- Учителю
- Урок по математике для 2 класса «Повторение ± 9»
Урок по математике для 2 класса «Повторение ± 9»
Үмбетова Аманкүл
Қызылорда қаласы
№7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: математика
Сынып: 2
Тақырыбы: Қайталау □ ± 9.
Мақсаты:
1) Ондықтан аттап 9 санын қосу және азайтуды қайталау.
2) Еспетерді шығару, салыстыру, 2 амалмен шығарылатын есептерді шығаруға машықтандыру.
3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, оқулық.
Сабақтың барысы.
1)Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
- Балалар, қазір бізде қандай сабақ?
- Математика.
Біздің ұранымыз: Математиканы оқимыз, миымызға тоқимыз.
Ендеше сабағымызды бастайық.
(Мұғалім: Балалар күнделік)
Слайд №1.
7+8 15-7 16-8 9+7 16-9 9+8 17-8 9+9 18-9 16-7
Т А Б И Ғ А Т А Н А
Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ішетін суымыз. Осының бәрін қайдан аламыз?
Ендеше, табиғатты асыраушы, қамқоршы анамыз деуге бола ма? Олай болса бүгінгі сабағымыз ерекше болайын деп тұр. Біз «Табиғат-Анаға» теңіз арқылы қонаққа барамыз. Теңіз арқылы болса, қандай көлікке мінуіміз мүмкін?
Слайд №2. Кеме, теңіз.
Саяхатымыз өте алыс және қызықты, бірақ қауіпті. Жолда әр түрлі қиындықтар кезігеді. Саяхатқа тек батыл, ержүрек, тапқыр математиктерді ғана аламыз.
Көркем жазу 50 ... 40 Сандар қалай жазылған?
Математикалық диктант.
7+8 12-4 9+3-5 17-9
6+7 15-7 8+8
Қайсысы артық? Неге?
Жұпта тексереміз.
Жарайсындар, балалар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Енді қорықпай саяхатқа шығуымызға болады. Біздің кеме бір аралға келіп жетті.
Слайд №3. Арал суреті (тотықұс).
Аралдың иесін жұмбақ арқылы тауып көрейік.
Барқыттай жүні құлпырған,
Жем тілеп ылғи ұмтылған
Тауық емес түгі ұқсас.
Жазбайды бір сұңқылдан. (Тотықұс)
-Дұрыс балалар, бізді аралда сөйлейтін тотықұс күтіп тұр. Ол сендердің теңдеуді қалай шығаратындарыңды көргісі келеді.
1-мысал. Теңдеуді шеш.
Х+9=18 18-х=9 х-9=9
Cергіту жатығуы. (Две половинки) Слайд №4
Теңізде қатты дауыл болып, кеменің жүзуіне қиындықтар, туып тұр. Орнымыздан тұрып көмектесейік.
Ары қарай саяхатымызды жалғастырайык.
Жұмбақ: Слайд №5 Арал + тасбақа
Тастан салған үйі бар
Көшіп жүрер асықпай
Қыста ұйықтап, бұйығар
Тамақ іздеп ашықпай. (Тасбақа)
Алдымызда тасбақалар аралы. Арал иесі көп жасаған ақылгөй, дана тасбақа. Сондықтан оның тапсырмасын ұқыптылықпен орындайық.
Есеп №3. Есептерді салыстыр, шығар.
Слайд №6 Математикалық жұмбақ.
Әкелді-18м. Әкелді-18м.
Қиып алды-7м. Тағы сонша Қиып алды-7м.
Қалды-? Қалды-?
Ш: 18-(7+7)=4 (м) Ш: 18-7=11 (м)
Ж: 4 м. сым қалды. Ж: 11 м. сым.
Міне келесі аралғада келіп жетік.
Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
Слайд №7
Кішкене піл көптен бері қонақтарды күтіп отыр. Ол аңдар мектебінде оқып, үй тапсырмасын орындай алмапты.
Өзбетіндік жұмыс №8
Топтық көшбасшысын анықтайық. Кім бұрын шығарса. Сыйлығымыз бар.
Теңдік тура болатындай жақшаларды қой.
1 топ 2 топ 3 топ
89-50+30=9 26-8+2=16 37-25+2=10
67-50+10=7 18-9+5=14 41-20+9=30
18-9+41=50 9+9+20=38 25-5+50=70
Әр топтан 3 оқушы шығып жақшаларды қояды.
Слайд №8. Кеме теңіздегі.
«Табиғат-Ана» тұратын аралға да таяп қалдық. Кемеден аралға түсу үшін логикалық тапсырманы орындауымыз керек.
Слайд №9 логикалық тапсырма.
Сонымен бізді «Табиғат-Ана» күтіп тұр екен. Бізге не дер екен, тыңдайықшы.
Электронды оқулықтан көріністі тамашалау. Құсты да, өзен-көл, ағаштарды, барлық тіршілік атауларын сендерге тапсырып жатыр. Ендеше не істеулерің керек?
Слайд №10.
2030-дың біз барысымыз
Жетістікке бастайды әр ісіміз,
Өркениетті еліміді көркейтетін
Табиғатты аялау парызымыз.
-Сонымен, саяхатымыз аяқталды.
-Балалар, сабақ ұнады ма? -Несімен ұнады.