- Учителю
- Конспект урока по казахскому языку 'Я әрпінің жазылуы'
Конспект урока по казахскому языку 'Я әрпінің жазылуы'
Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы.
Сабақтың мақсаты: Я әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йа дыбыстары естілгенімен я әрпі жазылатындығын түсіндіру.
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын еске түсіру.
III. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе бөлім.
Жұмбак шешіледі.
Қоянда бар,
Қайыңда жоқ.
Қиярда бар,
Қиында жоқ.
Жұмбақтың шешуі: я әрпі.
Қоян, қияр сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады.
Қоян - екі буын, 4 әріп, 5 дыбыс.
Қ - дауыссыз дыбыс.
О - жуан дауысты дыбыс.
Я - дауысты дыбыс.
Н - дауыссыз дыбыс.
Проблемалық сұрақ:
- Қоян және қияр сөздері төрт әріппен жазылады. Ал осы сөздердің айтылуында неліктен бес дыбыс болып тұр?
- Қоян және қияр сездеріндегі я дыбысы екі дыбыстан тұрады, йа естілгенімен я жазылады.
2. Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Олең оқылып, мазмұны ашылады.
Қарамен жазылған «оянғаны, таянғаны» деген сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.
Бұл сөздердегі я әрпінің қандай дыбыстардан құралганы айтылады.
2-жаттыгу. Мәтін оқылады. Берілген тапсырма бойынша мәтіндегі тиісті сөйлемдер кешіріліп жазылады. Я әрпінің айтылуы мен жазылуы салыстырылады.
Я әрпі бар екі-үш сөздің айтылуы мен жазылуын тақтаға жаздырып, салыстыру.
Мысалы:
Айтылуы Жазылуы
Айан Аян
тайау таяу
байау баяу
Оқушылар осындай жұмыстардың арқасында я дыбысының екі дыбыстан тұратындығын өздері түйіндейді.
Мұғалім я дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екенін, сөзде йа дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылатындығын айтып қорытындылайды.
Ережені пысықтау мақсатында төмендегідей жұмыс жүргізіледі:
-
Оқушылар я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіреді.
-
Сол сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырады.
-
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.
Оқулықтағы 3-ші және 5-жаттығулар орындатылады.
Шығармашылық тапсырма:
Тірек сөздерді пайдаланып, «Ана» тақырыбына өлең немесе шығарма жазғызылады.
Тірек сөздер: аяулы ана, ардақты ана, қымбатсың маған, ақ сүтіңді бердің, аялайсың, мәпелейсің.
IV. Сабақты қорытындылау.
а) Алған білімдерін бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Я дыбысы қандай дыбыс?
-
Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.
-
Сол сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.
ә) Сөздік диктанты алынады. Я әрпі кездесетін сөздердің астын сызады. Жазылуы мен айтылуын салыстырады.
Баспалдақ, баян, шытырман, шаян, сыбызғы, саяз, тобылғы, таяз, жапырақ, жая.
V. Үйге тапсырма беру.
4-жаттығу.