- Учителю
- ӘДебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ 'Абылай хан' Ш. Уалиханов (4 -сынып)
ӘДебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ 'Абылай хан' Ш. Уалиханов (4 -сынып)
Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары ауылы
Бастауыш сынып мұғалімі Аушахманова Гульмира Ахметсапаровна
Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Атамұра» баспасы
Пәні:
Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы:
Ш. Уалиханов Абылай хан
Жалпы мақсат:
Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтарымен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағды-ландыру, өз еліне, халқына, жеріне деген азаматтық борыш сезімін тәрбиелеу.
Сілтеме:
Әдебиеттік оқу 85-86 -бет. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 73- беттер
интернеттен алынған «Абылай хан» видео.
Оқу нәтижелері:
Топта бірлесіп өзіндік ойларымен бөлісіп, ортақ шешімге келе алады.
Ақпарат көздері, қолда-натын материалдар:
Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер, стикер, күлегештер.
Негізгі идеясы:
Абылай қазақ батырларының ішіндегі мықтылардың бірі екеніне көз жеткізу.
Әдіс тәсілдер:
Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: СТО: «Блум таксономиясы» ОҮБ: (Табыс критерий-лері бойынша "Ойлаудың 6 қалпағы" кластер, "Өрмекшінің өрмегі", Дебат
Дереккөздері:
Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған видео.
Тапсырмалар
Сабақ кезеңдері мен уақыты
Жұмыс түрлері
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының әрекеті
модуль
2 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг "Күн". Сыныпты 2 топқа бөлу. "Жокей мен жылқы" оқушылардың парталары-ның шетінде сөйлемдер жабыстырылып тұрады. Оқушылар бір-бірінің сыңарын табу керек. Сыңарын тапқан оқушылар мағынасына қарай топқа бөлінеді. Топ басшыны тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Білу
5 минут
ІІ. Үй тап-сырмасын сұрау.
"Өрмекшінің өрмегі" арқылы үй тапсырма-сын сұрау.
Оқушыларға сұрақ қою арқылы жауап алу.
1. Мұхтар Әуезов кім? Оның әлемге танымал қандай еңбек жолын білесің? т.б.
Оқушылар жіпті қолдарына оратып, Мұхтар Әуезов пен "Абай жолы" романынан алынған үзінді бойынша алған білімдерін көрсетеді.
ІІІ. Жаңа тақырыпқа бағытталу.
"Ой қозғау"
АҚ ҚАЛПАҚ
Жаңа сабақты өткен материалмен байланыс-тыру.
Хан Назар сынды әділ хан,
Абылай сынды ер сұлтан...
Ақ найзаның ұшымен,
Ақ білектің күшімен
Дұшпанға қысым көрсеткен, -деген жолдар кім туралы?
Ендеше сабақтың мақсаты қандай?
Абылай хан" видеоролик
"Ақ қалпақ"
Видео, слайд арқылы және үйде қосымша оқып келгендерімен бөлісу. Шоқан мен Абылай туралы көрген киноларынан ойла-рында не қалғанын айтып береді.
Кіріспе әңгіме. Абылай хан -қазақ ордасының ханы. Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. жиырма жа-сында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарды. АБЫЛАЙ ХАН (шын аты Әбілмансұр) (1711-1781)- қазақ ханы, батыл қолбасшы. 15 жа-сында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен. Орта жүз ханы Әбілмәмбет-пен бірлесіп, елді шығыстан торыған жауға қарсы күреске ұйымдастырады. 1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін хан болады.
Абылай -хан, өктем әкім, айлакер дипломат, өте шешен, үлкен өнер иесі-арқалы күйші. Оның "Алабайрақ", "Ақ толқын", "Қайран елім", "Қара жорға", "Шаңды жорық" және тағы басқа күйлері әлі күнге дейін тартылып келеді. Ресей патшасы, Қытай империясы, Жоңғар, Бұқар, Хиуа хандары Абылай хан тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. Он сегізінші ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығымен Маньчжур -Қытай империясына қарсы күрес-те үш жүздің басын қосып күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды.
Балалар сабақтың тақырыбы мен мақсатын аша-ды.
І топ. Абылай хан ІІ топ. Әңгіме авторы Шоқан Уалиханов туралы бұрыннан білетіндері сұралады. Қысқаша фактілерді айтып береді.
Топтар бір-бірлерін толықтырады. Үйде оқып келгендерін ортаға салып айтады.
Оқушылар түсінгендерін қысқаша ғана айтады.
Жас ерекше-ліктеріне
сәйкес оқыту және оқу
АКТ
Күлтешелер-мен бағалау
Түсіну
5 минут
Оқулықпен жұмыс
"АҚ ҚАЛ-ПАҚ"
"Ұстап ал" доп лақтыру.
1."Абылай хан" мәтінін іштей және 2-3 оқу-шыға дауыстап, әдемі оқыту.
2. Жаңа сөздердің мағынасын ашу.
Тауқымет -ауыртпалық, бейнет, азап
Қонтайшы- жоңғар ханы
3.Жаңа сөздердің мағыналарын ашып түсінді-реді.
4.Сұрақтар
-Кімдер қазақтарды аш бөріше талады?
-Олар қазақтарға не істеді?
-Ол қай мезгілде болған оқиға? Оны суреттейтін сөздерді ата.
-Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен қазақ даласын қашан басып кірді?
-Ол қандай мақсатпен жерді жаулап алды?
-Абылай сол кезде кім болған және оның аты қалай шыға бастады?
-Абылай кімдерде тұтқында болды және ол тұтқыннан қалай шықты?
-Орыс ұлықтары қазақ еліндегі қарым-қатынасты кім арқылы жүргізді?
-Қалдан Серен қашан қайтыс болды және оның елінде қандай оқиға болды?
- Жоңғарияны кім басып алады?
-Абылай балаларына қандай өсиет айтып және нені талап етті? Неліктен?
-Абылай 1774 жылы кімді басшы етіп қойды?
-Абылай хан қай жылы қайтыс болды және қай жерде жерленді?
5.Мәтіндегі Абылай өмір сүрген кездегі елдің халін суреттейтін сөз тіркестерін тауып, дәптерлеріне жазыңдар.
Мәнерлеп, дауыс екпінін келітіріп оқиды.
Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктен ашып ай-тады.
Оқушылар оқығандарын сұраққа жауап беру арқылы сұрағанда, толық жауап бере алады.
Жоңғарлардың қазақтарды қырып жаздағаны және сол кезде жас бала Әбілмансұр айлакерлі-гімен көзге ерекше түскенін айтады.
Қазақтың жерін жоңғарлар қандай мақсатпен жаулағаны туралы айтып, ойларымен бөліседі.
Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін елімен не болғанын айтып,
Қазақ елінің еңсесін басқан, тауқыметі мол, қажыған ел, қақаған қыс, қаһарлы жұт, ажда-һадай аштық, қырғидай тиген жұт деген сөз тіркестер Абылай өмір сүрген кездегі халін су-реттеген.
ОүБ
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Қолдану
5 минут
"Қызыл қалпақ"
Кластер құ-ру
Оқушыларға қосымша интернет көздерінен алынған материалды тарату.
І топ. Кластер құру /Абылай/
Оқушылар оқып, түсінгендерін жұмыстарынада қолдана алады.
Оқушыларға қиылған материалдар таратып, кластер құрғызу.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Талдау
5 минут
"Жасыл қалпақ"
ІІ топ. Абылай ханға мінездеме беру.
1. Абылайдың ұлылылығын, беделін дәлел-дейтін, оны хан сайлау сәтінің көрінісі сурет-телген жолдарға туралы не ойлайсыңдар?
Абылай хан тереңген ойлайтын, ержүрек, айла-кер, ақылгөй, дана қолбасшы, т.б
"...ақ киізге отырғызып хан көтеріп, ел басқар-ған сұлтандар әр жақтан дауыстай жамырап, оның даналығын, ақылгөйлігін, қолбасшылы-ғын, ержүректігін, т.б. қасиеттерін айтып тауыса алмайды. Ақыры үстіндегі шапанын шешіп алып, тоз - тоз қылып жыртып, әрқайсысы тәбә-рік ретінде талап әкетеді".
Талантты мен дарынды ба-лаларды оқыту
СТО
Жинақтау
10 минут
"Сары және қара қал
пақ"
/Дебат/
"Абылай заманы- қазақ батырларының зама-ны" деген жолдарға келісесіңдер ме? Әлде жоқ па?
І топ. Жақтаушы
ІІ топ. Даттаушы
І топ. Жақтаушы. Біз Абылай заманы - қазақ батырларының заманы деп келісеміз. Себебі, ол қазақ елін жоңғарлардан құтқарды. Ол болмаса, қазақ елі қырылып қалушы еді. Өйткені 15 жа-сында көзге түсіп, өзінің ерлігімен жоңғарларға қарсы шығып, жеңіске жетті. Талай жерлерге шабуыл жасап, қазақ даласына жеңіс әкеп, құ-рылысын, сауда жағын, яғни экономикасын көр-кейтті. Кішкентайынан жетім қалып, өзінің өжет, мықты екенін дәлелдеп көрсете білді. Үш жүздің басын біріктіріп, қазақ даласына тату-лық, бірлік әкелді.
ІІ топ. Даттаушы. Абылай заманы деп қалай айтасыздар? Қазақ хандығына 550 жыл болды. Қазақтың хандығын құрған Абылай емес керей хан. Қазақ елінде Абылайдан басқа Малайсары, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай сынды батыр-лар де аз емес.
Оқытуды бас-қару және көшбасшылық
СТО
Талантты мен дарынды бала-ларды оқыту
Үй тапсыр-масы:
1. Мәтінді оқу. Сөзжұмбаққа жауап беру.
2. Интернеттен мәлімет алып, шағын әңгіме жаз.
3. Шоқан Уалиханов туралы оқып біліп кел.
Бағалау
Дескриптор-мен бағалау
Оқушыларға дескриптор ұсыну.
Сол дескрипторға қарап, өз-өзін бағалайды.
Өзінің қандай баға және не үшін алғанын дәлел-дейді.
Рефлексиялық кезең.
3 минут
"Көк қал-пақ"
5 саусақ
-Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
-Не білдің? Қандай жаңалықтар алдық?
Болашақта нені білу керек?
/Бас бармақ - неден қиналдым?
Балан үйрек-кімге көмектестім?
Ортан терек- көңіл -күйім
Шылдыр шүмек-қандай жетістікке қол жеткіздім?
Кішкентай бөбек- не үйрендім?/
Оқушылар сабақтан қандай әсер алғандарын айтады. Өз ойлары-мен бөліседі.
Бағалау дискрипторы
1.Үй тапсырмасы. Тапсырма толық, нақты, шығармашылық деңгейде орындалса - 5
Тапсырма толық және нақты орындалса- 4
Тапсырма толық орындалмаса- 3
Мүлдем орындалмаса- 0
2. Кейіпкер туралы іздеген мәліметтерін бағалау.
Оқыған материалын қызықты айта білсе- 5
Оқыған материалын жай ғана айтса- 4
Оқыған материалын толық жеткізе алмаса- 3
Мүлде оқымай, ізденбей келсе - 0
3.Оқулықпен жұмыс
"Қағып ал" допты ұстау арқылы сұрақтарға жауап беру.
Сұраққа толық, нақты және әсерлі жауап берсе- 5
Сұраққа жауап берсе - 4
Сенімсіздікпен немесе біреудің көмегі арқылы жауап берсе -3
4. Дәптермен жұмыс
Сөз тіркестерін теріп жазу.
Толық тауып жаза білсе- 5
Тауып жазады, бірақта 1-2 сөз тіркесі жазылмай қалса - 4
Сөз тіркестерін толық тауып жаза алмаса - 3
Мүлдем жазбаса - 0
5. Кластер құру
- эстетикаға сай, орналастыру орталығы сақталған, өз үлесін қоса білсе, құрған кластерді мәнерлі сөйлеп жеткізе білсе, толық өз сезімдерін білдіре алса- 5
-эстетикалық норма сақталған. Толық жеткізе білсе, қосымша өз ойларын айтса - 4
-өз үлесін қосты. Бірақта қорғағанда өз ойын толық жеткізе алмаса- 3
6.Мінездеме беру
-Мәтіндегі сөздерді пайдалана алып, мінездемеге дәлел келтіре білсе- 5
-мәтіндегі сөздерді пайдалана алса - 4
-мәтіндегі сөздерден алшақ кетсе - 3
-мүлдем жаза алмаса-0
7. Дебат
- Өз пікірлерін толық айтып, мысалдар келтіре алса, дәлелдемелер айта алса және сөйлеу мәнері әдемі, тыңдаушыға жағымды естілсе, сөз таласқа толығымен түсе білсе - 5
- Өз пікірлерін білдіре білсе, дәлелдер келтіре білсе, нақты қысқаша жауап берсе-4
-Өз пікірін айтады. Бірақта сөз таласқа түсе алмайды. Мысалдар келтіре білмейді.- 3