7


  • Учителю
  • Ашық сабақ. 'Ана -өмір шуағы' 1-сынып

Ашық сабақ. 'Ана -өмір шуағы' 1-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «АНА-ӨМІР ШУАҒЫ» Сабақтың мақсаты:Оқушыларға 8 наурыз туралы түсінік беру.Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу,ана-еңбегін ардақтап,құрметтей білуге тәрбиелеу.Оқушылардың логикалық ой-өрісін,тіл байлығын,сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту.Аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі,сауатты,анық оқи алуға машықтандыру. Сабақ әдісі:түсіндіру,сұрақ жауап Сабақ түрі:Ашық тәрбие сабақ. Сабақ көрнекілігі:ана туралы қанатты сөздер,суреттер,нақыл сөздер,шарлар. Сабақ барысы.Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті қонақтар,асыл аналар,ұлағатты ұстаздар және қыздар!Бүгін бізде үлкен мереке!Ол асыл аналарға арналған 1 ә сынып оқушылары дайындаған «Ана-өмір шуағы»деп аталатын ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.Ана-адамзат ететін жер шарының әр түпкірінде,әр үйінде мейірмен мерейдің,достықпен туыстықтың туын тіккен адам ана ұрпақ жалғасы өмірдің бастауы бибітшілікпен тыныштықты қалаушы жан осындай аналарымызбен ер жүрек қыздарымыздың арқасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні болып 1910 жылы Копенгагенде жиналған әйелдер конференциясында белгіленген.Содан бері бүл күн аналар мерекесі болып белгіленіп келеді.Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан,ананың сүтінен таралған.Сондықтан құрметті асыл аналар ,татейлер,ұстаздар қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана өмір шуағы «атты ашық сабағымызда сіздерге арнаймыз.

Көктем әні

Балалар сендер білесіңдерме дүниедегі ең сұлу жан кім? «ана «

Ана туралы сендер не білесіңдер?

Дүниеде не тәтті? Ана сүті

не жұмсақ? Алақаны

-Ана жанұяның ұйытқысы.өмір шуағы,өмірдің нұры.

Ұлы батырларда,ақында ана сүтінен нәр алып ер жеткен.

Құрметтейік адамдар аналарды

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі Ана деген асыл жан ғой

Ойлауменен істелік әр қадамды.

Демекші бүгінгі балалардың өнерлерлерін тамашалауға шақырамыз.

Балаларды тақпақтары:

1.оқушы:Қош келіпсіз құрметті ата-аналар

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Балғын шақты біз бақытты балалар

2-оқушы. Түн ұйқысын төрт бөліп

Тербеткен мені анашым

Құлынымдеп мен үшін

Әлди айтқан анашым

Ақ тілегін мен үшін

Аямайтын анашым

Сағынғанда қасымнан

Табылатын анашым

Сен дария болсаң

Мен бұлақпын анашым

Күн күлімдеп жүзінде

Бақытты бол анашым

Өзің барда қасымда

Шаттанамын анашым

Қартаймастан мәнгілік

Аман болшы анашым.

3-оқушы:Анам менің өмірімнің бұлағы

Анам менің көңілімнің шырағы

Қайда жүрсем сағынышым басылмай

Тек өзіңмен қауышқым кеп тұрады.

Түн ұйқысын төрт бөліп әлпештеген

Қиындық жоқ ,өткел жоқ ол кешпеген

Өсіріп аялаған сол ананы

Қуантып тұру керек гүлдестемен.

4-оқушы:Мереке құтты болсын аналарым

Мәпелеп еркелеттің аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым.

5-оқушы:Ақ сүтінен жаралған

Ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз

Туған елдің тілі деп

Туған елдің үні деп

Анаға бас иеміз.

6-оқушы:Ана барма ана сүтін татпаған

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты ар -намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

7- оқушы:Армысыздр мұғалімдер әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би биленіп әнде бүгін шырқалар.

Ән «анашым»

8-оқушы:Менің әжем гул әжем

Алтын әжем,күн әжем

Апам үшін мен үшін

Нағыз ана сіз әже

9-оқушы:Әлпештеген баласын

Ана-бақыт,ана-күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын

10-оқушы:Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам,ай мамам

Сені көрсем қуанам

Сен керексің қайдада

11-оқушы:Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің

Кең құшағың,аясындай гүл бақтың

12-оқушы:Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген-алтын қазық,алтын бақ

13-оқушы:Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды

Аяулы ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұстамды

Әр күн сайын айтқаныңды қайталаймын

Еске алғандай ән ұранды

Сәби алғаш дүниеге келген күннен бастап ақ өз сезімін гуілдеген үнімен білдірсе,өсе келе сезімімен,әнімен,жырымен жеткізеді.Сол сияқты бізде құдіретті аналарға деген сезімімізді өз өнерімізбен жеткізсек дейміз.

БИ:Қыздар тобы

14-оқушы:Ана деген-жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген-қайнар ыстық бұлағың

Ана деген-өмірдегі қамқорың,

Ана деген сүйенерің,жан құрбың

15-оқушы.Ана деген асылы ғой даланың

Ана деген-сағынышы баланың

Бұл өмірге қуанышпен нұр төккен

Бас иеміз алдында біз ананың!

16-оқушы:Ол-ана,адамзатқа қанық үні

Әр жүрек,әр көңілдің жарық күні

Ана деген алыбы ғой алыптардың

Ананың тілі емеспе халық тілі

17-оқушы:Анам менің жасыл бағым жайнаған

Біз бағыңда асыр салып ойнаған

Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің

Бар бақытты бір өзіңе сыйлаған

18-оқушы:Ардақты ана, аяулы ана,қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәр береді ақ сүтің

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

19-оқушы:Аналарды құрметтейміз,елейміз

Аспандағы аймен күнге теңейміз

О,аналар,сізднрді үлгі тұтып

Бақытпенен денсаулықты тілейміз

20-оқушы:Таң шуақ тәуелсіздік елімізде

Бақ-дәулет шалқи берсін жерімізде

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ,желбірей түс көгімізде

Міне құрметті қонақтар,сіздер бағанадан бері балаларыңыздың өнерін тамашаладыңыздар.Ана барлық адамның және дүниенің тірегі.Сондықтан біз сіздерді құрметпен алдарыңызда басымызды иеміз.Бүгінгі тәрбиелеп отырған ұрпақтарыңыз,ертең үлгі тұтар азаматтарыңыз болсын! Жер бетінде тыныштық болсын!!!

Ән «Ата-ананы тыңдау»





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал