- Учителю
- Конспект урока на тему Жылқы
Конспект урока на тему Жылқы
Сабақтың тақырыбы: Жылқы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын қалыптастыру, өлеңнің мазмұнын түсінуіне мүмкіндік жасау, сөз және оның мағынасы, мағынасы қарама қарсы сөздер туралы түсінік алуға мүмкіндік жасау;
2. сауатты, көркем жазуға төселдіру, оқушылардың сөздік қорын молайтып, тілін, шығармашылығын дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
3. Әдептілікке, татулыққа, бірін бірі сыйлауға, ережені сақтауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жеке, топтық, сұрақ-жауап, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: сабаққа қажетті жазулар, кестелер, сюжетті суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
-
Оқушыларды түгендеу
-
Зейіндерін сабаққа аудару
-
Психологиялық даярлық «есімдер синонимі»
-
Жұмыс ережесін құру
Сабағымызды бастамас бұрын, бүгінгі сабағымыздағы жұмыс жасау ережесін құру
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын тексеру: «сұқ саусақ» мәнерлеп оқу.
«Жылқы» топтастыру. Мәлімет оқыту.
Сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
173- жаттығу
Мұғалімнің өлеңді оқуы
Оқушылардың өлеңді тізбектей оқуы
Мазмұны бойынша сұрақтар қою:
-
Өлең не туралы?
-
Жылқының қандай пайдасы бар?
-
Жылқының төлін қалай атайды?
Сөздік жұмысы:
Қыл - жалдың, құйрықтың жіңішке, ұзын талы
Қоғалы - қоға өсімдігі өсетін жер
Қыл сөзінің ортасындағы дыбысты өзгерту арқылы бірнеше сөз жасау.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. Партада отыруларын қадағалау.
Жылқы сөзіне дыбыстық талдау. Тақтада.
«сиқырлы сөздер» берілген сөздерге қарама қарсы сөздерді айту.
Қорытынды жасау, қарама қарсы мағыналы сөздерге мысалдар келтірту.
177 - жаттығу. Әр сөздің тұсына мағынасы қарама қарсы сөз тауып жазу.
Ойтолғаныс
178- жаттығу. Жұптық жұмыс. Сөздердің қарсы мағыналы сыңарын табу.
Берілген тақырып бойынша сұрақтар қою.
Тест
-
Мағынасы қарама қарсы сөзі бар сөйлемді тап
А.сынып өте таза
Ә.Әжем ақ-қара жүнді иірді
Б.ауа райы қандай тамаша!
-
«Үлкен» сөзіне мағынасы қарама қарсы сөзді тап
А.жіңішке
Ә.биік
Б.кіші
-
«балалар» сөзінің буынға дұрыс бөлінгенін көрсет
А.бал - а- лар
Ә.ба-ла-лар
Б.ба-лалар
-
Қыл сөзі қандай мағына береді?
А.жалдың, құйрықтың ұзын талы
Ә.жылқының құйрығы
Б.жылқының тұяғы
Бағалау.
Үйге тапсырма: мәнерлеп оқу, мәлімет.
Рефлексия: сен өзіңді не үшін мақтай аласың?