7


  • Учителю
  • Бейнелеу өнерінен сабақ жоспарлары

Бейнелеу өнерінен сабақ жоспарлары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: "Бейнелеу жан-жағымызда" Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: танысу, және ол қуанышты, жарқын болып және сол мезетте оқыту.Дамытушылық мақсаты: басқа сабақтарда бала жан дүниесінін әлемін ашуТәрбиелік мақсаты: Өнермен айналысу балалар арасындағы өз
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: "Бейнелеу жан-жағымызда"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: танысу, және ол қуанышты, жарқын болып және сол мезетте оқыту.

Дамытушылық мақсаты: басқа сабақтарда бала жан дүниесінін әлемін ашу

Тәрбиелік мақсаты: Өнермен айналысу балалар арасындағы өзара сенімділікке шақырады, және соған жету

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Бейнелеу Шеберімен бірінші таныстық басталады. оларға бұдан былай суретшілер нені бейнелейтінін түсінуге сурет салуға, жабыстыруға көмектесіп, үйрету.

Оқушылармен әңгімені былай жүргізуге болады: мысалы: "Бейнелеу өнері сабағында сендер нені оқитын боласындар? Әрине, сурет салуды! Ал біз нені саламыз - бұл бейнелеу. Біз айналамыздағы нәрсенін бәрін бейнелей аламыз. Ал біздің суреттерімізден басқа, нені бейнелеулер деп атауға болады?" Балалар еске түсіреді: ескерткіштер, кітаптардағы иллюстрациялар, жарнама, орамадағы, маталар мен түсқағаздағы, ыдыстардағы суреттер және т. б. Тандауға оқулықтағы мысалдар көмекке келеді (8-9- бет). Айналамыздағы бейнелеулер ете кеп екен!

"Сенлердің әрқайсыларын нені салғыларын келеді?" - деп сыныптан сұраймын.

Ең алғашқы сабақта балалардың бұрынғы жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Оқулықтың ішінде балалар жұмыстарының әр түрлі материалдары мен сюжеттері кездеседі (6-7-бет). Көп балалар суреттер қандай мағына беретінін, олардың әрқайсысынан кәп нәрсені түсініп, керуте болатынын бірінші рет көреді. Олардың бірлескен әңгімелерін мұқият тыңдап, ұнағандарын талқылауға мүмкіндік беріледі. Әрине, көптеген бірінші сыныптағылар сурет салуды білмейді, бірақ олар сол үшін мектепке келді, міндетті түрде үйренеді. Балалар парақтағы әрбір жұмысқа, орындаудың батылдығы мен ашықтығына, алуан түрлілігіне назар аударады.

Осындай қалыппен балаларда жұмыстың қандай болуы керектігі жайында бірінші түсініктерін қалыптастырып, мазмұнын түсінуге үйретіп, қабылдаудың алғашқы дағдыларын дамыту. Балалар күткен нәтижелері мен бағалаудың жалпы мөлшерін алады.

Кейбір балалар сурет салғанды жақсы көреді, кейбіреулері қиналады (көбіне үлкендердің негізсіз араласуынан), дегенмен қандай да болсын тәжірибе бар, тек оны жандандыру керек. Бұдан басқа, бірінші сабақта әдетте ұйымдастырылу міндеттері болатындықтан, балалар өздеріне таныс материалдар: фломастер немесе түрлі түсті қарындаштармен сурет сала береді.

Оқулықта екі тапсырма берілген, оларды біріктіруге болады: өз шеберліктерін көрсеткісі келетін балалар болады, өзіндік шығармашылық жұмыста әжептәуір тәжірибесі бар балалар бар, абдырап қалған балалар болады. Тәжірибесі жоқ балаларға үлкен күннін суретін салуды ұсынамын. ("Сен бұны сала аласын!"), ол содан кейін, күннің суреті барлығында әр түрлі шықты және бұл жақсы екенін көрсетемін. Параққа мән беру керек: парактағы кішкентай күн мен парақтың барлык жерін алып тұрған үлкен көңілді күн суреті. Ең бастысы күннің әртүрлі түспен боялғанына назар аудару керек: қызыл немесе қызғылт-сары, сары немесе бақыт құсы сияқты алуан түрлі от-жалын түстер. Көпшілігінде күн сәулесі әр түрлі салынғаны тіптен тамаша.

Сабақта сенімді қарым-қатынас "орындау ережесі" емес, мазмұны бойынша балалар жұмысын талқылау болғаны дұрыс деп санаймын.

Бірте-бірте сурет дегеніміз - өз пікірін айту, сол арқылы өз түсінігін, өмірге деген қарым-қатынасын жеткізу екенін балаларды үйреткен жөн. Бұл тақырып I сыныпта ең негізгі болады.

Практикалық жұмыс. Бірінші тапсырма диагностикалық бағытта, оқушылардың мектепалды дайындык мінез-құлқы мен денгейін көтеруге көмектесу.

  1. Окушыларға өздеріне ұнайтын нәрсені салуды ұсыну (сыныппен танысу түрі сияқты).

  2. Екінші нұсқа: парактың бетін алатын үлкен көңілді күн суретін салуды ұсыну.

Сабақ соңында барлық балалар суреттерін тақтаға немесе қабырғаға іліп, "күннің көңілді хорын" ұйымдастыру.

Материалдар: қолайлы немесе оқушыға үйреншікті қағаз немесе кез келген материал.

Көрермен қатары: сюжеті, жанры, көркемдік материал бойынша бастауыш мектеп дәрежесіндегі балалар жұмысы.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма: әр түрлі бейнелеулер қайда ұшырасатынын ойлау және табу (үйде. көшеде, мерекелерде); ата-аналарымен бірге оқулықтан балалар суреттерін қарау, көңілді күннің жаңа түрін, басқасын ойлап салу.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: "Бейнелеу Шебері көре білуге үйретеді"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: көздің аналитикалык және байқағыштық мүмкіндіктерін дамыту

Дамытушылық мақсаты: әлемді поэтикалык тұрғыдан көруді қалыптастыру

Тәрбиелік мақсаты: Оқушы сезімтал және ойлайтын адам болып өсу үшін, әдемілікті көре білу шеберлігін дамыту

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Бір затқа қарау, көре білу шеберлігі емес. Көре білуді де үйрену керек: әдеттегі ерекшелікті көру, қызықты және ғажайыпты байғай білу, таң қала білу. Суретшілерде болатын көре білуді үйретуді Бейнелеу Шебері оқытады. Бұл әрбір адам үшін маңызды және қарапайым емес шеберлік. Біздің көре білуіміз, сурет сала білу шеберлігімізге байланысты.

Қоршаған ортаны көру өте қызықты! Сынып болып серуенге шығар мүмкіндік болса тіптен жақсы, кабинетте табиғаттын небір мәнерлі суреттері мен слайдтарын көруге болады (аяқ астында жатқан күзгі жапырақтар өрнегі, ағаштар түбірінен көруге болатын жұмбақ суреттер, бұтақтар мен тырбиған ағаштар, жануарлар мен ертегіге ұқсастық).

Көру мен сурет салуды үйрену үшін, заттарды өзара салыстырып, пішінін көру керек. Әрбір заттың өз пішіні бар. Мысалы, жапырак. Олар домалақ, үшбұрышқа да ұқсас болады (14-15-бет). Жапырақтардың пішінін салыстырамыз, бағдарлай қарап, жаңалық ашамыз: әрбір жапырақ діңгегі, бұтақтары бар кішкентай ағаштарға ұқсайды. Ағаштарда әртүрлі пішінде болады екен.

Практикалық жұмыс. Ағаштар әр түрлі пішіндегі жапыраққа ұқсас, ертегідегі күзгі орманды бейнелеу.

Материалдар: тапсырма бірнеше амалмен орындалады: түрлі түсті қарындаш пен фломастермен сурет салу; түсті қағаздардан аппликация үзінділері, жапырақтардың қағаздағы гуашьпен салынған таңбалары.

Сынып болып немесе бірнеше адам жұмыс істегенде, тапсырманы аппликация әдісімен ұжым болып орындауға болады. Бұл жағдайда әрбір бала әртүрлі пішінде екі-үш "ағашты" жасайды, содан сон орманға ұқсастырып, ортақ түрлі түсті қағазға жапсырады. Ортақ жұмыс болып шығу үшін мұғалім жабыстырудың орналасу ырғағына көңіл бөлу керек, ағаштар бұл жағдайда бір-бірін жауып қалады. Егер күшті оқушылар бұл панноны жалғастырып салып, орманға аңдар мен құстарды орналастырса, тіпті жақсы болар еді. Бұндай жұмыс балалар мен ата-аналардың мактанышы мен қуанышын туғызып, өте әдемі болып шығар еді.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма: пішіндері әр түрлі жапырақтарды жинау, оларды өзара салыстырып, ерекшелігін түсіндіру.

Ескерту. Сұрақ тууы мүмкін: балаларға неге ертегідей, қиял-ғажайып бейнелеулерді, ағаштарды салу ұсынылады, жапырақтың әр түрлі пішіндерін салу неге ұсынылмайды? Бұл тек қана ойын сәті емес. Жапырақты өзіне ұқсас етіп салуға тырыса отырып (үлгі бойынша), көптеген жағдайда бала сәтсіздікке тап келеді. Біздің міндетіміз баланы толықтай көруге, қорытынды пішінде көруге үйрету.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: "Дақпен де бейнелеуге болады"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Көркемдік іс-әрекеттің үш түрінін алғашқы түсініктерінің негізін меңгеру: жазыктықта және көлемде бейнелеу

Дамытушылық мақсаты: жазыктықтағы құрылыстар мен көркемдік құрастырулар, көлемде және кеңістікте; әртүрлі көркемдік материалдарды пайдалана отырып, безендіру

Тәрбиелік мақсаты: және сәнді кәркемдік іс-әрекеттер.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Барлық балалар жануарларды жақсы көреді және оларды салғанды ұнатады, бірақ көбіне қалай жасайтынын білмейді. Бейнелеу Шеберімен бірге әр түрлі жануарларды қарайық (слайдтарда, фотосуреттер; оқулықтың 16- 17-бет). Барлық аңдардың денесі, басы, төрт аяғы болады. Жылқының аяқтары ұзын және жіңішке, жылдам шабады, иттерде - қысқа, ал жыланда мүлдем жоқ. Тақса аласа және ұзын, ұзын тұмсықты, ал піл өте үлкен және төртбұрышты, аяқтары баған сияқты. Аюдың құлақтары дөңгелек, кішкентай, көздері кішкентай, мойны тіптен көрінбейді, табандары дөнгелек, әрі жұмсақ және домалақ, ал биік керіктің мойны мен аяқтары ұзын. Барлық аңдардың құлағы, құйрығы, аяғы, мұрты бар тек әр түрлі.

Салыстыру көруді үйретеді!

Басында Бейнелеу Шебері "Дақ туралы ертегі" айтып береді (оқулық 18-б), ең бірінші қарапайым дақ болып, содан соң кішкентай аңға айналады.

Дақ - бейнелеудің ең басты құралдарының бірі. Дақ тегісте бейнелеудің кез келгенінің негізгісіне жатады (Ал сызық кейде көрінбейтін дақты айналдырып шығады немесе дақтың жасалуынын құралы болып табылады). Мәнерлі дақ заттың көлеңкесіне ұксайды, оған біраз детальдар қосса, зат "тіріледі".

Бұл жерде біз тағы да баланы толықтай көруге, яғни қорытындылай көруге үйретеміз. Бұл көркемдік дамытудың маңызды міндеті, сонымен бірге баланың ойлау қабілетін дамыту болып табылады.

Оқулықтың 20-21 -беттерінде балалар кітаптарына иллюстрациялар - танымал суретшілер жасаған әр түрлі жануарлардың тамаша бейнелері берілген. Бұл бояу дағы мәнерлі бейнелеуге айналатынына дәлел.

Практикалық жұмыс. Қағазға бір түсте дақ салу, содан кейін оның неге ұқсайтынын көру, оған аяқтар, құлақ, құйрық, мұрт салу.

Көп балаларда шындыққа жанаспайтын, фантастикалық, ертегідегідей аң шығады, бұнда тұрған түк те жоқ. Егер сурет бойынша ертегілік кейіпкерге сипаттама берсе тіптен жақсы.

Бұл тақырып бойынша практикалық жұмысты әр түрлі нұскада орындауға болады. Мысалы, балалар қағазға бір түсте дақ салып, көршісімен ауыстырып, бір-бірінін жұмыстарын аяқтайды.

Келесі нұсқа: мұғалім қағазға түрлі түсті қағаздан қиып жапсырып, балаларға фломастер немесе түрлі түсті қарындаш көмегімен жалғастырып салуды ұсынады (оқулық, 20-6.).

Материалдар: гуашь немесе акварель, қылқалам. Қара түс міндетті емес, жануарлар әр түрлі түсте болады.

Тапсырма бірте-бірте бояумен және қылқаламмен жұмыс дағдысын дамытады (бір қылқалам, бір қалбыр бояу).

Көрермендік қатар: жануарлар фотосуреттері немесе слайдтар, суретшілер, балалар кітаптарының иллюстраторлары шығармашылықтағы аңдар бейнесі, Т.Маврина, Е. Чарушин, Ю. Васнецова Е. Қожабаев, А. Иманғалиева және т. б. жұмыстары.

Қосымша сабақ бейнелеу ойын-ертегі "Сия тамшысына айналуға" арналуы мүмкін - "сия тамшысы" техникасына, сонымен бірге көлеңкесі театр (көлеңке - бұл бейнелеулерге айналған жанданған дақ).

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма: кез келген даққа қарау (ағаш жиһазының жеңіл-желпі, мрамор өрнегі және басқа тастар), қабырғаның үгіліп түскендегі кез келген бедері нені еске түсіретінін көру.

Сыныпта өз тапқандары жайында әңгімелесу.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: "Көлеммен де бейнелеуге болады"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Өнердің мына түрлері бойынша алғашқы көркемдік жұмыс дағдысына әдеттену: кескіндеме, графика,сәулет,дизайн,алғашқы мүсін сәндік- қолданбалы өнер

Дамытушылық мақсаты: Өзіндік байқағыштық және тану қабілеттіліктерін дамыту, табиғаттағы эстетикалық құбылыстарға деген сезімдік ықыластық және адамның іс-әрекеті

Тәрбиелік мақсаты: Мүмкіндігіне қарай көркемдік материалдардың мәнерлілігін меңгеру;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Көлем дегеніміз не? Көлем кеңістікте орын алады, оны жан-жағынан қарауға болады. Мынау ұсақ тас - бұл көлем. Егер Бейнелеу Шебері жан-жағынан қараса, оның неге ұқсағанын бірден ойлайды. Бейнелеу Шебері "Не неменеге ұқсас" ойынын ойнағанды жақсы көреді. Ең басты көркемдік шебердік: - поэтикалық теңеу таба білу (метафора негізі) екен.

Балалар аңдар мен орман ғажайыптарына ұқсайтын тырбиған ағаш пен бұтақтарды, тамаша бұлттарды көргендерін ықыласпен еске алады. Әлдекімде таң қаларлықтай тастар жинағы бар және т. б. Осы жерде қиял мен байқампаздықты дамытамыз.

Бейнелеу Шебері (оқулық, 25-6.) тағы бірде әр түсті ұсақ тастардын неге айналғысы келетіне көмектескені туралы ертегісін әңгімелейді.

Мұғалім (Бейнелеу Шебері) сыныпта пластилинмен жасап көрсетеді: жануардың мойнын немесе құйрығын жасайды.

Бірақ жұмыс жекелеген детальдардың бірігуінен емес, бүтін кесектен басталады. Балалар образды тұтас көлемде көру, пішінін дамытып және айқындап үйренуі керек.

Ұсақ тас туралы ертегі сабақтың кездейсоқ сәні емес, жұмыстың дұрыс жүруін оқыту.

Ұсақтастар ертегісінде оларға жата беру жалықтырса, құстар сияқты ұшып та кетеді, бірақ балаларға үнемі тірі ұсақ тастар, мысалы тасбақа немесе қояндар болып көрінеді. Олар қуанып, аңдармен одан әрі ұзақ ойнайды. Бейнелеу сюжетінін өзгеруі қосымша сабақта пайдаланылуы мүмкін.

Практикалық сабақ. "Кесек пластилин неге айналады" тақырыбына жабыстыру.

Материалдар: пластилин, стектер, қатты қағаз, шүберек.

Көрермендік қатар: мәнерлі пішіндегі табиғат көлемі слайдтары (оқулык, 24 -25-бет.), С. Конёнков, С. Эрьзя ағаш туындылары, мүсін туындылары.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма: көлемді заттар (мысалы, картөп және басқа жемістер, ормандағы немесе парктегі ағаш, т. б.) неменеге ұқсайтынын ойлау.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: "Сызықпен бейнелеуге болады"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Әртүрлі өнер түрлерінен алғашқы көркемдік қабылдау дағдысына әдеттену;

Дамытушылық мақсаты: Көркемдік- шығармашылық іс-әрекеттің накты формаларының пайда болуында елес пен қиялды дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: адам өмірінің қоғамдық маңызы, олардың әлеуметтік рөлі

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

ІІ. Өткенді қайталау.

Өткен сабақтарда "дақ", "көлем" түсініктері енгізілді. Бұл сабақта екі үғыммен танысамыз: "сызық" және "жазықтық". Біз сурет салғанда жазықтықта саламыз.

Кіріспе әңгіме.

Сызықтармен барлық нәрселерді бейнелеуге болады. Бұл түсінікті, себебі оның өзіндік суреттерінің көпшілігі сызықпен салынады. Бұл сабақта сызықтың мәнерлі сипаты туралы сөз болмайды, оның әр түрлі болатынына (жіңішке және жуан, қарапайым және ағымды) - бұл 2-сынып тақырыбы. Бұл жерде біз сызықтың баяндау қасиетіне назар аударамыз - сызықтық суреттер жайында бәрін айтуға болады. Бұл тапсырманың сипатын бөліп көрсетеді: қара фломастер немесе қарындашпен айтқын келген нәрсені айту. Жұмыс сюжеті қарапайым болу керек. Бірінші сыныптардың көпшілігі адамдарды бейнелеуден қорықпайды: олар үшін сурет белгілі бір мағынасында белгі, дұрысын айтқанда бірлескен белгі. Балалар өз суреттерінде өзі жанұясы, серуендері жайында, үйіндегі таңертеңгілік немесе кешкілік уақыттары туралы айтсын.

Өткен сабақтар сияқты, бұл сабақта табиғатқа назар аудару жайында басталады: балалар табиғатта сызықтарды еске алатынын көруі керек (оқулық, 26-бет).

Сабақта балаларға ойын ұсыну: әрбір оқушы параққа қолын алмастан шытырман сызық салады - қандай да бір бейнелеу пайда болу үшін ол сонан кейін оны аяғына дейін салады. Сурет салып бітіру үшін суретін көршісімен алмастыруға болады. Мұндай тапсырмалар балаларға сурет салуға батылдық беріп, сызықтарды еркін пайдалануды үйретеді.

Тапсырманы орындау нұсқаларына С. Маршак, К. Баянбаев, М. Әлімбаев, Н. Жанаев, Е. Елубаев, А. Барго, Д. Карис өлеңдері, басқа да көңілді, жылдам және теңтектік сюжетке құрылған өлендер негіз бола алады.

Практикалық жумыс. "Өзің туралы айт" тақырыбына сурет салу (немесе өлең сюжетіне).

Материалдар: қарындаш немесе фломастер, қағаз.

Көрермендік қатар: суретші сызықтық суреттері (әсіресе балалар кітаптары иллюстрациясы), табиғаттағы сызықтық сарындағы фотосуреттер, балалардың әр түрлі сызықтық суреттері.

Сызықтық бейнелеу тақырыбына қағаз жолындағы көлемді бейнелеу тапсырмасы да байланысты бола алады. Бұл тапсырманы қосымша сабаққа (түсініктемеден кейін) немесе ойын-жұмыс ретін өзіндік жұмысқа беруге болады. Балаларға қағаз жолақтары таратылады, бұраудың бірінші машықтары көрсетіліп, қағаз жолағынан қандай да бір аң, құс немесе балықты жасау ұсынылады (тапсырма қағаздан мәнерлі мүмкіндігін игеру).

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма: балалар кітаптарынан бейнелеудің негізгі құралы дак болып табылатын суреттер мен сызықтық суреттер табу. Оларды қарап, суретші аты-жөнін білу.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: "Түрлі-түсті бояулар"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: өнердің әр түрінің бейнелі тілінің алғашқы ерекшеліктерін түсіну;

Дамытушылық мақсаты: Өнер шығармаларын талдауды үйрену, өнердің әр түрінің, соның ішінде атақты суретшілердің накты шығармаларының білімін меңгеру,

Тәрбиелік мақсаты: көркемдік терминдер мен түсініктерді белсенді пайдалануды үйрену;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме

Бұл сабақта гуашь бояуларымен танысу.

Көп балалар мектепке дейін гуашьпен таныс, ал бірқатары - акварельдің нашар сапасымен таныс. Енді сабақта балаларды гуашьпен жұмыс істеуге үйрету керек: өз жұмыс үстелін дұрыс ұйымдастыру (бояу және су қалбыры қай жақта түру керек, қалбырда қанша су болу керек, бояу қалай ашылады, қақпағын қайда қою керек); қандай қылқалам керек және олар қайда жататынын түсіндіру керек, оларды суда қалай жуу керек, оларға бояуды қалай таңдап, бояумен қалай былғанбау керек және шүберек не үшін керек екендігі.

Осындай барлық техникалық және ұйымдастырушылық дағдыларды аяқтап бітіру қажет, кейбір қиыншылықтар негізгі сабақ тақырыбынан ауытқымас үшін. Бояулармен жұмыс эмоциялық боялған өз тұрғысынан мереке болғаны дұрыс. Кез келген үлкен тәжірибелі суретші үшін жаңа бояу қобалжу туғызады, бұл қасиет балаларға да тән.

Әрбір бояу әлденені еске түсіреді (иістер сияқты). Балалар әрқашанда ондай әңгімеге ықыласпен қатысады - ол өмірлік тәжірибеге сәйкес келеді, сонымен бірге онда жаналық сәті бар. Міне, сары бояу - бұл әрине күн, көктемгі бақбақгүл, күзгі жапырақтар түсімен жарқырайды. Ал көк бояу түнгі аспанды еске түсіреді, тұңғиық терең суды - одан бір құпиялық байқалады. Қызғылт-сары - күзгі бақыт-құсы! Жасыл бояу - шөп, жазғы жасыл ағаштар және т. б. Балаларда бұл жағдай ең қарапайым және күтпеген әсер қалдыруы мүмкін. Әрбір түс бізге қандай да бір түйсінуді, еске алуды, міндетті түрде әлденеге ұқсас, әр адамдарда дәл келеді деген түйін қорытындыланады. Әрбір түс біз үшін поэтикалық дыбыс.

Балалар қашанда жаңа бояуларды пайдаланып, олармен танысқысы келеді. Сабақтағы тапсырма - бұл бояуларды сынау. Егер әдемі түрлі түсті кілемше шықса, тіпті жақсы. Көп балаларға сезгіш эстетикалық сезімі бұл бояуларды сынау әдемі, ритмикалық түрде аяқталған парақ шығады. Жақсы нәтижені міндетті түрде байқау және мақұлдап, барлығына көрсету керек. Балалар барлық бояуларды байқап көрсін, олардың қалай "дыбыс шығаратынын" көрсін, өз қалаулары мен тәжірибелері бойынша араластырып көрсін. Алайда бояулар қоспасы туралы арнайы сұрақ бұл сабақта койылмайды.

Сабақ сонында балаларға бояуларды жауып және өз жұмыс орындарын тәртіпке келтіруді үйрету керек.

Практикалық жұмыс. Бояуларды байқау, сабақта бояулармен жұмыс дағдысын жетілдіру.

Тапсырманың І нұсқасы: бояулы кілемше салу (оқулық 30-б.).

Тапсырманың II нұсқасы: әрбір бояу нені еске түсіретінін салу. Бұл түрлі түсті суреттерді мұғалім қиып алып, үлкен қағазға жапсырып, одан жалпы бір жұмыс жасай алады (оқулық ЗІ-б.).

Материалдар: гуашь. ақ қағаз, қылқалам.

Қосымша сабаққа балаларға гуашьпен кемпірқосақты бейнелеуді ұсынуға болады. Сабақтың міндеті - жұмыс орындағы дағдыларды бекіту және бояуларды пайдалану. Сабақтың көрермендік қатары - кемпірқосақ жайында балаларға арналған өлеңдер және осы өлеңдерге иллюстрациялар.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма: нені бейнелеу және нені бейнелемеу керектігін ойлау.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: "Көз жеткісізді бейнелеу (көңіл күй)"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Алғашқы өзіндік шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесін меңгеру,

Дамытушылық мақсаты: ұжымдық шығармашылық дағдысын игерумен біріккен көркемдік іс-әрекеттің әрекеттесуін білу;

Тәрбиелік мақсаты: жазықтық пен көлемді заттағы адам бейнесінің бейнелеуі туралы түсінікті меңгеру;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

(Бейнелеу Шебері балалармен әңгіме кезінде бейнелеуге болатын нәрсенің бәрін тізу (заттар, құбылыс, оқиға, аңдар, адамдар). Көрген нәрсенің барлығын бейнелеуге болады. "Қуаныш немесе мұңды салуға бола ма? - деп сұрау.)

- Қуаныш немесе мұңды салуға болатынын кім ойлап табады? Қуаныш неге ұқсайды? Ол көп түсті, ашық, қою және сұр бола алмайды. Қуаныш сан алуан шашырандыға, көңілді музыкаға, көңілді биге ұқсайды!

Кіріспе әңгіме. Ал қағаз жазықтығына қуаныш қалай сыяды? Бұрыштағы кішкентай қуаныш - бұл нағыз қуаныш емес, бұл дәл кішкентай қуаныш.

Ал мұң қандай түсте? Ол ағымды, бұйығы...".

Егер заттық бейнелеу жолымен, яғни кім қуанышты көңіл-күйді немесе жылағанды салса, немесе өзіне қуаныш әкелетін (сүйікті жануар, ойыншық және т.б.) нәрсені салса, бұл тапсырмаға шығармашылықпен келуі - сендердің жан дүниелерін керсетілді деген сөз. Жұмысты талқылау маңызды: мына суретте қуаныш (немесе мұн) бейнеленгені басқаларға түсінікті ме? Бұл сабақтың маңызы, тек қана заттық әлемді ғана емес, біздің сезім әлемімізді (көз жеткісіз) бейнелеуге болады.

Бұл сабақта музыка үлкен мағынаны құрайды, бейнелеу өнеріне жақын әртүрлі музыкалық образдар бар. Тапсырма бейнелеуде ритмикалық образ құру үшін музыкалық пьесаларды, қарама-қарсы көңіл күйді беруден тұрады.

Практикалық жұмыс. Қуаныш пен мұнды бейнелеу (әрине, әр түрлі қағаз беттерінде). Әрбір оқушы суретті қарсыласты көңіл күйде орындау. Баланы "әдемі-әдемі емес" позициясында талқыламай, суретте қандай көңіл күй шыққанын, кімнің "қуанышы" ең "қуанышты" және себебі неде екенін талқылау.

Бұл тапсырманы "Музыканы тыңдайық" деп атауға болады.

Материалдар: гуашь, қылқаламдар, қағаз.

Музыкалық қатар: көңілді және мұңды әуендер.

Үйге тапсырма: балалар суретші туындыларын (картиналар мен мүсіндер) қашан және қайда көргендерін ата-аналарымен еске түсіріп, ойлау, талқылау.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: "Суретшілер және көрермендер (талдау сабақ)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Қарым-қатынас дағдысын көркемдік ойлар арқылы меңгеру

Дамытушылық мақсаты: көркемдік шығармашылық іс-әрекетіне эмоциялық жағдай туғызу

Тәрбиелік мақсаты: өз жолдастарының шығармашылығы мен өнер туындыларын қабылдаудағы дағдыны қалыптастыру;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Бірінші тоқсанның соңғы тақырыбында көркем мұражайға барған дұрыс. Бұл балалар өміріндегі маңызды оқиға болмақ. Олардың көпшілігі мұражайға бірінші келгендер. Қабырғадағы үлкен картиналар -төл тумалар, репродукция емес. Мұражайға барудың сабақтан кейін де, жазғы демалыс кезінде де реті бар.

Қорытынды сабақта балалар жұмысынан көрме ұйымдастырып. тоқсан бойына балалар нені білгендері жайында әңгіме жүргізуге болады. Балалармен бірге үздік жұмыстары қаралып, тапсырмалар еске түсіріледі.

Сабакқа суретші мен көрермен ұғымы енгізіледі. Суретші болу үшін көп оқу керек. Көрермен болу үшін де оқу керек. Өнер балаларда үлкен әсер қалдыратындай етіп сабақты ұйымдастырған жөн. Олар жақында ғана бояуларды пайдаланып көрді, ал енді бояулар суретші картинасында қалай үндесетінін көреді. Бұл сабақта балалар бірінші рет станокті өнер туындыларымен танысады.

Картина, мүсін, өнер туындылары ұғымы енгізіледі. Ең үздік туындылар мұражайда сақталады және адамдар соны көру үшін арнайы мұражайға барады.

Егер сабақта слайдтарды көрсету мүмкіндігі болса, тіпті жақсы үлкен картина сыныпта үлкен эмоционалдық әсер туғызады және оны бірге талқылау да жеңіл.

Слайдтар көрсету кезінде суретші аты-жөндерін міндетті түрде атау керек, бірақ оларды есте сақтауды талап ету керек емес. Ең бастысы - балаларда туындыларды қабылдауын жинақтау.

Балалар картинада бейнелегенді бірден түсінбейтінін назарда ұстау керек. Көргенімізді үнемі талқылап, образдың негізгі қызығушылығын туғызу керек.

Бұл жастағы балаларда арнайы дамытусыз біртұтас қабылдау болмайды: олар бейнелеулерді текшелерден құрастырғандай қарайды. Бұл ерекшелікті балалар иллюстрациясы шебері ескереді. Картина керісінше "бірден" біртұтас қабылдауға есептелген, тұтас образ ықпалы, содан кейін образдың біздің қабылдауымызда тереңдету мен дамыту. Мұндай қабылдау балаға, оның қиялына қиындық туғызады, кейде картинаның шындық мазмұнынан күтпеген алыстатуды жасайды. Өнерде қызығушылықсыз қабылдау қиялы болмайтынын есте сақтау керек.

Сабақта көп туындыларды бірдей көрсетіп қажеті жоқ мұқият қаралатын үш-төртеуін көрсету керек.

Оқулықта (34-35-бет) А. Еалымбаеваның "Автопортрет" жұмысы берілген. Бұл жерде суретшіде бояу қалай "өмір сүретінін", көп түсті, сан алуан түс көрсетуді ойлаған. Картинадағы сары түс бояулардың ішіндегі басым түс екенін білуге болады.

Репродукция астындағы мәтіндерге ерекше көңіл бөлу керек. Олар қысқа, бірақ оларда балалармен әңгімелескенде тірек бола алатын көрермендер метафора акценті бар. Мұғалім үшін көрермендік метафора түсінігі маңызды: әрине ол балаларға айтылмайды, бірақ оларды үйретуге қызмет етеді. Қабылдау дағдыларын дамыту басталады және ол баланың көркемдік-практикалық жеке жұмыстарымен тығыз байланысты.

Практикалық жұмыс. Әңгіме, өнер туындысын қабылдау дағдысының алғашқы белгілері, ертегі сюжеттеріне арналған картиналармен танысу, балалар жұмыстарын талқылау және қабылдаудың көрермендік шеберлігі.

Көрермендік қатар: В. В. Теляковский "Қойшы", Л.В. Брюммер (1929). "Натюрморт", "Асқабақ", Ә. Қастеев "Бие сауу", Н.И. Тансықбаев "Көктем" және т.б.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


II тоқсан. СЕН СӘНДЕЙСІҢ. СӘНДЕУ ШЕБЕРІМЕН ТАНЫСУ

Сабақтың тақырыбы: "Әлем әшекейлерге толы"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Адам баласының әртүрлі іс-әрекетіндегі суретшінің рөлі жөніндегі білімді алу

Дамытушылық мақсаты: адамдармен қарым-қатынастағы әртүрлі формалар мен заттық дүние мен өмірді жасаушы адамның рөлі жөнінде білу;

Тәрбиелік мақсаты: Өнер түрлері синтетикалық және керермендік түрлеріндегі суретшінің іс-әрекетінін түсінігін меңгеру

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме. Бірінші сабақта Сәндеу Шеберімен таныстыру рәсімі өтеді. Айналамыздың барлығы сәнге толы (оқулық 42-43-6.). Мұғалім әңгіме жүргізеді: "Сәндеу дегеніміз не? Біз кімді және нені сәндейміз? Ал біз неге сәндейміз? Сәндеулер қалай болады? Үйде, көшеде қандай сәндеулер қоршаған? Ал біз ертегілерден қандай сәндеулерді білеміз?".

Адам сәндеулермен адамдар ойлағаннан үнемі және анағұрлым жиі кездеседі. Адам қолымен жасалған әрбір зат қалай болса да сәнді, белгілі бір түске боялған болса да. Сәнделмеген заттар болмайды, бұны көре білу керек. Балалар ең қарапайым және көрнекі сәндеулер жайында ойланады (қыз балалар мен ұл балалар сәндеулері, аналарға арналған, мысықтың бантигі, әдемі өрнектелген ыдыс және т.б.), сәнді қала - ондағы үйлер, көліктер және т. б.

Барлық сәндеулер міндетті түрде бізге әлденені әңгімелейді және бір нәрсені білдіреді. Бұл жайында жете әңгімелеу кешірек, жоғарғы сыныптарда жүргізіледі. Ең бастысы адамдар әдемілікке қуанады және айналасын сәндейтінін түсінеді.

Сабаққа әр түрлі сәнделген тұрмыстық заттарды әкелуге болады және көшеде, театрда, паркте - барлық жерде кездесетін сәндік фотосуреттерді слайдтарды көрсетуге болады. Бір жағынан балаларға қарапайым және кәдімгі заттардың сәнін көрсету керек, яғни олар бұрын сәндігін көрмеген. Екінші жағынан шаттық қуаныш шақыру, ерекше, ашық сәнделген заттармен (сиқырлы ертегіні еске түсіруге болады және т. с. с.) кездескенде балалардың қиялын ояту.

Практикалық жұмыс. Әңгіме.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Үйге тапсырма: өз үйіндегі және көшедегі сәндеулерді қарау.

Сабақтың тақырыбы: "Гүлдер"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Өзіндік байқағыштық және тану қабілеттіліктерін дамыту

Дамытушылық мақсаты: табиғаттағы эстетикалық құбылыстарға деген сезімдік ықыластық және адамның іс-әрекеті

Тәрбиелік мақсаты: Көркемдік- шығармашылық іс-әрекеттің накты формаларының пайда болуында елес пен қиялды дамыту;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Балалар 1-сыныпта бейнелеу өнері сабағында практикалық жұмыс болмаса, көңілдері толмайды. Сондықтан "Гүлдер" сабағы өзіндік сабақ бола алады, бірінші тақырыптың практикалық бөлімі етіп те алуға болады.

Гүлдерді Сәндеу Шеберімен бірге қараймыз: олар біздің барлық мерекелерді, өміріміздегі барлық оқиғаларды сәндейді. Гүлдерді Жердің сәні деп атауға болады! Олар шексіз әртүрлі - салтанатты, нәзік те көңілді. Кейде мұңды болып көрінеді, ал кейде құпияға толы. Біреуі шарға ұқсайды, ал кейбіреулері шашыраған жұлдыздарды еске түсіреді. Олар сан алуан боялған (окулык, 46-6.).

Практикалык жұмыс. Ертегілік гүлді ойлап, сал.

Материалдар: гуашь, қылқаламдар, қағаз.

Практикалық сабақта гуашьпен жұмыс істеу дағдысын дамыту жалғас- тырылады. Балалардың назарын қылқаламмен жұмыс істеу тәртібіне аудару керек, ал күлтелері ұзын, екпінді және дөңгелек болады; гүлдердің өзегі әр түрлі - жолақты, дөңгелек, жарқыраған ашық тамшыдан тұруы мүмкін. Үлкен күлтелер қылқалам қозғалысы кен, ал кішкентай гүлдер - қылқалам жылдам жағыспен қозғалады.

Сабақтан кейін, жұмыстар кепкенде, балалар келісімімен қиып алып, ортақ, ұжымдық гүлдер себетін (оқулық, 47-6.) жасауға болады. Мұғалімнен гүлдердің өз орындарын табуды қою шеберлігі қажет етіледі.

Тапсырманың бекіту нұсқасы: мұғалім балаларға түрлі түсті қағаздан үлкен жөне қолапайсыз кесілген гүлдер дайындығын таратады (немесе балалар өздері кеседі), ал содан кейін бояу мен қылқалам көмегімен сәндейді. Бұл жағдайда гүлдер кәрзенкесін сабақта да жасап үлгеруге болады.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: "Сұлулықты байқай білу қажет"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Мүмкіндігіне қарай көркемдік материалдардың мәнерлілігін меңгеру;

Дамытушылық мақсаты: Әртүрлі өнер түрлерінен алғашқы көркемдік қабылдау дағдысына әдеттену;

Тәрбиелік мақсаты: адам өмірінің қоғамдық маңызы, олардың әлеуметтік рөлі, өнердің әр түрінің бейнелі тілінің алғашқы ерекшеліктерін түсіну;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Егер өткен сабақта заттар әлемі, адамдардың заттары туралы, олардың қалай сәнделгені жайында әңгіме болса, бұл жерде табиғат әдемілігі жайында әңгіме болады Сәндеу Шебері қайран қалдыратын табиғат әлеміне алып келеді.

Байқағыштықты дамыту, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан белсенді көру, табиғат құбылысындағы әдемілік сергектігі маңызды тапсырма болып табылады. Байқағыштықты дамытусыз, эстетикалық ұйымдастыру тәсілдерінсіз көркемдік шығармашылыққа үйрету мүмкін емес, өнер туындысын эстетикалық шеберлігі, яғни мәдениетке сапалы кіру мүмкін емес.

Біз оқулықтан (44-45-6.) әртүрлі табиғат құбылыстарын көреміз. Ал оларды Сәндеу Шебері қалай көреді? Мұғалім балаларға оқуға мәтін береді (немесе әңгімелейді). Онда екі мағына: әдемілікті көруді үйрену керек, бұл шеберлік; әдемілік ашық көзге ұрып тұратындай ғана емес, тыныш, қатал, нәзік болады.

Балалар оқулықтағы фотосуреттерді қарайды. Әрине, егер мұғалім басқа да материалдарды, әсіресе слайдтарды көрсетсе жақсы болар еді және балалар өздерінін жеке әсерлерін еске алады. Балалардың өзіндік өмірлік тәжірибелеріне үнемі сүйенген өте маңызды, ал оқулықтағы бейнелеулер бұған тірек сәттері болады.

"Сұлулықты байқай білу қажет" тақырыбын "Сәндеу Шебері табиғаттан үйренеді" деп өзгертуге болады. Киви немесе қызылша кесілгендегі нақышты өрнекке Сәндеу Шебері қарап, қалай таң қалды? Мына ғажайып көлбақа неге әуестенеді? Ырғалған қысқы бұтақ өрнектерінен ол қандай әдемілікті көреді?

"Сұлулықты байқай білу қажет" тақырыбы практикалық тапсырмалардың тұтас қатарын біріктіреді

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: "Қанаттар өрнегі"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Өнер шығармаларын талдауды үйрену, өнердің әр түрінің, соның ішінде атақты суретшілердің накты шығармаларының білімін меңгеру

Дамытушылық мақсаты: байқағыштықты дамыту, эстетикалық әсер тәжірибесін табу және бейнелеу қызметінің жаңа дағдылары.

Тәрбиелік мақсаты: көркемдік терминдер мен түсініктерді белсенді пайдалануды үйрену;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Жазғы көгалда ұшып жүрген тамаша және әрқашан мейірбан көбе- лектердің әдемілігіне барлық балалар қуанған болу керек. Мұғалім сабақта олар туралы әңгімелеуге уақыт кеткенінен қорықпау керек.

Бұдан кейін балалар Сәндеу Шеберімен бірге көбелектердін әсем өрнектерін тамашалайды. Патшайым - көбелектер, әсем де нәзік сыпайы көбелектер, сырға толы көбелектер... Түстердің үйлесуі, қанаттардағы өрнектердің орналасуы көбелекке ертегілік образ береді.

Мұғалім балалармен қанаттардағы өрнектер поэзиясын талқылайды және сол уақытта қылқалам және бояуды пайдалануды үйретеді. Балалар алты-жеті жастарында ұзақ қарауға жеткілікті қабілетті болады, егер оларға поэтикалық тұрғыдан, яғни құбылыстың эмоционалды-мазмұнды мағынасын көруге көмектессе. Мұғалім балалармен бірге Сәндеу Шебері көзімен қарайтындығын ұмытпауы керек.

Көбелек пішініне назар аудармау мүмкін емес. Кебелекте қанша қанат барын ой-лайық Олар екеу емес, төртеу. Көбелекті салу үшін балаға симметриядан алшақтап талқыламау жеңіл, өзін көбелек рөліне қою керек. Алдарындағы қолдар қанатқа айналады. Бала ұшып бара жатқандай қимыл жасауы керек, сонда қолдар жоғары көтеріледі (жан-жағына емес). Қанаттар да осылай (әйтпесе көпшілігі жабырқаулы түрде салып, содан кейін көбелек сала алмағандарына көңілдері түсіп қалады). Ал көбелектің төменгі қанаттары мерекелік юбкаға (белдемшеге) ұқсайды.

Практикалық жұмыс: көбелек қанаттарын сәндеу.

Материалдар әртүрлі болуы мүмкін: оқулықта (50-51-б.) кескіндеме және графикалык балалар жұмыстары берілген. Тандау мұғалімнің еркінде.

Тапсырманың қарапайым нұсқасы: түрлі түсті қағаздан кесілген дай- ындамаларды тарату. Тапсырма бұрынғыдай - көбелек қанаттарын сәндеу.

Өрнектердің орналасу ритміне назар аудару керек (жиегі, жолағы, көзге ұқсас, ұсақ және ірі дақтар, шық тамшысымен).

Қосымша сабақтар үшін әр түрлі араны, түкті араны, инелікті қарауға болады және "Шыбын-цокотухадағы мереке" сияқты ұжымдық жұмыс жасау.

Үйге тапсырма: кітаптар мен журналдардан әр түрлі жәндіктерді табу және Сәңдеу Шеберімен бірге қарау.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: "Құстарды әшекейлеу"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Алғашқы өзіндік шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесін меңгеру,

Дамытушылық мақсаты: ұжымдық шығармашылық дағдысын игерумен біріккен көркемдік іс-әрекеттің әрекеттесуін білу;

Тәрбиелік мақсаты: әлемдегі заттын бейнелеу дағдысын меңгеру

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Әлемде барлығы сәнді және тектен-тек емес. Ал егер құстарда өрнексіз, бірдей сұр қанаттар болса ше? Мына әлем қызықсыз болар еді? Құстар өте сан алуан бір-біріне ұқсамайды. Сәндеу Шебері құстарды қарауға көмектеседі, олардың түрлі түсті өрнегіне ғана емес, айдарларының пішініне, құйрығының қауырсынына, аяқтарына де назар аудару керек. Құстардың әшекейінен олардың мінез-құлқы көрінеді. Ол қандай - көнілді, жылдам, маңызды?

Практикалық жұмыс. Сонді құстардың көлемді аппликация техникасындағы бейнелеулері.

Материалдар: әртүсті және әр түрлі фактуралы қағаздар, қайшы, желім.

Практикалық жұмыс кезінде көлемді техникалық аппликациямен балалар қағазды игеру амалдарың біледі, ал бұдан басқа - фактураны еркін пайдалану, бір-біріне жабысқан, бұралған, құстар образынын ұштасқан детальдарды құру ете маңызды. Мұндай жұмыстар сәндік сезім материалын біріктіруді дамытады.

Қосымша тапсырма немесе нұсқа: Ұжымдық жұмыстар құру - "Әтеш" панно-коллажы, "Бақыт құсы" немесе "Сәнді құстар" панносы. Бұл жерде ақ пен түрлі түсті қағаз емес, матаның қалдығы, фольга, ине, түймелер де пайдаланылады.

Көрермендік қатар: слайдтар және әр түрлі құстардың бейнелеулері бар кітаптар.

Музыкалық қатар: сәндік сәттегі, ашық мәнерлі халық әндері мен балалар әндері (қоңырау үні, құстар әніне ұқсату).

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Үйге тапсырма: табиғатта тағы да қандай сәндеулер кездесетінін ойлау.

Сабақтың тақырыбы: "Әдемі балықтар"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: жануарлар мен өсімдіктердің, кеңістіктегі, жазықтықтағы және кеңістіктегі құруларды бейнелеу дағдысын, жазықтық пен көлемді заттағы адам бейнесінің бейнелеуі туралы түсінікті меңгеру

Дамытушылық мақсаты: Қарым-қатынас дағдысын көркемдік ойлар арқылы меңгеру,

Тәрбиелік мақсаты: көркемдік шығармашылық іс-әрекетіне эмоциялық жағдай туғызып, сондай-ақ өз жолдастарының шығармашылығы мен өнер туындыларын қабылдаудағы дағдыны қалыптастыру;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Табиғатта шамалап және күтпеген әдемілікті мәнерлі мүмкін бедермен танысу жалғасады. Балалар Сәндеу Шебері ұстанымымен әдеміліктің әр түрлі бет жағын көруді үйренеді: ағаштардың қабығы, судағы бұлдырықтар, тастар; олардың фотосуреттерін көрсетуге болады, мысалы жылан терісі немесе кесіртке, өсімдік жапырағы, бұдырлы және тегіс бақалшықтар... Айналамыз әр түрлі ғажайып өрнектерге толы, және оларды кере білу керек.

Дегенмен, балаларға практикалық жұмысқа неғұрлым көрнекті және нақты сюжеттерді берген дұрыс - мысалы, әдемі балықтың сыртқы денесін жапқан өрнекті қабыршағын қарау да жеткілікті.

Практикалық сабақ: балық қабыршағын өрнектермен әсемдеу. Моно- типті техника орындалады танбаның түрлі түсті немесе бірсарынды фактурасы, графикалық материалдармен салынып аяқталады (оқулық 55-б.).

Қағаз парағы тен етіп бүктеледі. Бір жағына бала өз көзқарасы бойынша әдемі түрлі түсті екі-үш бояумен дақ салады және ете қою емес. Содан кейін парақтың екі жартысы да бүктеледі, үстелге қолмен қысылады. Біріншіге қарағанда мүлдем басқа таңба шығады. Күтпеген фактура пайда болады. Әдетте, балалар әдемі болып шықса, қуанып және таң қалып жатады. Бұл дақтан бәрін көруге болады, ең жеңілі - балық. Бұл түстің жайылып және төгіліп кетуіне септеседі.

Практикалық жұмыс бөлімін осыдан бастау керек. Таңбаның күтпеген фактурасын қарап, мұқалім әңгімені әдеміліктің әртүрлілігіне алып келеді және слайдтарды көрсетеді. Әзірге таңба кебеді.

Жаңа әсерлер балаларға жұмысты жалғастыруға алып келеді. Оларға балықты аяқтап салу керек: көзін табу керек желбезек саңылауын, құйрығы, қанаттарын салу, балық қабыршағын өрнекпен жабу. Осы жерде графикалық дағдылар жетілдіріледі, әдемілік фактурасымен қашанда тығыз байланысты. Қабыршақ бұйра жолаққа әртүрлі мөлшер дөңгелектер, су мен құм жалына, жеңіл көпіршікке немесе ұсақтастарға ұқсайды және т. б.

Материал: біртүсті фломастер немесе гельді қалам. Қосымша сабақта графикалық дағдыларды жетілдіруге және материалға баска түрге тапсырма беруге болады. Балаларға әр түрлі ұсақ тастардан өз есімінің бірінші әрпін салу ұсынылады. Қара фломастермен (гельді қалам) ғана салу керек. Ал шарты мынандай: екі бірдей ұсақ тас жоқ бәрі әртүрлі, яғни олардың әрқайсысының графикалык суреті бар.

Үйге тапсырма: адам өзін неге және қалай сәндейтінін ойлау.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: "Адамдар құрастырған өрнектер"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Адам баласының әртүрлі іс-әрекетіндегі суретшінің рөлі жөніндегі білімді алу,

Дамытушылық мақсаты: адамдармен қарым-қатынастағы әртүрлі формалар мен заттық дүние мен өмірді жасаушы адамның рөлі жөнінде білу;

Тәрбиелік мақсаты: Өнер түрлері синтетикалық және керермендік түрлеріндегі суретшінің іс-әрекетінін түсінігін меңгеру

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Сабақ әңгімелесуден басталады.

"Біз табиғатта көптеген әдемі өрнектерді көрдік, - дейді мұғалім. - Бізді Сәндеу Шебері көруге үйретті. Адам табиғатқа бағдарлай қарап, одан үйренеді, бірақ өзінің тамаша әшекейін - ою-орнектерін құрайды. Адамдар көптеген өю-өрнектер жасайды және олар өте сан алуан.

Қазақ халқының ою-өрнектері қандай әдемі болатынына балалар таңғалғанын қалаймыз.

Ою-өрнектерге мұқият қарау керек: олар қалай жасалған, неден тұрады. Бірақ қайталау бүгінде ең бастысы емес, ең бастысы - адамдар жасаған өрнектердің әдемілігі мен әртүрлілігі.

Ою-өрнектер не үшін қызмет етеді, біз олармен қайда кездесеміз? Балаларға слайдтар ғана емес, "тірілей" сәнделген заттарды көрсеткен дұрыс. Балалардың өмірлік тәжірибелеріне, олардың көрген әдемі өрнектелген заттарынан алған әсерлеріне міндетті түрде сүйенген дұрыс.

Практикалық жұмыс. Өз ою-өрнегіңді ойлау. Әрбір бала онымен сәндегісі келеді, ол не үшін керек?

Практикалық тапсырманы орындау үшін келесіні есте сақтау керек.

Біріншіден, ою-өрнек әрқашан нақты бағытта - қандай да бір затты сәндейді (мысалы, ыдысты, матаны, кілемді, орамалды, үйдің қақпасын және т. б.).

Екіншіден, бала ою-өрнектің жұмыс деталын емес, образын құрып, тапсырманы орындайды. Ортадағы немесе жолдағы қиын емес мотивті қайталау қажет емес. Ғажайып туындыны тамашалай отырып, бала өзі де ерекше нәрсе жасағысы келеді, ол бұл үшін әсерін игеру әдісі. Балаларға әртүрлі түрлі түсті, ашық және қою қағаздан дөңгелек, тікбұрыш, квадраттар таратып берген дұрыс. Балалар алған әсерлері бойынша қағаздың барлық жерін қылқаламмен бояйды. Сабақ олардың алған білім мен дағдыларын қалыптастырады.

Материалдар: түрлі түсті қағаздар, гуашь, қылқаламдар.

Көрермендік қатар: әртүрлі ою-өрнектер.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Үйге тапсырма: үйдегі заттардан ою-өрнектер тауып, қарау.


Сабақтың тақырыбы: Киіз үйдің ішкі көрінісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Өнердің мына түрлері бойынша алғашқы көркемдік жұмыс дағдысына әдеттену

Дамытушылық мақсаты: Өзіндік байқағыштық және тану қабілеттіліктерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: табиғаттағы эстетикалық құбылыстарға деген сезімдік ықыластық және адамның іс-әрекеті;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Әңгіме Сәндеу ІІІебері атынан жүргізіледі: "Ал адам өзін-өзі қалай сәндейді? Әр түрлі адамдарда қандай сәндеулер болады? Адамдар өзін қашан және не үшін сәндейді?".

Біз бұл сабақта ертегілерге көңіл аударамыз. Біз сияқты ертегі кейіпкерлеріне де сәндену керек. Еске түсірейік. Мысалы "Күн астындағы Күнкей қыз", "Сұлу Баян" Золушканың басына Фея қалай дайындалды: көрнекі карета, балдык көйлек, туфли. Ал мысык өз етігін қызылмен сәндейді. Неге? Маңызды адам болып көріну үшін, бұл қарапайым адамдар жалаңаяқ жүреді, ағаш бәтеңкемен немесе шабатамен жүреді. Ал Қызыл Телпектің басты сәні - телпегі - басқа қыздардан бөлектеп тұрады.

Мұғалім белгілі ертегі, мультфильм кейіпкерлері слайдтарын көрсетеді, балалар олардың костюмдерінен, әшекейлерінен таниды. Сәндеу Шебері көмектеседі, балалар суреттерінде сол әшекейлер, белгілер, кім бейнеленгенін анықтайды.

Практикалық жұмыс. Белгілі ертегі кейіпкерлері бейнесі (Золушка, Мысық, Буратино, Қызыл Телпек және т. б.). Кейіпкерді ең басты әшекейінен тануға болады. Әшекей айналадағыларға өзікнік кім екенінді айту үшін керек.

Материалдар: гуашь, қылқаламдар, түрлі түсті қағаз.

Балаларға әр түрлі түрлі түсті қағазды ұсынған дұрыс, оларға әрбір кейіпкер үшін қандай фон керек екенін анықтау үшін. Ақ түспен балалар жұмыс істей алмайды. Бейнелеу қағаздың барлық пішінінде қылқаламмен жасалады.

Көрермендік қатар: белгілі ертегі кейіпкерлері мультфильмінен үзінділер немесе иллюстрациялар.

Әдебиеттік қатар: ертегі кейіпкері сыртқы бет-бейнесі фрагменті және оның өзіндік белгі-әшекейлері.

Қосымша сабақ үшін нақты ертегі таңдалынады, Сәндеу Шебері басты кейіпкерлерді қарап,суретін салуға көмектеседі.

Үйге тапсырма: балалар кітаптары иллюстрациясынан әр түрлі ертегі кейіпкерлерінің әшекейін табу.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: "Сәндеу Шебері мейрамды қарсы алуға көмектеседі"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Көркемдік- шығармашылық іс-әрекеттің накты формаларының пайда болуында елес пен қиялды дамыту;

Дамытушылық мақсаты: Мүмкіндігіне қарай көркемдік материалдардың мәнерлілігін меңгеру;

Тәрбиелік мақсаты: Әртүрлі өнер түрлерінен алғашқы көркемдік қабылдау дағдысына әдеттену;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Екінші тоқсан аяғында Жаңа Жылға дайындық кезені басталады. Ал Сәндеу Шеберінсіз мерекелеу мүмкін емес - тек қана сол ерекше және көңілді өткізуге, мерекені басқа күндерден айрықшалайды.

"Жаңа жылдық карнавалға дайындаламыз" тақырыбы

Бұл жерде балаларға орындауға қолайлы және әрбірінін өзіндік шығармашылығын танытатын тапсырманы ойлаған өте маңызды.

Практикалық жұмыс. Карнавалдық бас киімдер жасау. Балаға қалың түрлі түсті қағаздан (көшірме қағаздары) лента жасап, оны степлермен жабыстырып, басына киетіндей шеңбер жасауға көмектесу керек. Бұл бас киімнің негізі. Бұдан әрі табиғатта кездестірген құстар, көбелек және т. б. тамаша әшекейлерді, тіпті ертегі кейіпкерлері әшекейлерін еске түсіру керек.

Енді әртүрлі түрлі түсті қағаз, желім және қайшы көмегімен фантастикалық тәжбен масқа жасауға болады. Шеңбер лентасына жұлдызшалар, құлақтар, құйрық, әр түрлі салпыншақтар (оқулық 60-61-б.) жабыстыруға болады. Бұл жерде қағаздан жасаған гармошкалар, бұралған жолақтар - ең қарапайым құралдарды пайдалану арқылы үлкен қиял таныту керек.

Балалар қағазбен жұмыс шеберлігін, дизайндағы алғашқы дағдыларын дамыту шығармашылығы мен сан алуандығын, кеңістікте образдық ұйымдастыру дағдылары шеберліктерін меңгереді.

Бас киім үшін шеңбер орнына цилиндрді алып, оны бояуға болады. Сыныпта цилиндрді маскаға айналдырып қажеті жоқ, оның көзін ойып жасау керек, ал сынып жұмысында кішкентай балалармен қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей: карнавалдық бас киім жасаудың ең қолайлы, қарапайым және тиімді тәсілі - шеңберді әшекейлеу.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: "Мерекелік гүлтізбектері мен ойыншықтар"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: адам өмірінің қоғамдық маңызы, олардың әлеуметтік рөлі, өнердің әр түрінің бейнелі тілінің алғашқы ерекшеліктерін түсіну;

Дамытушылық мақсаты: Өнер шығармаларын талдауды үйрену, өнердің әр түрінің, соның ішінде атақты суретшілердің накты шығармаларының білімін меңгеру

Тәрбиелік мақсаты: көркемдік терминдер мен түсініктерді белсенді пайдалануды үйрену;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

"Сәндеу Шебері мейрамды қарсы алуға көмектеседі" тақырыбына жалғаса балалар Жаңа Жылға өз сыныптары мен үйлерін сәндейді.

Практикалық жұмыс. Жаңа жылдық гүлтізбектері мен ойыншықтар жасау.

Материалдар: түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, жуан инелер немесе мөлдір жабысқақ лента (скотч), мұғалім үшін - степлер.

Жаңа жылдық ойыншықтар жасау үшін, балаларға түсті қағаздан тікбұрышты қағаздар таратып, олардан цилиндр - түтіктер желімдеу керек. Ал енді оған құлақтар, құйрық пен айдарлар жабыстырып, не болса соған айналдыруға болады. Тапсырма карнавалдық тәж жасауға ұқсас (оқулық, 63-65-б.).

Бұл тізбектері үшін түрлі түсті қағаздан квадраттар мен жолақтар керек. Бірдей екі квадратты бірінін үстіне қойып, тең етіп бүктейді, тағы да бүктейді. Енді дөрекі қиялмен тілік жасап, оларды түзетеді. Осыдан шыққан жұлдызша немесе акшақарды ақ жағын қаратып желімдеп, желім немесе скотчпен өткізу керек. Мөлдір жабысқақ лента жұмыстың ұнамсыз жағын әсемдейді және желім мен инені алмастыра алады. Гүлтізбектер, әрине әртүрлі тәсілмен жасалуы мүмкін, мысалы қағаз сақиналардан. Дегенмен ұсынылған нұсқаның өзіндік құны - әрбір бала жұлдызшаны өзінше кеседі, тіпті бұл жұлдызша да болмауы мүмкін, көбелек, балық, құс немесе саңырауқұлақ (не болса да) болуы мүмкін. Бұл жерде қарапайым қолайлы амал және бітпейтін шығармашылықты қолдану.

"Сәндеу Шебері мейрамды қарсы алуға көмектеседі" тақырыбы екінші тоқсанды аяктайды. Қорытынды сабақ Жаңа Жыл қарсаңында өтеді, сондықтан ол мерекелі болу керек. Сыныпта балалар жасаған гүлтізбектер, шырша әшекейлері ілінеді, тоқсан барлық сәтті жұмыстары; балалардың басында тәж. Екі Шебер де - Бейнелеу мен Сәндеу Шеберлері қатысады. Олар балалар жұмысына кім қалай және көп көмектесті деген талқылауда дауласып қалулары мүмкін.

Практикалық жұмыс. Достаса білетіндерге мереке - ұжымдық панно "Жаңа жылдық шырша". Бұл жерде басты тапсырма бірлескен қызмет, жұмыстардың бөлінуі, ортақ нәтижеге талаптану.

Панно коллаж техникасында, яғни материалдардың бірігуінен орындалады. Шырша гуашьпен боялуы мүмкін, оған балалар жасаған ойыншықтар ілінеді; ойыншықтардын бір бөлегі боялған. Егер нағыз шыршаны немесе шырша бұтақтарын әсемдеу керек болса, Шеберлерді қатыстырып, олардың рөлін талқылау керек.

Материалдар: үлкен қағаз парағы, түрлі түсті және әр түрлі қағаз, серпантин, мата кесінділері, инелер, желім, скотч, қайшы, гуашь, қылқаламдар.

Көрермендік қатар: тоқсан бойында орындалған балалар жұмыстары.

Музыкалық қатар: Чайковскийдің "Щелкунчик" балетінен үзінділер.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


III тоқсан. СЕН ҚҰРАСТЫРАСЫҢ. ҚҰРАСТЫРУ ШЕБЕРІМЕН ТАНЫСУ


Сабақтың тақырыбы: "Біздің өміріміздегі құрылыстар"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Алғашқы өзіндік шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесін меңгеру,

Дамытушылық мақсаты: ұжымдық шығармашылық дағдысын игерумен біріккен көркемдік іс-әрекеттің әрекеттесуін білу;

Тәрбиелік мақсаты: әлемдегі заттын бейнелеу дағдысын меңгеру, жануарлар мен өсімдіктердің, кеңістіктегі, жазықтықтағы және кеңістіктегі құруларды бейнелеу дағдысын, жазықтық пен көлемді заттағы адам бейнесінің бейнелеуі туралы түсінікті меңгеру;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Құрастыру Шеберімен танысу - бұл көркемдік құрылымдық қызметтің негізі мен танысу.

Әрбір бала әлдене құрастырады - текшелерден, құмнан, қардан... Бұл адамның ежелгі қасиеті - өз өмірі үшін ойлау, құрастыру. Адамдар үйлер, ауылдар, қалалар салады. Парктер мен бақтар салады. Бірақ заттарды да салу керек. Мысалы, автокөлік. Әрине, онымен жұмыс істейді, оны инженерлер жетілдіреді, бірақ машина қалай болатынын суретші ойлап табады, оған пішін береді. Ертеде, алғашқы машиналар өзі қозғалатын күймеге ұқсас болды, одан кейін паровозға ұқсас жасалатын болды. Ал бүгінде автокөлік пішінінде жеңілдік, талпыныс бар. Әрбір автокөлік пішінінде өз ерекшелігі бар - бұл жерде Құрастыру Шебері көмегінсіз мүмкін емес. Бұл барлық бұйымдарға қатысты - ыдысқа, жиһазға, мысалы үйдегі пердеге де (оқулық 66-67- б.).

Құрастыру Шеберінің басты бағыты - үйдің қалай болатынын және қалай құрастыру керек екенін ойлап табу.

Мұғалім келесі сабақ тақырыбымен байланысты әңгіме өткізеді. Дегенмен егер уақыт болса, "Өзіне және достарына арнап үй сал" тақырыбына қосымша практикалық тапсырма беруге болады ("Тамаша үй! Қалай ойлап табуға болады. Ертегідей, мұндай мүмкін болмайды!" - мұғалімнің міндеті баланың қиялын және қабылдау белсенділігін жұмылдыру).

Материалдар: түрлі түсті борлар.

Бейнелеу Шебері үйді салуға көмектеседі, Сәндеу Шебері - сәндейді, үйдің қалай болатынын Құрастыру Шебері ойлап табады.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақтың тақырыбы: "Үйлер әр түрлі болады"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Қарым-қатынас дағдысын көркемдік ойлар арқылы меңгеру,

Дамытушылық мақсаты: көркемдік шығармашылық іс-әрекетіне эмоциялық жағдай туғызып, сондай-ақ өз жолдастарының шығармашылығы мен өнер туындыларын қабылдаудағы дағдыны қалыптастыру;

Тәрбиелік мақсаты: Адам баласының әртүрлі іс-әрекетіндегі суретшінің рөлі жөніндегі білімді алу, адамдармен қарым-қатынастағы әртүрлі формалар мен заттық дүние мен өмірді жасаушы адамның рөлі жөнінде білу;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Егер дайындығы жоқ балаға үйдің суретін салуды өтінсе, көбіне ол төбесінде мұржасы бар текше-үйшікті салады, өмірде оған ұқсас үйді көп көрмесе де. Сондықтан үйлердің әртүрлі болатыны жайында әңгімелескен дұрыс. Олардың жеке тәжірибесіне сүйеніп, олар білетін ерекше бір әдемі үйлер жайында айтып беруді сұрайды.

Мұғалім Құрастыру Шебері көмегімен балалармен бірге фантастикалық слайдтар мен фотосуреттерді емес, шынайы сурет туындыларын көреді (оқулық, 68-69-б.). Сәулет образының алуан түрлілігі балалардың таңданысын тудыруы керек. Бұл стандартты құрылыстар арасында тұратындар үшін маңызды. Үйлер биік және аласа, күтпеген пішінде, бағанасы, мұнаралы, баспалдақтармен, дәліздермен... Құрастыру Шебері әртүрлі үйлер әртүрлі мақсатқа қызмет ететінін түсінуге көмектеседі: тұратын үйлер, жұмыс істейтін мектеп, дүкен, сарайлар, мұнаралар, театрлар және шіркеулер. Әр түрлі үйлер әр түрлі жұмыстар үшін керек.

Балалар әр түрлі құрылыстарды суреттеуге тырыссын. Тұтас үйге назар аудару керек, ал содан кейін міндетті түрде оның бөліктеріне, детальдарын атауын сұрау керек. Әйтпесе көпшілігі практикалық жұмысты орындау кезінде абдырап қалады.

Үй қандай бөліктерден тұрады? Әрбір үйде қабырға, төбе, фундамент болады, есігі, терезесі... Олар қандай болады? (оқулық 2-б.). Сонда ғана балаларда бірқатар сәулеттік әсер пайда болады, практикалық жұмысқа өтуге болады.

Оқулықта белгілі суретші-иллюстраторлардың ертегілік үйлерінің бейнелері берілген. Үйлерді қарап, талқылау керек: олар неге сондай, онда кім тұрады. Мұғалім үйдің иесіне қандай детальдардан және бөліктерден тұратыны туралы сұрақ береді. Әр түрлі тұрғындар үшін - әр түрлі үйлер. Мысалы, Е. Қожабаевтың "Мынау не?" деген балалар сөздігіне салған суретіндегі "Алмадан жасалган үй құрылысы" А. Иманғалиеваның ертегілерге салған үйлерінің құрылысымен таныстыру тіптен ғажап. Бұл сабақта ертегілік құрастыруларға көңіл бөлген орынды және бұдан былайғы екі сабақта да, бірақ қатарынан үш рет емес (мұғалім өзіне қолайлы нұсканы тандайды).

Практикалық жұмыс. Үй ойлап тауып, оны мөрдің көмегімен бейнелеу.

Бұл тапсырма үшін мөр өте үйлеседі, себебі үйдің суретін мөрдің көмегімен жинет, құрастыруға болады. Бұл балаға пішінді ойлап табу мен барлық детальдар қатысы мүмкіндігін береді. Сонымен бірге бұл техника жұмысты аяқтап, табысқа жетуге рұқсат береді.

Мөрдің орнына сіріңке қораптарын немесе басқа да кішкентай қорапшаларды, тікбұрышты өшіргіштер мен кез келген қақпактарды алуға болады. Бір түстегі аз ғана гуашты ыдыска немесе қақпаққа салу керек. Балаларға ашық түстегі қағаз парақтарын таратқан дұрыс, бірақ ақ және кішкентайын емес.

Материалдар: қағаз, гуашь, мөрдің орнына қорапшалар мен қақпақтар.

Көрермендік қатар: құрылысшы-қиялшылдар туралы балалар өлеңі

Үйге тапсырма: кітаптардан сондай қызық салынған үйлерді табу; балалар кітаптарымен ертегі үйшіктері бейнеленген суреттемелерді табу.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: "Табиғат салған үйшіктер"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Өнер түрлері синтетикалық және керермендік түрлеріндегі суретшінің іс-әрекетінін түсінігін меңгеру

Дамытушылық мақсаты: Өзіндік байқағыштық және тану қабілеттіліктерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: табиғаттағы эстетикалық құбылыстарға деген сезімдік ықыластық және адамның іс-әрекеті;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Құрастыру Шебері де, өзінің Ағайынды - Шеберлер секілді, табиғаттан үйренеді. Ін және қуыс, құстың ұясы, бақалшық, тасбақа сауыты - бұның бәрі табиғаттың үйлері. Жабайы ара да, жай ара да үй салады, ал құмырсқа үй ғана емес тұтас қаласалады. Түйін-үйшік дәнді, олар өскенше жасырады, ал содан соң қауыз ашылады, да дөп өсе береді.

Құрастыру Шебері қайда қарасада үйлерді көреді. Мысалы саңырауқұлақ. Ал егер мұны үй деп ойласақ ше? Ал мүмкін алма немесе алмұрт үй бола алатын шығар. Алмұртта екі қабат: төменгі қабат - үлкен кеспегі, жоғарғы қабат - кішкене бөлігі шығар. Ал егер киярдан үй жасаса, онда оны қырынан жатқызып, онда ұзын дәліз немесе көп кіре берістер, ал ішінен әдемі галерея салуға болады және т. б.

Бұл жерде балалар ертегілеріндегі иллюстрацияға жүгінуге болады, мысалы "Озбыр кірпі" туралы ертегіні еске түсіруге болады.

Тапсырма қиялдау қабілетін дамытудан ғана тұрмайды, және де балалардың сезшін, талдау шеберлігін дамыту, белсенді қиялды талап етеді. Үйдің қалай салынғанын түсіну үшін, яғни онын құрылымын білу (ішкі пішіні мен олардың пропорциясы).

Практикалық жұмыс. Жемістермен көкөністер пішініндегі ертегідей үйлерді жабыстыру.

Материалдар: пластилин, стектер, шүберек, тақтайша.

Сабақ соңында мұғалім жабыстырылған үйлерден ертегі қаласын құрастырады.

Көрермендік қатар: Н. Мұхамеджанов 'Түлкі, тасбақа және кене" ергегісі, "Озбыр кірпі" ертегісі, Е. Қожабаев "Мынау не?" балалар сөздігіне салынған сурет.

Музыкалық қатар: мультфильм музыкасы немесе "Чиполлино" балеті.

Үйге тапсырма: табиғаттан тағы қандай үйлер көруге болатынын ойлап табу.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы: "Сырты және іші"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Көркемдік- шығармашылық іс-әрекеттің накты формаларының пайда болуында елес пен қиялды дамыту;

Дамытушылық мақсаты: Әртүрлі өнер түрлерінен алғашқы көркемдік қабылдау дағдысына әдеттену;

Тәрбиелік мақсаты: адам өмірінің қоғамдық маңызы, олардың әлеуметтік рөлі, өнердің әр түрінің бейнелі тілінің алғашқы ерекшеліктерін түсіну;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Үй көшеге қарап тұр, бірақ үйдің ішінде тұрады. "Іші" мен "сырты" бір-бірімен өте байланысты. Сыртқы көрінісінен, үйдің іші қалай екенін ойлауға болады.

Үйдің ішінде не бар? Жаңа, таныс емес үйге қонаққа кірген қалай қызықты, ал таныс, сүйікті үйге тағы да кіргін келеді. Үйдің іші әр түрлі: жанға жайлы үй тұрмыстарындағы үй және қонаққа арналған залдары сарай үйлер, театр және мұражай, т. б., мысалы мектеп, дәмхана, дүкен, т. б.

Бұл тақырып өткен тақырыптармен тығыз байланысты, уақыттап шынығып болса оларды жалпы практикалық жұмыста біріктіреді. Балалар үйлерінде көкөністерден қуана ойлап тауып қана қоймай, өзінің сүйікті заттарын орналастырады, мысалы, бәтеңке, шәйнек, үтік. Практикалық жұмыс үшін үлкен акварель (немесе гуашь, егер бояу сұйық, мөлдір) болса келесіде жіңішке фломастер немесе бормен (гельді қалам) салынып аяқталатын болса, тіпті жақсы.

IІрактикалық жұмыс. Парақ бетіне өз есімінің бірінші әрпін ірі етіп бояумен салу, оны үй деп қабылдап, оған әріпті адамдарды орналастыру. Олар онда қалай өмір сүретін еді? Төбесі не болады, шығатын жері қайда? Олар үшін есік, терезе, баспалдақ, балкон салу, бөлімдердін орналасуын көрсету.

Материалдар: борлар, түрлі түсті қарындаштар немесе фломастер.

Үйге тапсырма: өз пәтерін. үйдің іші қалай құрылғанын ойлау (және салу).


Баладан "дұрыс" құрылған жоспар мен үлкендер логикасын талап ету мүлдем дұрыс емес. Бірінші сынып оқушылары өз үйлерін жоспардағыдай жоғарыдан, ал жиһазды - қырынан бейнелейді. Бөлмелер қатысы кеңістікте олардың қабылдауына сәйкеседі. Бұл І-сынып оқушылары үшін табиғи және дұрыс ойлау.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: "Қала жасаймыз"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Өнер шығармаларын талдауды үйрену, өнердің әр түрінің, соның ішінде атақты суретшілердің накты шығармаларының білімін меңгеру

Дамытушылық мақсаты: көркемдік терминдер мен түсініктерді белсенді пайдалануды үйрену;

Тәрбиелік мақсаты: Алғашқы өзіндік шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесін меңгеру

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме. ойынды қала құрастыру. Құрастыру Шебері қаланы ойлап табуға көмектеседі (оқулық, 78-79, 80-81-б).

Ең алдымен қағаздан үйшік құрастырамыз. Ең жақсысы кешірмеге арналған әртүсті қағазды, бірақ ақ қағазды да пайдалану. Көшірмеге арналған қағаздың тығыздығы құрастырудың кез келген сабағына жарайды: ол анық бүгіледі, пішінге жақсы ұқсайды, сонымен бірге екі жақты өң береді. Бұдан қалың қағазбен жұмыс істеу қиын, қопсыған қағаз - қолға ұсталынбайды. Дегенмен мектеп жинағындағы түрлі түсті қағаздарда жарай береді. Олардан төбе, балкон, баспалдақ және т. б. детальдар жасауға болады. Орауышқа арналған қағаздар мен түрлі түсті журналдар қағазын қолдануға болады. Терезеге фольга да жарайды.

Мұғалім оқушыларға әр түрлі көлемдегі тікбұрышты қағаздар таратады, бірак А4 пішініндегі мөлшерден артық болмау керек. Олардан цилиндр-түтікше жабыстыру керек (ПВА желімі көмегімен). Түтікше әр түрлі биіктікте шығады, қаланы тірі және әдемі етеді (барлық үйлер бірдей биіктікте болғаны жаман).

Енді түтікшені партаға қойып, цилиндр жинақталып, тегіс бөлу үшін алақанмен басып қалу керек. Содан кейін саусақтармен бүгіп, тағы да басу керек, бір-бірінің үстіне қойып, тағы да басып және түзетеді, сөйтіп үйдің негізіне арналған - төрт қырлы параллепипед пайда болады.

Екі үйдің төбесі әртүрлі тәсілмен бекітіледі: жоғарғы жағын желіммен жабыстырып, тен етіп басып, біраз ұстап тұру керек. Егер төбесінің шеті жабысса, жоғарғы шетінен түсіру керек, бұл да жарайды (оқулық 78-б.).

Есіктер мен терезелер (әр түрлі материалдан, түрлі түсті) кесусіз жа- быстырылады. Олардың пішіні мен орналасуын ойлап, құрастыру бағытына орай фломастермен бояған дұрыс. Барлығы мұғалім мен оқушылардың қиялына байланысты, дер кезінде айтып немесе детальдарді еске салу керек. Үйге гараж жабыстырып, екінші қабат немесе жанға жайлы қанат жасауға болады. Мұнара немесе ұзын үй жасауға болады.

Үйді жасап болғандары мұғалім жетекшілігімен үстелде жасаған үйлерден қалашық жасауға кіріседі. Үйлерден қала жасау үшін Құрастыру Шебері керек екен. Бұл сабақта сәулетшілер ойыны өтеді. Сәулетші ұғымы енгізіледі.

Балаларға үйлер арасына соқпақ жол, қағаздан жасыл шөп жасауға көмектесіп. яғни кеңістікті тірілтуге болады.

Тапсырманың екінші нұсқасы: әр түрлі орауыш қорапшаларынан үйлер құрастыру, төбесін, есік, терезелерін жабыстыру. Қағаздан үйлер салу дұрыс нұсқа.

Практикалық жұмыс: қағаздан ойын қаласын құрастыру.

Материалдар: қағаз (көшірмеге арналған), түрлі түсті қағаз, ПВА желімі, қайшы.

Музыкалық қатар: құрылысшылар туралы балалар өлеңі.

Үйге тапсырма: балалар кітаптарынан әр түрлі қалалар бейнелерін қарау.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: "Әр нәрсенің өз құрылысы бар"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: ұжымдық шығармашылық дағдысын игерумен біріккен көркемдік іс-әрекеттің әрекеттесуін білу;

Дамытушылық мақсаты: әлемдегі заттын бейнелеу дағдысын меңгеру, жануарлар мен өсімдіктердің, кеңістіктегі, жазықтықтағы және кеңістіктегі құруларды бейнелеу дағдысын, жазықтық пен көлемді заттағы адам бейнесінің бейнелеуі туралы түсінікті меңгеру;

Тәрбиелік мақсаты: Қарым-қатынас дағдысын көркемдік ойлар арқылы меңгеру, көркемдік шығармашылық іс-әрекетіне эмоциялық жағдай туғызу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Үйлер ғана емес, барлық заттарды құрастыру түрінде керуге болады. Балаларға жаңа ұзын - құрылым ұсынылады. Қарауға қиын болғанымен, балалар оны жеңіл игереді, себебі өздері "Құрастырушылар" ойынын ойнайды. Көрген нәрсенің барлығын Құрастыру Шебері құрып көреді.

Балаларға пішіннің қарапайым жинағы ұсынылады: квадрат, тікбұрыш, үшбұрыш, сопақ, дөңгелек. Оларды тақтаға салуға немесе ақ қағазға жабыстыруға, (оқулық, 82-б.), пішіндерді түрлі түсті қағаздан қиып, парталарға қоюға, оларға қосымша парақтар қосып таратуға және оларды қиюға болады.

Балалар бұл пішіндерді қарап, содан соң осылар текшелер немесе құрастырушы деталь деп есептеп, олардан әртүрлі аңдарды қалай құрастыруға болады деп ойлайды. Балалар құрылымын айқындап пішін қатысын көреді. Бұл кез келген көркемдік-кеңістікті құрастыру, көзбен шолу ойлауын, сурет салуды үйрену негізі.

Практикалық жұмыс. Аппликация техникасымен әртүрлі аңдардың қарапайым пішінін құрастыру.

Материалдар: түрлі түсті қағаз, қайшы, желім.

Тапсырманың тағы бір нұсқасы: аңдар емес, иттердің түрлі тектерін құрастыру. Бұл үшін оларды слайдтар мен фотосуреттерде көрсеткен дұрыс.

Қосымша тапсырма: кәдімгі қорапшаларды аңдарға айналдыру қорапша - бұл денесі, ал басы кайда? Құлағы мен аяқтарын кесеміз. Көзі мен мұртын жабыстыруға болады (оқулық 83-б.).

Үйге тапсырма: балалар үйлерінде Құрастыру Шебері көмегімен құралған заттарды еске түсіреді, ол тек үйде көмектеспейді гой.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: "Заттар саламыз"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: өз жолдастарының шығармашылығы мен өнер туындыларын қабылдаудағы дағдыны қалыптастыру;

Дамытушылық мақсаты: Адам баласының әртүрлі іс-әрекетіндегі суретшінің рөлі жөніндегі білімді алу, адамдармен қарым-қатынастағы әртүрлі формалар мен заттық дүние мен өмірді жасаушы адамның рөлі жөнінде білу;

Тәрбиелік мақсаты: Өнер түрлері синтетикалық және керермендік түрлеріндегі суретшінің іс-әрекетінін түсінігін меңгеру

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Біздің бұйымдар әдемі және қолайлы болуына Құрастыру Шебері көмектеседі. Ол енді дизайнер рөлінде болады. Сабақ міндеті - біздің тұрмысымыздағы бұйымдардың құрылымдық құрылғысы жайында әрбір заттың образы, пішіні жөнінде алғашқы түсініктер берді. Балалар практикалық ойлау дағдыларын, материалдармен жұмыс тәжірибесін жетілдіреді.

Тоқсанның басындағы бірінші сабақ тақырыбына ораламыз - Құрастыру Шебері біздің бұйымдарға пішін береді, ал Сәндеу Шебері бұл пішінді соған сәйкес сәндейді.

Мұгалім әңгіме жургізеді: "Міне мынау үстелге қоятын шам партадағы қалам, портфель - барлығы да әр түрлі. Әлдекім оның заттары көнілді, ал басқа біреуге олар қатал, салмақты болғаны ұнайды. Бұл заттар қыз балаларға жарасады, ал мыналар - ұл балаларға жарасады.

Біз бұл сабақта түрлі түсті қағаздан ұсақ-түйек заттар салу үшін сөмке жасауды ұсынамыз (оқулық 84-85-б.). Ол 8-наурызда аналарға сыйлык ретінде ұсынуға болады. Орындау жағынан, бұл сөмке шынайы тұрмыстық зат ретінде ұсынылады. Құрылымдық тапсырмалардың әртүрін ойлап табуға болады, әрине мұғалім сабақтың мағыналық мазмұнын сақтай отырып, практикалық сабақ сюжетін ауыстыра алады. Әрбір мұғалім өз талғамдық ойлауын көрсете алады, бірақ бастысы - тапсырманың мәні - құрылымдық дағдыларды дамыту екенін ұмытпау.

Оқулықта сөмке жасаудың екі нұсқасы ұсынылған.

Бірінші нұсқа - балаларға белгілі тік параллелепипедтің түр өзгермелілігі (1 сынып балаларына бұл сөзді есте сақтаудың мүлдем керегі жоқ). Ол түрлі түсті қағаздан цилиндр төрт шығатынын еске түсіреміз. Оның биік болғаны қолайлы. Жоғарғы жағынан көлдары кесіледі. Төменнен түбі. Бұрышын қиғаш кесіп (оқулықтан қарау), ал түбін ішінен желімдеу. Жан- жағын аппликациялық әсемдеу ғана қалады.

Екінші нұсқа: түрлі түсті қағазды тең етіп жинау, екінші қағазды тең екі бірдей бөлікке кесу, бірге жинап, бүктеме жасау, содан сән сәмке арасымен желімдеу (оқулық 85-б.). Енді қолдарын жабыстырып, аппликациялық әсемдеу, қиын емес сюжет бейнелеу, табиғат қуаныш бейнесі - гүлдер болуы мүмкін, жануардың көңілді басы немесе сөмке шетінен көрінетін жай ғана сәндік.

Практикалық жұмыс. Қағаздардан сөмке-пакет құрылымы немесе орауыш, тұғыр (подставка).

Материалдар: түрлі түсті қағаздар, қайшы желім.

Көрермендік қатар: ашық дизайндағы тұрмыстық заттар, соның ішінде сөмкелер мен орауыштар.

Е с к е р т у. Мұғалім осы және қосымша сабақты түп нұсқа техника ойыншықтары құрылымын үйретуге арнауға болады. Бірақ, өкінішке орай бұндай сабақ шығармашылық игеру қажет ететін белсенді емес қайталау үлгісін ұсынады.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: "Біз тұратын қала"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Өзіндік байқағыштық және тану қабілеттіліктерін дамыту, табиғаттағы эстетикалық құбылыстарға деген сезімдік ықыластық және адамның іс-әрекеті;

Дамытушылық мақсаты: Көркемдік- шығармашылық іс-әрекеттің накты формаларының пайда болуында елес пен қиялды дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: Әртүрлі өнер түрлерінен алғашқы көркемдік қабылдау дағдысына әдеттену;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Қорытынды сабақ - үшінші тоқсан материалдарын талдап қорыту. Балалар осы тоқсанда көп нәрсеге үйренді, және өз қала немесе ауылын жаңаша көруге қабілетті. Бұл сабақ - Құрастыру Шеберімен саяхаттау (шынайы жаяу серуен немесе слайд-фильм).

Балалар үйлерді қарап және олардың пішінін ойлап, үйлерді өзара салыстырып, сыртқы келбетінен үйдің ішінде небарын, қалай салынғанын түсіне алады. Балалар қала көрінісін және оның әдемілігін көруге қабілетті, сондықтан олармен бірге өз қалаңды жаңаша қарауға ұмтылу керек. Мысалы, Алматы, Астанада тұратындар тен дөрежеде емес бөлуы мүмкін: кейбіреулер қала орталығында ешқашан болған емес, оларға ертегідей көрінуі мүмкін. Баскалар бүгін бұл қаланың ескі бөлігі - үйреншікті әлем, олар қарап үйренбеген, бұл жастағы балалардың көпшілігі ғимараттар мен көше көрінісіне аз көңіл бөледі. Мұғалім бұл саяхат оларға әсер қалдыратынына тырысу керек. Нақты сәулет ескерткіштерін есте сақтау талап етілмейді. Дегенмен, Құрастыру Шеберімен бірге балалар өз көше, ауданын, қаланың жалпы көрінісін көргені дұрыс. Және де Астананың белгілі жерлерін немесе жақын маңдағы ірі тарихи орталықты көргені дұрыс. Есте (сақтау үшін емес, жалпы әсер үшін, балаларда қаланын тұтас образын калыптастыру үшін.

"Құрастыру Шеберімен бірге" үйлер пішінін талдау, төбе, терезе, әрбір маңызды деталь, мысалы, кіреберіс дәліз, бағаналарды көру тәсілін білдіреді. Балаларға бұл құрастырулар неге қызықты екенін, оларға қалай әсер ететінін түсіндіру керек. Қалада үйлер бір-біріне қалай үйлеседі: жақын тұр, бірақ әр түрлі; көше құрайтынын атап өткен жөн. Талдар үйлерге кедергі келтірмейді, қаланы төлтырып тұрған кішкентай сәулет пішіндер және басқа детадьдар сияқты оларда қаланын бір бөлігі.

Сабақта өте үлкен материал берудің қажеті жоқ, керісінше, бес-алты мағыналы мысалдармен шектелген жөн.

Астанада тұрмайтын балалар үшін бұл сабакөздері тұратын қала немесе ауылға арналады - қарап және танғалу қажет - бұл өте қызықты! Балалар үшін Астана туралы тағы бір сабақ өткізген дұрыс.

Қала құрылысындағы ерекшеленіп тұратын ғимарат - ғибадатханаға мән бермеу мүмкін емес. Ежелгі Қазақ жерінде олар қалай салынған, түрлі халық ғибадатханалары, олар туралы кешірек сөз болады (4-сыныпта), бұл жерде ғибадатхананы әрбір қала тағдырындағы ерекше ғимарат ретінде көріп, байқау қажет.

Практикалық жұмыс. Коллаж техникасымен "Біз тұратын қала" ұжымдық панно құрау (оқулық 86-87-б.).

Материалдар: ашық түстегі түрлі түсті қағаз, гуашь, қылқалам, қайшы, желім, ұжымдық жұмыс үшін қатты қағаз парағы.

Әрине, балалардан дәлдік пен "үлкендік" бейнелеу анықтықты талап ету болмайды. Олар қаланың жалпы образын қарап, өз әсерлерін береді, олар қиялмен болуы да мүмкін. Қалаға деген қызығушылық балаларда өте кеңіді, оларға қала көрінісі өте өткір болып көрінуі де мүмкін.

Үйге тапсырма: ата-аналарымен бірге өз қала немесе ауылында жазғы демалыс кезінде серуендеп, оның әдеміліктері мен құрылыс ерекшеліктері жайында ойлану.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

IV тоқсан. БЕЙНЕЛЕУ, СӘНДЕУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ ШЕБЕРЛЕРІ


Сабақтың тақырыбы: "Ағайынды үш Шебер қашан да бірге еңбек етеді"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: адам өмірінің қоғамдық маңызы, олардың әлеуметтік рөлі, өнердің әр түрінің бейнелі тілінің алғашқы ерекшеліктерін түсіну;

Дамытушылық мақсаты: Өнер шығармаларын талдауды үйрену, өнердің әр түрінің, соның ішінде атақты суретшілердің накты шығармаларының білімін меңгеру,

Тәрбиелік мақсаты: көркемдік терминдер мен түсініктерді белсенді пайдалануды үйрену;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Жылдың соңғы тоқсанның қорытынды сабағы бірінші сабақ болып табылады. Оның мақсаты - үш Ағайынды-Шеберлердің ажырамас тұлғалар екенін балаларға көрсету.

Мұғалім әңгіме жүргізеді: "Шеберлер үнемі бірге еңбек етеді, бірақ әрқайсысының өз жұмысы, өз бағыты бар. Нақты жұмыста Шебердің біреуі жетекші болады. Міне, мысалы, біздің суреттер - бірінші тоқсанда жасалған бейнелеулер: бұл жерде Құрастыру Шеберінің рөлі қандай, ол кезде біз оны білмесек те. Ал енді бұл суреттер сыныпты әсемдеп тұр. Екінші тоқсандағы жұмыстарда Сәндеу Шебері жетекші болды. Ал оған Бейнелеу Шебері мен Құрастыру Шебері қалай көмектесті?

Сыныпта жыл бойындағы балалардың үздік жұмыстары қойылуы керек. Әрбір бала өзінің қандай да бір жұмысын көрсеткені дұрыс. Балалар өз туындылары мен жолдастарының суреттері жайында әңгімелеуді үйренеді. Шеберлер әңгіменің жалғасуын ұйымдастырады.

Оқулықта (90-93-б.) берілген тақырыпқа, жетекші сұрақтарға орай балалар мен үлкендер туындылары берілген.

Бірқатар жағдайларда Шеберлер қатысуы бірден түсінікті болады, кей кезде қиындық туғызады. Мұғалім Құрастыру Шебері (құрылымдық қызмет шебері) бейнелеу жұмыстарында композиция ұйымдастырады - кез келген бейнелеу туындысының құрастыруы екенін түсіну керек. Бірінші сынып оқушысына кей жағдайда үш қызмет түрінің қатысын түсіну қиын болады. Бұл болашақтың міндеті.

Берілген сабақ тақырыбы ұстанымы мен үш тоқсан бойына өткен материалдарды шолып, мұғалім тандаған сәттерге тоқталып және әрбір Шебер қатысуына сұрақтар беруге болады (біреуі жетекші болып, екеуі қасында болып, көрінбейтін телпекке жасырынулы). Әрине, балалар ойында қашан да шынайылық пен ертегі арасындағы айырманы түйсіну керек. Бірақ ойдан шығарған Шеберлер тапсырманы айқындаудың шынайы тәсілі және көркемдік қызмет кезеңдері болып табылады.

Практикалық жұмыс: тақырып бойынша әңгіме, оқулықпен жұмыс, және балалар жасаған жұмыстар көрмесін талдау.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: "Ертегілер елінде"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Алғашқы өзіндік шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесін меңгеру

Дамытушылық мақсаты: ұжымдық шығармашылық дағдысын игерумен біріккен көркемдік іс-әрекеттің әрекеттесуін білу;

Тәрбиелік мақсаты: әлемдегі заттын бейнелеу дағдысын меңгеру, жануарлар мен өсімдіктердің, кеңістіктегі, жазықтықтағы және кеңістіктегі құруларды бейнелеу дағдысын, жазықтық пен көлемді заттағы адам бейнесінің бейнелеуі туралы түсінікті меңгеру;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Үш Шебер ертегі әлемін көріп, суретін салуға көмектеседі.

Ертегі әлемі бейнелеулері осы тоқсанның негізгі тапсырмасы болуы мүмкін және кезеңдерге бөлінеді, тіпті барлық сабақты алуы мүмкін. Оқулықтағы басқа тапсырманың орнына беріліп, мұғалім ойлап тапқан сонымен бірге Шеберлер бірлескен жұмыстары тақырыбын ашатын және оқу жылының өткен материалдарын қайталау болады.

Мұғалім кез келген белгілі ертегіні тандайды. Әр мектепте жыл сайын әр түрлі ертегіні таңдаса жақсы. Олардың әрқайсысы өзіндік ертегідей көрінетін әлемі бар - оқиға қарқынды жүрегін, өзіндік поэтикалық ортасы бар. Ертегі мазмұны баланың пластикалық ойлауымен "жанданады".

Дүркін-дүркін көрермендік және әуенді талдауы бар ертегіні таңдаған қызықты. Бұл мұғалімге бай көрермендік қатарды көрсетуге мүмкіндік Береді, сабақты үйлесетін әуенмен өткізеді. Егер ертегіні балалар таңдаса, онда олар гномдар әлемін салғанды өте жиі қалайды. Оларға ешкімге таныс емес кейіпкерлері тұратын ертегі үйлері бар, өзіндік сиқырлы елін ойлап тапқан ұнайды. Мұның барлығы мұғалімге көп ойлап табуды талап етеді, бірақ сіз балалармен жұмыс істеуге кездейсоқ келген жоқсыз ғой. Сіз де оқушыларыңыз сияқты, бұл жұмысқа көптен күткен қуанышпен кіріссеңіз, тамаша болар еді. Бұл былай қарағанда үлкен ойын, балалардың поэтикалық қиялы мен мазасыздануын оятатын, шеберліктін жұмылдыруын талап етеді. Және де, егер балалар поэзия, ертегілік сюжет дамуында ғана емес, ертегінің көрермендік образында да болатынын түсінуді үйренсе тіпті жақсы.

І-сыныптағы панно - бұл коллаж, яғни әр түсті материал мен түрлі фактура бірлескен аппликация. Бұл жастағы балалар кескіндемемен жұмыс істеуді меңгермеген - бірінші сыныптықтар бояумен салады. Гуашьпен, түрлі түсті қағаз, мата мен фольга, көлемі аппликация, мысалы кәмпиттің түсін фантиктері, өрнекті салфеткалар жеңіл үйлеседі. Фон үшін, мысалы, екі түс қағаздың жабыстырылғанын алса да болады.

Мұғалім мен Құрастыру Шебері көмегімен таңдалған топ (ол композиция шебері) балалар жеке, өз парталарында жасалған үлкен бейнелеу панносын ұйымдастырды. Осы топ ең бірінші "пейзаж салады", жұмыс кезінде оны түзейді. Үйлер құрастырмасы, және барлык сәндеулер, онын ішінде бейнелеулі терезелер кейіннен жабыстырылады. Кейіпкерлер қажет өлшемде шығу үшін балаларға тапсырылған көлемдегі қағаз парағын таратып береді. Бояу кепкен кезде, балалар панноға кейіпкерлерді қиып алып жапсырады. Орналастырудың мәнерлі ритмін ойын сәттерімен байланыстыру - бұл жерде педагогтің қатысуы қажет. Композиция қызықсыз болмау керек.

Оқулықтың төртінші тарауында балалар панносының үлкен ұжымдық тұтас қатары берілді. Бұнын барлығы кезеңмен жасалады, бірақ бір сабақта емес, және оған сынып оқушыларының барлығы қатысады. Нақ біздің Ағайынды Шеберлер мұғалімге кезенге дұрыс бөлуге, көмектеседі, жеке және ұжымдық жұмыс бірігу тәртібіне көмектеседі. Үш Ағайынды-Шеберлер үнемі көмектесетінін, әрқайсысы өз жағынан қарап отыратынын ұмытпау керек.

Практикалық жұмыс. Мұғалім таңдауы бойынша ертегі ізімен бейнеленген жеке және ұжымдық панно құрау.

Материалдар: гуашь, қылқаламдар, қағаз, қайшы, желім, түрлі түсті қағаз.

Көрермендік қатар: ертегі бойынша белгілі суретші иллюстрациялары, сәйкес келетін мультфильм, фильм, балет. Ертегінің визуальдық талдауына, оның көрермендік әлемін мәнері мен поэзиясына көңіл бөлінеді.

Музыкалық қатар: тандалған ертегіге үйлесетін музыка. Музыка атмосфераны, көңіл күйді, ритмикалық жағдайды сезінуге көмектеседі, не өтіп жатқанына ғана емес, қалай өтіп жатқанына қарай.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: "Құстар мерекесі"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Қарым-қатынас дағдысын көркемдік ойлар арқылы меңгеру Дамытушылық мақсаты: көркемдік шығармашылық іс-әрекетіне эмоциялық жағдай туғызып, сондай-ақ өз жолдастарының шығармашылығы мен өнер туындыларын қабылдаудағы дағдыны қалыптастыру;

Тәрбиелік мақсаты: Адам баласының әртүрлі іс-әрекетіндегі суретшінің рөлі жөніндегі білімді алу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Төртінші тоқсан тапсырмасы - ертегі сюжетін толығымен бағындыру міндетті емес. Оқулықта табиғаттағы көктемгі оқиғаларға арналған қолайлы және ашық ұжымдық жұмыстар берілген.

Үш Ағайынды-Шеберлер құстарды жасауға көмектеседі. Құсты жасау үшін, алдымен оны құрастырып, содан сән сәндеу керек.

Практикалық жұмыс: түрлі түсті қағаздан көрнекті құсты құрастыру (оқулық 92-93-б.).

Материалдар: әртүсті қағаз, қайшы, желім, ине. Түрлі түсті қағаздың тен екі қыры құстың арқасы болады. Оны екіге бөлеміз: кішкентайы - басы, үлкені - құстың денесі. Және оны еркін жасаймыз - мейлі әртүрлі құстарда әртүрлі пропорция болсын. Енді құстың тұмсығын, көзін, қанаты мен құйрығын жапсыру ғана қалды - бәрі әр түрлі, бұл жерде ойлап табу мен қиялдың максимум шегі көрінеді. Балалар қағазбен көлемді жұмыстың дағдыларын бекітеді және меңгерілген амалдарды шығармашылықпен қолдануды үйренеді.

Ал егер мұғалім сыныпқа үлкен бұтақ алып келсе (көктемгі уакытта қалада ағаштарды жиі қияды) және оған әртүсті құстар орналастырылады, олар оңтүстіктен ұшып келгендей, өте әдемі және қуанышты болып көрінеді. Ғимаратта қолайлы қоятын орын болса, бұл керемет сәндікке бүкіл мектеп болып қуанады.

Практикалық жұмыс нұсқасы: түрлі түсті қағаздан көктемгі қоңыз, инелік құрастыру.

Көктемде табиғат оянып, гүлденген әлем өмірге толады. Барлық балаларға шалғындағы шөпке қонатын қоңыз, инелік, шыбын-шіркейлердің керемет сан алуандығын көру өте қызықты. Табиғатта ешнәрсе кездейсоқ емес, бәрінің өз өрны бар, қоңыз бен инеліктің керемет көрінісіне таң қалмау мүмкін емес. Ал мынау қаңқызы!

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы: "Жыл мезгілдері"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: , адамдармен қарым-қатынастағы әртүрлі формалар мен заттық дүние мен өмірді жасаушы адамның рөлі жөнінде білу;

Дамытушылық мақсаты: Өнер түрлері синтетикалық және керермендік түрлеріндегі суретшінің іс-әрекетінін түсінігін меңгеру

Тәрбиелік мақсаты: Өнердің мына түрлері бойынша алғашқы көркемдік жұмыс дағдысына әдеттену

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Бұл сабақ табиғатты эстетикалық қабылдауға арналған. Егер мұғалім оқушылармен орманға, паркке немесе тым болмаса мектеп ауласына серуен жасаса жақсы болар елі. Бұл жерде келер жаз белгілеріне әсерлігінің бізді және балаларды көруге болады. Табиғаттың оянған әдемілігін Ағайынды-Шеберлер қалай көреді? Әркімде өз көзкарас, өз қызығушылығы бар!

Бұл сабақ жалғасын табуы да мүмкін, ал кейбір жағдайда сыныпта фотосуреттер мен слайдтарды көрумен алмастырылады. Егер түсірілімдер серуен кезінде мұғалімнің өзі түсірсе дұрыс нұсқа. Себебі сәтті ұжымдык фотосуреттер құрастыру - бір күнгі жұмыс істеу. Бүгінде сабаққа мұғалім фото шығармашылығын тарту шынайы болып отыр.

Балалардың жас ерекшеліктеріне орай қабылдау олардың зейіні негізгі детальдарға жинақталады. Бұл жаста ойлау өте пәндік жағдайда, үлкен кеңістік балаға бос көрінеді. Бұл ерекше ойлаудың өз құндылығы бар, оны өзгертуге болмайды.

Жыл мезгілдерінің өзіне тән бояуы болады. Оларды сабақта бейнелеу жыл мезгілдерінің төрт мезгіл жаз, күз, қыс, көктемнің ерекшеліктерімен сиаптталады. Балалар бөлмысты дәл және нәзік қабылдайды, себебі әр түрлі заттардың пішіні мағыналы деңгейде жүйеленген және эстетикалық боялған: олар "өздерінің көбелек және қоңыздарын" жасады, ал енді тірі тірілерді қарап, олар жаңалық ашады. Көгілдір көктемнің нәзіктігін, жайдары жаздың көңілділігін, сарғайған күздің мөлшылығын, каһарлы қыстың қызықты күндерін тамашалауды түсіндіру.

Бәрін қарауға Ағайынды-Шеберлер көмектеседі: қалай құрылған (құрылымды қараймыз), қалай сәнделген және неге ұқсайтынына. Бейнелі, поэтикалық ұқсас, яғни баланың сезімді қарым-қатынасы және өзіне қатысы қорытынды "ұқсас". Ертегілік рухтану арқылы оның қоршаған әлемге деген сезім өседі, қатысу сезімі, яғни - адамгершілігі.

Мұғалім алдында көркемдік-образдық және тұлғаның эмоциялық-құндылығын дамыту қоршаған ортаға пластикалық қарау міндеті тұрады. Біздің нақты үйренетініміз бен оқытатынымыз - баланың рухани әлемі, оның таңданысы мен наразылығы, сезімталдығы.

Практикалық жұмыс. Үш Шебердің көзімен тірі табиғатты байқау (көркемдік әрекеттін үш түрі міндеті арқылы).

Көрермендік қатар: тірі табиғат, көктемгі және жазғы табиғаттың ірі және мәнерлі детальдармен түсірілген слайдтар мен фотосуреттер (жапырақтар, бүршіктер, ағаштардың гүлденген сырғагүлі, шөгітесіндер, гүлдер, жәндіктер, ағаш діңгегі, тырбиған ағаш пен тастар және т. б.).

Үйге тапсырма: балалар кітаптарынан жаз бейнелеулерін табу.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Армысын, жаз"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Өзіндік байқағыштық және тану қабілеттіліктерін дамыту

Дамытушылық мақсаты: табиғаттағы эстетикалық құбылыстарға деген сезімдік ықыластық және адамның іс-әрекеті;

Тәрбиелік мақсаты: Көркемдік- шығармашылық іс-әрекеттің накты формаларының пайда болуында елес пен қиялды дамыту;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Бұл сабақта балалар, жаз пейзажы тақырыбына арналған қазақ өнері туындыларына назар аударады. Әрине, егер мұражайға барса, тіпті керемет. Шынайы туынды репродукция жанында үйлеспейді. Шынайы картина қасында тұрып қана, картинаның не екенін түсінуге болады.

Дегенмен, репродукциялармен жұмыстан кету тағы да дұрыс емес. Біріншіден ұлы суретшілер жасаған классикалық образбен қатысу балаға қажет. Екіншіден, репродукция туындылары детальдары мен фрагменттерін қарауға мүмкіндік береді. Оны өзінше зерттеуге, қолымен ұстап көруге болады, балалар үшін бұл өте маңызды.

Балалық шақтан қатыстыру - жетілдіру - көркемдік классикаға тұлғаның құрылуынын маңызды элементі болып табылады. Өнердің классикалық ұлы образдары керсетілімнің бірлігін құрайды, өз елі туралы рухани ортақ көрсетілімді, ұлттық мәдениеттің, шынайы негізін құрайтын, біз ауадай дем алатын негізгі шындық. Бұл құндылықты жоғалту мәдениеттің салмақты құлдырауына алып барады әрқайсысымыздың өмірімізге қатысты. Бұл ұлы картиналар балалар санасында өшіріліп қалмауына мұғалімдер жанын салу керек, олар өз уақытында қандай болды, ұлттық мәдениеттің әдемі мақтанышы екенін сезінуге тырысуы керек.

Бірақ бұл балаға біртіндеп мұғатімнің жігерімен келеді. Ал әзірге картинаны балалармен бірге қабылдаудағы мұғалімнің адал сезімі маңызды. Орыс және қазақ суретшісінің картинасы сабаққа мұғалімнің еркін таңдауы болып табылады. Бұлар И. Шишкин, И. Левитан, Ә. Қастеев, С. Қалмаханов., М.Е. Калимов, В. Поленов және т. б. туындылары болуы мүмкін.

Нақ осы ұлы суретшілер дәстүрімен XX ғ. орыс суретшілерінде жаздың тамаша образы жасалды. Мысалы, маусым айының көбелекті шөптесіннің сыңғырлаған, қуанышты гүлденуі. Қазақ жерінің жаз жайлауы, кең дала тынысы берілген.

Балаларға көп картина көрсетіп қажет емес, әрбіріне жеке тоқталып, балалармен бірге олардың көңіл-күйін бірге кешу. Картина авторын міндетті түрде атап, оны әңгіме процесінде қайталауға тырысу керек. Суретші аты-жөнін бала есінде сақтаған дұрыс, бірақ міндетті емес. Бастауыш мектепте материалды оқу процесінде классиктер есімі үйреншікті меңгеретін болады.

Практикалық жұмыс. Жаз тақырыбына арналған орыс және қазақ суретшілері туындыларын қабылдау және талқылау.

Егер уақыт қалса немесе қосымша сабақта, балаларға серуеннен және суретші картиналарынан алған әсері бойынша "Армысын, жаз!" тақырыбына жұмыс жасауды ұсынуға болады. Бейнелеу өнері жұмысында өз әсерін талабын білдіру балаға тән, бұл өз толқуын сезіну амалы.

Бұл тапсырма ұжымдық мінез-құлықты білдіруі мүмкін, бірақ жеке жасаған дұрыс. Барлық балалар көрермен болып келсе, енді олар -суретшілер. Енді балалар өздерін нағыз суретші сезініп, бұл сезімге қуануды үйренсін.

Практикалық жұмыс. "Армысың, жаз!" тақырыбына алған әсері бойынша бейнелеу.

Материадар: гуашь, қылқаламдар, қағаз. Берілген қағаз өлшемі баланың сабақта гуашьпен жұмыс істеуіне қолайлы болсын. Бірақ ол әртүрлі пішінде, квадрат немесе тік, көлденеңнен болуы мүмкін. Ақ қағаз ғана емес, түрлі түсті қағазбен де жұмыс істеуге болады.

Тоқсан аяғында балалар жұмысынан көрме жасау керек. Балалар мұғліммен бірге үлкен жолды жүрді, барлығы да осыны сезінуі керек. Сынып оқушыларының барлығының қатысуы қол жеткен табысқа әрқайсысының саналы сезінуі өз нәтижесін бермек. Өнер ортаны құрайды, қарым қатынасты бірізділікпен ұйымдастыру әрекетінде мереке пайда болады.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал