7


ӘДебиеттік оқу Малта

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ілияс Жансүгіров жайлы мәлімет беріп, малта өлеңінің мазмұнын ұғындыру. а)«Малта» сөзінің мағынасын түсініп, ой бөлісе алады. ә) Ұғымталдылыққа,ұйымшылдыққа,зейін қоя білуге,өз пікірін дәлелдей білуге үйренеді. б) Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
предварительный просмотр материала

Күні 09.10.2014

Пәні:Әдебиеттік оқу 3 сынып


Сабақтың тақырыбы:

І.Жансүгіров. Малта.

Сабақтың мақсаты:

Ілияс Жансүгіров жайлы мәлімет беріп, малта өлеңінің мазмұнын ұғындыру.

Сабактын міндеттері

а)«Малта» сөзінің мағынасын түсініп, ой бөлісе алады.
ә) Ұғымталдылыққа,ұйымшылдыққа,зейін қоя білуге,өз пікірін дәлелдей білуге үйренеді.
б) Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.

Сабактың типі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабактың түрі

Аралас

Әдіс-тәсілдері

Шаттық шеңбері, «Ыстық орындық», «Лездеме» әдісі, «БББ» әдісі

Оқудың нәтижелері:

Автор туралы мәлімет алып, малта сөзінің мағынасын түсінеді.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта,көрсетілім,конфеттер,суреттер,плакат,стикер,авторлар суреттері

Сабақ барысы:

Сабақ бөлімдерінің мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

10мин

Конфеттер арқылы оқушыларды топтастыру.

Жаңа сабақ:

Психологиялық дайындық..
Сендерді өмірде не таңғалдырады?Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі.Ал мен күнге таңғаламын.Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты,жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі.Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды,сипалайды,жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мен мұңды ерітіп жібереді.Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады

Өткен тақырыптарға еске түсіру:

«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырыптарды еске түсіреміз.

Конфеттер түріне қарай 4 топқа бөлінеді.

Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Әр топтан бір-бір оқушы шығады.

Түсіну

10мин.

Жаңа сабақ:

«Лездеме» әдісі арқылы жаңа сабаққа қатысы бар сөздердің аттарын атамай,сөздің маңынасын түсіндіреді.

І.Жансүгіровтың өмірбаянымен, шығармашылымен танысу.

«Малта» Интерактивті тақта арқылы түсіндіріледі.
Суреттер бойынша әңгімелеу жұмысы жүргізіледі. (күбі, қазан, сөре, ананың суреті, сүзілген қаптағы құрт)

Сөздікпен жұмыс.

Жұмыршақ-кедір-бұдыры жоқ,жұп-жұмыр.
Сөре-бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын.
Өре-құрт,ірімшік,жеміс-жидек,т.б. тағамдар кептіруге арналған шиден тоқылған сөре.
Шым-шым су-ыстық су.
Сыбану-жеңін түру.

Жасырған сөздерді табады.

Сүт,айран,құрт,сары май,қаймақ,ірімшік,қатық.

Балалар өздері ізденіп келген ақпараттармен бөліседі.

Тақтадағы сөздіктерді оқып мағынасымен танысады.

Қолдану

5мин

Сергіту сәті:

Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар өлеңдіі мәнерлеп оқиды.

Оқулықтағы мысалды іштей,дауыстап оқу.

Талдау

5 мин

Топтық жұмыс: Малтаның қалай жасалатындығын сурет көрету.

Сүтті сауды, құйды, пісірді, ұйытты, пісті, сүзіп қойды, жайып қойды, кептірді, жібітті.

Постермен жұмыс жасап,бір оқушы қорғайды.

Жинақтау

10мин

Жеке жұмыс: «БББ» әдісі бойынша бүгінгі сабақтан не үйренгенін жазып шығады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді


Бағалау

Кері байланыс

3мин

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Топ басшысының бағалауы;

Мұғалімнің жиынтық бағалауы;

Жинаған фишкаларын санап,топ басшысы бағаларын шығарады.

Үйге тапсырма беру

2мин

Өленді мәнерлеп оқып, қалаған шумақтарын жаттау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал