- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку на тему Ойын сабак (1 класс)
Открытый урок по казахскому языку на тему Ойын сабак (1 класс)
Л.Е.Сакишева,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Жақсы №2 орта мектебі,
Жақсы ауданы, Астана облысы
«Ойын сабақ»
1-сынып
Сабақтың мақсаты:
білімділік: ойын ойнау арқылы оқушылардың өтілген модуль бойынша білімдерін толықтырып,жетілдіру,бекіту.
дамытушылық: ауызша және жазбаша жұмыстар орындау арқылы оқушылардың сөйлеу,есте сақтау, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік: жануарларды, үй құстарын қорғауға, қамқорлық көрсету білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, аударма, ойын түрі.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлістерме қағаздар, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, сурет.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қазір қандай сабақ?
Сыныпта нелер бар?
Сыныпта кімдер бар?
Балалар, сендер апта күндерін білесіңдер ме?
Ал бүгін аптаның қай күні?
Жылдың қай мезгілі?
Көктемде күн қандай болады?
Көктемде не ұшып келеді?
Психологиялық дайындық.
II.Үй жұмысын тексеру кезеңі:
Үй құстардың, жануарлардың, аңдардың аттарын қайталау.
Ал, балалар қазір тақтада ілініп тұрған суреттер арқылы құстардың, жануарлардың, аңдардың атауларын қайталаймыз.
-
Мынау не? Мынау - арыстан.
Ол қандай? Ол - үлкен.
-
Мынау не? Мынау - тиін.
Ол қандай? Ол - кішкентай.
III.Жаңа сабақ кезеңі:Стадия вызова. Анаграмма: онйы
Сабақтың мақсатын айту;
Балалар, біз бүгін сендермен ойын ойнаймыз. Сендер ойын ойнауды жақсы көресіңдер ме?
Ендеше екі топқа бөлініп, ойынды бастайық.
1- топ - Сұнқар тобы, 2 - топ - Тұлпар тобы.
1 - кезең. Суреттерге қарап, құстардың, жануарлардың аттарын айту.
Бұл ойында команда капитандары шығып, жерде жатқан суреттерді алып, суретте не бейнеленгенін айтуы керек, ал отырған балалар сол сөздің аудармасын хормен айтады. Мысалы: арыстан, маймыл, кірпі...
2 - кезең. Сөйлемдерді орыс тіліне аудар.
Тақтада үлестірмелер ілініп тұрады.
Әр, топтын 1 оқушыдан шығып, үлестімені алып оқиды да, сол сөйлемді орыс тіліне аударуы керек. Мысалы: Мен мысықты жақсы көремін. т. б.
(ауызша жұмыс)
IV. Стадия осмысления. Екі баладан жұмыс жасайды.
3 - кезең. Сөз тіркестерін құрастырып, сандарды сөзбен жазу.
5 сиыр,9 қаз,2 арыстан,8 кірпі, 7 түйе, 10 қасқыр, 3 үйрек, 6 әтеш, 4 аю, 1 қой.
Мысалы: Бес сиыр, тоғыз қаз, екі арыстан, сегіз кірпі, жеті түйе.
(тақтамен, дәптермен жұмыс)
(Тақтарда ағашта сол сөз тіркестері берілген жапырақтар ілініп тұрады).
Сергіту сәті.
Бала, бала, балақан,
Кәне, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбәт,
Былай, былай ойнат.
4 - кезең. Сөзжұмбақты шеш.
1 піл (үндістанда мекендейтін аң. Өзі үлкен, тұмсығы бар).
2 кірпі (үстінде көп инесі бар, қазағымда киесі бар).
3 түлкі ( ұзын құйрықты, қызғылт түсті, қу, айлакер аң).
4 қасқыр (өзінің түрі сұсты, ет жеуден қазақтан кейін 2-ші орында).
5 арыстан ( аңдардың патшасы).
а) Әр топқа сөзжұмбақ беріледі, олар отырып, сол сөзжұмбақты шешулері керек, кім тез және дұрыс шеше алады.
ә) сөзжұмбақтың жауаптарын оқып айтады.
Тақтада ілініп тұрады. Балалар жазған жауаптарын айтып отырады, ал мұғалім сол плакатқа толтырып жазады.
V. Стадия рефлексия.
Ойын не үшін керек?
Бағдаршам. Балалар қарындашпен көрсетеді.
- түсіндім, ұнады;
- шамалы түсіндім, ұнады;
- түсінбедім, ұнаған жоқ.
VI. Сабақты қорыту кезеңі:
Сұрақтар қою арқылы.
Ал, балалар бүгін сабақта не істедік?
Сендерге сабақ ұнады ма?
Жақсы жарайсыңдар!
VII.Бағалау кезеңі: Оқушылардың белсенділіктеріне, білімдеріне қарап бағалау. Журналға баға қойып, балаларды мадақтап айтып отыру.
(Топтарға 1-орын және 2-орын беріледі.
Балаларға сыйлықтар беріледі).
VIII.Үй жұмысын беру кезеңі:
Сөздерді қайталау.