7


  • Учителю
  • Урок по самопознаниюТабиғатпен біргеміз (2 сынып)

Урок по самопознаниюТабиғатпен біргеміз (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану сабағының жоспары



Мектеп: Академик атындағы Е.А.Бөкетов мектеп-гимназиясы Мерзімі:

Мұғалім: Рахметова Әсия Жақсыбайқызы

Сынып: 2-сынып Оқушылар саны: 10

Тақырып: Табиғатпен біргеміз Сабақ №30

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу, табиғатқа қамқарлық жасау



Сабақтың мақсаты:

Табиғатпен жақсы қарым-қатынас жасау туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

1.Табиғатпен байланыс жасауда оған ешқашан зиян келтірмеу қасиеттерінің мағызын ұғындыру

2.Оқушылардың бойында табиғатқа қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту

3.Табиғатқа ешқашан зиян келтірмеуге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.

Ыңғайланып отырамыз, денемізді бос ұстаймыз, қолдарымызды тіземізге қоямыз, аяқтарымызды айқастырмай отырамыз,

көзімізді жұмамыз.



«Орманға саяхат

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

-Ал, балалар қандай сезімде болдыңдар?

-1-2 оқушының ойын тыңдау

Ресурстар:

оқулық, дәптер, түрлі стикер, маркер, ноутбук,













Сабақтың өтуін талдау:

2. Үй тапсырмасын тексеру.

№29 121-беттегі Қ.Сыздықовтың Көктем өлеңін жаттап келу.

Оқушылар жатқа айтады

Өлең не жайында?

№30 122-бетте табиғат-біздің анамыз тақырыбында әңгіме жазып келу

1-2 оқушыға оқытамын



3.Дәйексөз

Адам мен табиғаттың тілдескені-өмірдің үндескені.

Халық даналығы

3.1 Хормен оқыту

3.2 Дәйексөзде не туралы айтылған?

3.3 Дәйексөзді дәптерге көшіріп жазғызу



4. Оқиғаларды әңгімелеу.

Жел. (Қ. Толыбаев)

Қыс мезгілі еді. Таң ата жапалақтап жауған қар түс қайта басылған. Ал кешке қарай алақұйғын жел тұрды да, бірте-бірте күшейіп, жараған бурадай зіркілдеп, буырқана тапырақтады. Жұп-жұмсақ ұлпа қарды ұйытқыта үйіріп, астан-кестен қып сапырылыстырды. Кенет қардың астынан:

-Абайласаңшы, таптайсың ғой!... деген жалынышты нәзік дыбыс естілді.Тосын үннен сасқалақтап қалған жел қанатын жайып жіберіп, қонған құсша жерге шөге қалды. Қибыжықтап қасаттанған қарға қарады.

-Оу, неге сонша қиналдың, Ақ ерке?

-Білмейсің бе, менің құшағымда Көктемнің гүлі ұйықтап жатыр ғой. Соның ұйқысын жіберіп алмашы!...

Қырдың бетін тозаңдатқан ұлпа қарының үнінде аса мейірімді өтініштің лебізі бар. Желдің тарпаңдығын еріксіз тындырды.

-Ә, солай ма?.., Ендеше қойдым, абыржыма!

Желпінген Жел желігін басып, жерге бауырын төседі де, сұлай кетті. Табиғат құбылыстарының да тілеуі тіршілік сарынымен үндес секілді.

Сұрақтар:

1.Әңгіме не туралы?

2. Желдің іс-әрекеті туралы не айтар едің?

3. Сен желдің орнында болсаң, қайтер едің?

















5. Шығармашылық іс-әрекеттер, топтық жұмыс

5.1 Сыныпты топқа бөлу

«Құбылыс», «Өсімдік».

(Стикердегі жазылған сөздер арқылы топқа бөлінеді

Терек, найзағай, қызғалдақ, боран, жауын, жусан).

5.2 Шарты:

«Құбылыс» тобы- құбылыстың қимылдарын көрсетуді ұйымдастырады, екінші топ шешеді.

«Өсімдік»-тобы- өсімдіктердің суреттерін салады, екінші топ қандай өсімдік екенін ажыратады.

5.3 Тапсырманы орындау

Баяу музыканы жіберіп қоямын

Белгілі уақыт беріледі

5.4 Тапсырманы қорғау

Әр топтан бір оқушы шығады

Барлық оқушылар ортаға шығып, жұптасып, құшақтасып бір-біріне зиян келтірмеуге, қамқор болуға уәде береді















6. Топпен ән айту.

Әннің аты: Көктем келді

Сөзін жазған:

Әнін жазған:

1.Көктем келді, көктем келді сағынта,

Бүршік атты алма ағаштар бағында.

Біздің үйге ұя салды, алақай!

Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.

Қайырмасы

Дала гүлге оранады,

Түрлі түске боянады.

Нұрлы көктем келген кезде

Табиғат та оянады.

2.Көктем келді, көктем келді далама,

Қуанып жүр ата-ана да,бала да.

Қарымыз еріп, жылғалардан су ағып,

Үйрек, қаздар жайылып жүр жағада.













7. Үй тапсырмасы

№30 Дәптермен жұмыс 45-бет №3 тапсырма сәйкестендір

№31 127-бет Қарлығаштың ұясы С.Дүйсенбиевтің әңгімесін оқып келу







8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу музыка ойнайды



Балалар, бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді қорытындылайық.

Біз өмір бойы табиғатпен біргеміз. Табиғат-екінші анамыз. Сондықтан да оған зиян келтірмеуге, қамқорлық жасауға міндеттіміз.





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал