7


  • Учителю
  • 1 сыныпқа арналған Тілашар тойы

1 сыныпқа арналған Тілашар тойы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тілашар тойы

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : оқушылардың мектеп туралы ұғымдарын тереңдету. Мектепке деген сүйіспеншілігін ояту.

Дамытушылық : мақал-мәтелдер, олеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік : ойындар арқылы ұйымшылдыққа, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : сыныпты шарлармен безендіру, тақырыпты жазу.

Сабақтың барысы:

Мұғалім :

Қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан бүгінгі мерекелеріңіздің куәгерлері 1 «А» сынып оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар. Ендеше, бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.



Айналайын балалар,

Алдыңда Мектеп - Ана бар!

Өздеріңнен өседі,

Өнерлілер, даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл, ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Ән «Сәлем саған, мектебім»

Перизат: Тану үшін бабаңды,

Тану үшін анаңды,

Тану үшін ғаламды

Мектеп керек адамға!

Нұрдәулет:

Сақтау үшін арыңды,

Сатпау үшін жаныңды,

Өсіруге танымды -

Мектеп керек адамға!

Еркебұлан: Қатарыңа қарасаң,

Өзіңді-өзің танисың.

Өзіңді-өзің танысаң

Жақсылыққа жарисың.

Әли: Бар байлықты басқарып,

Оқу-білім тұрады.

Кітапты көп оқыған ,

Білімді боп шығады.

Мадияр: Ақыл-ойды, арманды,

Кітап биіктетеді.

Жұртқа сені талғамды,

Кітап сүйікті етеді.

Алдияр: Елімізде атақты,

Ғалым ата не тапты,

Бәрін, бірін білесің,

Оқи берсең кітапты.

Амандық: Оқушының мойнына

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты -

«Тілашар».

Нұршат: Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам,

Мектепке барам,

Асыға.

Сымбат: Қолыма алып Әліппе,

Үңілдім тұңғыш әріпке.

Қоңырау үні сыңғырлап,

Тұрғандай маған,

Тұрғандай маған қол бұлғап

Мектеп, мектеп!

Әділет: Әрбір әріп нұрланып,

Бізге сырын ашады.

Әр әріптен бір жарық,

Шұғыласын шашады.

Айнамкөз: Қарасаң сен күлімдеп,

Сыр шертеді әріп.

Әрбір сөзің білім боп,

Жатыр ойға таралып.

Альбина: Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Жансима: Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Юлия: Айтпа, жаным, өтірік,

Болам десең үлгілі.

Мәпелеген өсіріп,

Сен де елімнің бір гүлі.

Шалқар: Тапсырманы берілген

Дер кезінде атқарам.

Сенімді боп өзіме,

Өзімді-өзім басқарам.



Мұғалім:

Жақсы кітап Әліппе,

Үйретеді әріпке,

Ойыншықтармен қоштасып,

Әліппемен достастық.



«Кім зейінді?» ойыны

Балаларға әр түрлі суреттер, ойыншықтар көрсетіледі.

Егер сол суреттің басындағы дыбыс дауысты болса, сендер қызыл текшені, дауыссыз болса , көк текшені көтересіңдер.





Мұғалім : «Әліппе» сенің сырласың,

«Әліппе» досың болады.

Әріптердің шұғыласы,

Дәптеріңе қонады.





«Адасқан әріптер» ойыны.

Мен сендерге кеспе әріптерді шашып тастаймын.

Сендер сол әріптерден сөз құрайсыңдар.





Мұғалім :

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

Әли :

Мектеп деген жақсы екен,

Қызығы мол, думаны.

Жақсы көрем бәрінен

Математика сабағын.





0 ........ 10 дейін ретімен санау және кері санау.





«Қандай сандар жетіспейді?»

«Санамақ» оқу.





Ән орындалады «Әнші балапан»

Жұмбақтар шешу:

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады,

Қай әріптен басталған

Екеуінің аттары? (О)





Сауысқанда, сағызды,

Сарымсақты, сәбізді,

Бастап тұрған қай әріп

Тау мен тастың алдында? (Т)





Қатар тұрған қос қазық,

Қол ұстасып достасып. (Н)





Асқар, Асхат, Асанға,

Атасы айтты Ақанға

Албарды аш, арпа шаш,

Арпа шаш аш құстарға

Қайсы әріп көп айтылды,

Тез айтып бер ұсталма? (А)



Би: Шығыс биі (Сымбаттың орындауында)



Ертегі : « Шалқан» (қойылым)



Айнамкөз:

Осылайша жыл сайын

Ақыл қосып ақылға.

Жігерімді жұмсайын

Шәкірт атты «батырға».



Хор: « Отан»

Қорытынды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал