7


  • Учителю
  • классный час на тему: Армысың, әз Наурыз

классный час на тему: Армысың, әз Наурыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Армысың,әз Наурыз!»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар,нақыл сөздер,шарлар.
Барысы: 1-жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

2-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, ағайын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

1-жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.

Шашу шашылады.

Ән: «Наурыз көктем»

2-жүргізуші:

Уа, ағайын!

«Наурызым - бабамның сөзі,

Наурызым - анамның сөзі,

Ғасырдан ғасырға жеткен

Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:

Төле би рөлінде:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Қазыбек би рөлінде:

Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!

Әйтеке би рөлінде:

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!

1-жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз!

2-жүргізуші:
_____________ сен білесің бе? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі қазақ халқының тұрмыс - салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.
1 жүргізуші:

Иә, иә, _____________ менің естуімше Жаңа жылды, Наурыздың 22 - сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған.
Олай болса бүгінгі мерекеміз сайыс түрінде өтпекші.Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

1. Көрініс (салт-дәстүр көрсету)

2. Өз өнерін көрсету

3. Сұрақ-жауап

4.Ұлттық дастархан

2-жүргізуші: Бауырласқан тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр менен салтымыз, - дей отырып келесі кезекті қазақ халқының рәсімдеріне берейік.

«Тоқымқағар және Сүйінші»

1-жүргізуші: Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!

2-жүргізуші:

Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім көптен бері.

Ән: «Көктем»

«Наурыз айтысы»

1-жүргізуші: Келесі кезең «Өз өнерін көрсету» деп аталады.

2-жүргізуші: Әр сынып өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетеді.

1-жүргізуші:
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз! 2-жүргізуші: Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.

1-жүргізуші: Ендігі кезекте ата-аналарға Наурыз мерекесіне байланысты сұрақтар қойылады.

2-жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбенен бірге жырлашы.
Дастарханына елімнің,
Береке - ырыс сыйлашы, дей отырып «Ұлттық дастархан» кезеңіне де келіп жеттік.

1-жүргізуші: Әр топ өзінің дайындап әкелген ұлттық тағамы туралы қысқаша айтып өтеді.

Ән: «Дастархан»

Ата-аналарды марапаттау.

Қазақтың ұлттық ойындары: «Арқан тартыс және Білектесу» ойналады.

1-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал