7


  • Учителю
  • Күнделікті сабақ жоспары'Отан сүйген ұланбыз'

Күнделікті сабақ жоспары'Отан сүйген ұланбыз'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі

№ 8 Тақырып: «Отан сүйген ұланбыз »

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Отбасы, достық, өзгеге көмек көрсету

Мұғалiм: Қойшыбаева Лайла Амангелдіқызы

Класс: 3

Оқушылар саны: 6


Сабақ мақсаты: Оқушыларға «Отан» ұғымын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Отанға, отбасына деген сүйіспеншілік туралы мағлұмат беру.

  • Оқушылардың өзара достық қарым-қатынастарын дамыту.

  • Оқушылардың өзгеге көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Оқулық, жұмыс дәптері №1,2, қаламсап,күнделік, смайлик, интерактивті тақта, фигуралар, үнтаспа.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу. Смайлик арқылы көңіл күйлерін анықтау.

5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

Тыныштық сәтi.(баяу әуен) «Нұрға бөлену»


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№ 8. «Біздік Мәншүк» атты мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру.

  • Мәншүк Мәметованың жаудан қаймықпай ерлік көрсетуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Мәншүк Мәметованы ерлік шайқасқа қандай сезім жетеледі деп ойлайсыңдар?

  • Отанды сүю қасиеті қандай әрекетке әкеледі?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

«Отан үшін отқа түс - күймейсің.» Б.Момышұлы

А) дәйексөзді хормен оқыамыз

Ә) қатарға бөліп оқытамыз

Б) ұлдарға оқытамыз

В) қыздарға оқытамыз

Г) дәптерге жаздырамыз

  • Балалар, дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Отан үшін ерлік жасаған тағы кімдерді білесіңдер?

  • Неліктен күймейді?


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Отан сүйген ұлан бол!» (әңгіме) Б.Момышұлы

Адам өміріндегі үлкен қуаныш - бала сүю. Ана бөпесіне ақ сүтін береді, түн ұйқысын төрт бөледі. Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың бүлдіршін балдырған балалардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын. Қырық жыл қырғында тірі қалғандардың бірімін.

Мен - әскерей адаммын. Сондықтан бізді айбынды ұлдарыңыздың тоқалы тойы - мен үшін үлкен де ерекше қуаныш мейрамы. Талай жылдар өтті, бірақ ешқашанда, ешбір жерде де біздіің сарбаздарымызды ешкім жеңе алмады. Азамат соғысы жылдарында ол он төрт мемлекеттің жорығын тойтарып тоқтатты. Бұл ұлан екінші дүние жүзілік соғыста зор күші бар фашистер әскеріне қирата соққы беріп жеңіп шықты.

Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды. Бейбітшілік қорғаушы жеңімпаз біздің хлқымыз, жер жүзіндегі әділетті халық. Мен осындай елдің солдаты болғанымды мақтан етемін.

Менде адаммын жаралған сүйек еттен

Арым, бар намысым бар жан тербеткен.

Қазақтың қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

Балаларыма, немере, шөберелеріме жалғыз айтар тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер!

  • Б.Момышұлының айтқан сөзінен не түсіндік?

  • Отан неліктен қымбат?

  • Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді қалай көрсетер едіңдер?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды фигуралар таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.

  1. топ. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жалғастыру, бір мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру.

1.Отан... да ыстық.

2.Отансыз ...,

Ормансыз бұлбұл.

3.туған жерге ... тік.

4. ел үш - алтын .....

5. Отан - ... басталады.

6. Ер - ..., гүл - жерінде.

7. Отан үшін ... - ерге тген үлес.

2 топ. «Отан сүйген ұланбыз» атты тақырыпта сурет салу, әңгімелеп беру.

  1. топ. Өлеңді өз шығармашылықтарымен аяқтап жазу.

Мен оны түнін сүйем, күнін сүйем,

.......................................... гүлін сүйем.

Мен оның .................................. сүйем,

Мен оның ................................... сүйем.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны .................................. өтем.


  1. Топпен ән айту.

Риясыз махаббат, Құрмаш Маханов:

Мен де сеніөмір-ау жантәнімменсүйгенмін,

Жүрекаттықоңырауелтіпкүйгенмін.

Туғанжердіңшаңын да махаббатпенсіңіргем,

Естеліккөпжадымдабалғынкүнімнен.


Өмірімбалдай, көңілімқардай,

Сенімімшамдайшынмахаббаторнаса.

Реңімәрсіз, білегімәлсіз,

жүрегімәнсізшынмахаббатболмаса


Анашымаеркелеп, әкешімеасылып,

Есейсемдепертерекөстімасығып.

Үмітсыйлапәркешке, жанабердікөзімде от,

Парталасқызқалдыестемөлдірсезімбоп.


Өмірімбалдай, көңілімқардай,

сенімімшамдайшынмахаббаторнаса.

Реңімәрсіз, білегімәлсіз,

жүрегімәнсізшынмахаббатболмаса


Асылдосқаназым бар, ғашықжарғасезім бар,

Балаларғасазым бар, жылысөзім бар.

Олар барда өмір бар, күліпатарақтаңым,

Бақытдегенменің бар махаббатарым.


Өмірім балдай, көңілім қардай,

Сенімім шамдай шын махаббат орнаса.

Реңім әр сіз, білегім әлсіз,

Жүрегім әнсіз шын махаббат болмаса

  1. Үй тапсырмасы.

№9 38-бет.

М.Төржанов «Алғыс» мәтінін оқып келу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Ойлаған ойларымыз, сөйлеген сөздеріміз, істеген әрбір істерімізді сүйіспеншілікпен жасайық. Бүгінгі алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал