- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: «Малсақ бала» Әдебиеттік оқу 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Малсақ бала» Әдебиеттік оқу 3-сынып
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Барақ батыр ауылы
Барақ батыр негізгі орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жаксыбаева Сауле Маратовна
</<font color="#000000">Әдебиеттік оқу 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Малсақ бала»
Мақсаты:1. Оқушыларға Ө.Тұрманжановтың шығармашылығынан мағлұмат
беру және «Малсақ бала» өлеңін таныстыру. Оқушыларды сауатты
оқуға, «Малсақ бала» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашуға үйрету.
2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс
істеуге, өз ойларын ірікпей айтуға төселдіру, дәлелді сөйлей білу
дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық дүниетанымдарын кеңейту.
3. Оқушыларды төрт түлік малды қадірлей білуге, малға күтім
жасауға тәрбиелеу, олардың атауларын білуге үйрету. Балаларды
еңбексүйгіштікке, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрінекілігі: Интерактивті тақта,слайд, Ө.Тұрманжанов суреті,
ребус, қызыл, сары, көк түсті дөңгелектер, қозы, бота, құлынның
суреттері, тапсырмалар жазылған парақтар.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: СТО, топтау стратегиясы, көрнекілік стратегиясы, ой қозғау
стратегиясы, түсіндіру, сұрақ - жауап әдісі.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі ,дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: психологиялық дайындық.
-Екі көз не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін.
-Екі құлақ не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-Екі қол не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
Төлдер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлу (қозы, бота, құлын).
Үй тапсырмасын сұрау
- Олай болса, үйге қандай тапсырма берілді?
- Ғ. Мүсіреповтің «Көлде» әңгімесін мазмұндау .
- «Көлде» мәтіні бойынша сурет салу.
Үй тапсырмасын қорытындылау:
-«Көлде» мәтінінің авторы кім?
-Ғ.Мүсірепов жайлы не білесіңдер? Ол кім?
-Мәтінде қандай құс туралы айтылған?
-Аққу қандай құс?
-Мәтінде жылдың қай мезгілі суреттелген?
Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту. Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы таныстырылады Шешуі: Малсақ бала
- Бүгін, біз Ө.Тұрманжановтың « Малсақ бала» өлеңімен танысамыз.
Дәптермен жұмыс. Күннің ретін, авторды, тақырыпты жазу.
1.Ө.Тұрманжановтің өмірі мен шығармаларын таныстыру.
Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы , Бөген
ауданы, Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. Балалар әдебиетінің
негізін қалаушы. Оның «Қошан кедей» әңгімелер жинағы, «Таң сыры»
өлеңдер жинағы бар. Ө.Тұрманжанов қырыққа жуық кітаптың авторы.
Балаларға арналған нақылдары «Асыл сөздер» деп аталатын кітабы бар.
1978 жылы дүние салған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген
медальдармен марапатталған.
Оқулықпен жұмыс. 1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2. Сөздікпен жұмыс:
- Балалар өлеңде біз бұрын білмейтін сөздер бар.
Малсақ- малды жақсы бағып , малдың жайын жақсы білетін , малжанды ,
малқұмар адам.
Күйісте - күйіс қайыру жан -жануардың жеген шөбін шайнауы, бойына
сіңіруі. Қой, сиыр малдары күйіс қайырады, ал жылқы күйіс
қайырмайды.
3. Өлеңмен жұмыс:
1-топ: Тізбектей оқу;
2-топ: Кезектесіп оқу;
3-топ: Рөлге бөліп оқу.
4. Сұрақ-жауап.
-Атасы немересіне не тапсырды?
-Немересі атасына не деп жауап берді?
-Баланың атасына берген жауабына қарап балаға мінездеме бер.
-Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген?
--Жеті қазынаға ит жата ма?
-Мал шаруашылығына байланысты өзің қандай еңбектер
атқарасыңдар?
Сергіту сәті.
1. Сөздерден мақал құрау.
Шешуі: Мал өсірсең қой өсір ,
Өнімі оның көл көсір .
Ой қозғау стратегиясы.
- Балалар, міне, мақалда айтылғандай қойдан алынатын өнімі көп .
Сол өнімдер мен қойдың пайдасы жайлы ой топтастыру құрыңдар.
-Халық болжамдарын оқып көрейік.
Қойшылар бағып жүрген қойларының жүні арқылы ауа райын болжай
білген . Мәселен, өрісте жүрген қойлардың жүнін уыстап көреді.Егер
қой жүні құрғақ болса , онда күн ашық болады. Егер жүн дымқылданып
тұрса , онда көп кешікпей жаңбыр жауады.
«Кім шапшаң» ойыны. Балалар қой атауларын жасына қарай орналастырады. Қозы→Марқа→Тоқты→Тұсақ→Қой
(Оқушылар дәптерге жазып алады.)
Сабақты қорыту . Рефлексия. «Бес саусақ»
-Бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақтан бес түрлі мағлұматты балалар
бес саусақтың сызбасына жазады.
-
Ө. Тұрманжановтың өмірінен мағлұмат алдық.
-
« Малсақ бала» өлеңін оқыдық.
-
Қойдың бізге беретін өнімі жайында білдік.
-
Халық болжамдарын оқыдық.
-
Қойдың жасына қарай атауларын білдік.
Бағалау. Түстер бойынша. Қызыл түс- 5, сары -4, жасыл-3.
Үйге тапсырма.
1. « Малсақ бала» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Малға байланысты тыйым сөздер жазып келу.