлкі қанша қумын, айлакермін дегенімен бүгін бір жамандыққа тап болған сияқты. Біз жамандыққа жаны қас мейірімді балалармыз ғой. Түлкіні арыстанның тырнағынан құтқарайық.

Мына сандар мен өрнектерді салыстырып көрейік.

4 * 3

2 * 5

6 + 1 * 8

9 - 2 * 6

5 + 0 * 6 - 0

3 - 3 * 3 + 0

- Рахмет балалар, сіздерге түлкі риза болып, құйрығын бұлғаңдатып кетіп барады. «Ертегілер» әні орындалып, слайд көрсетіледі.

- Балалар, өздеріңіз байқап отырғандарыңыздай ертегілерде аңдар, жануарлар ғана емес, Айлакер бала, Тазша бала да кездеседі. Айлакер бала ормандағы Диюға кездесіп қалыпты. Мына есепті шығармасаң, қараңғы зыңданға тастаймын деп сес көрсетіп тұр.

Біз де оқулықтағы 3- есепті шығарып, тезірек Айлакер балаға көмектесейік.

VІІ. Кітаппен жұмыс.

4-есеп. Айшаның 4 гүлі бар еді. Ол 2 гүлін Алмаға берді. Айшаның неше гүлі қалды?

Шешуі: 4-2=2 гүл.

Жауабы.:Айшаның 2 гүлі қалды.

- Бәрекелді балалар, Айлакер баланы құтқардыңыздар. «Ертегілер елінде» жай саяхаттамай қаншама жақсы істер істеп жатырсыздар. Айлакер бала да барлық жұртқа елімізде сиқыршы балалар жүр екен деп мақтап айтып жатыр. Енді шаршағанымызды басып, дем алсақ қайтеді.

VIII. Тазша баланың тапсырмалары.

- Біздің «Ертегілер елінде» жүргенімізді Тазша бала естіп қалыпты. Бұлар менен де тапқыр қандай балалар, тексеріп көрейінші деп, тапсырмалар ала келіпті. Орындаймыз ба, тапсырмаларды?

Семантикалық карта4

6

9

3

7

5

8

2+1















2+2















4+2















6+2















2+3















5+2















8+2



















Гүлге көбелектерді орналастыр.

- Балалар, біз қандай жақсы істер істедік?

1. Сандарға 2 - ні қосып, азайтуды үйреніп, қозыны құтқардық. («Қасқыр мен қозы»)

2. Салыстырдық. Түлкіге көмектестік. («Арыстан мен түлкі»)

3. Айлакер балаға есеп шығарып бердік. («Айлакер бала»)

4. Тапсырмаларды орындап Тазша баланы риза қылдық. («Тазша бала») «Ертегілер елінен» қайтатын да уақыт болды.

Акварюмге балықтарды орналастыр

ХІ.Бағалау

Х. Үйге тапсырма

№4, 84 бет









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал