- Учителю
- Баяндама: Оқушының сауатты жазу дағдысын жетілдіру
Баяндама: Оқушының сауатты жазу дағдысын жетілдіру
Баяндама: Бастауыш сынып мұғалімі: Надирова Қ.А
</ Тақырыбы: «Оқушылардың сауатты жазу дағдысын жетілдіру»
Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларын оқытуға ерекше мән берген.Онда бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге оқу, жазу, санау,шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу әрекетін ұйымдастыру атап көрсетілген және оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндігін ашу,білігін қалыптастыру көзделген. Қазіргі таңда мұғалім оқушыға алдын-ала бәрін өзі дайындап бермеуі тиіс,оқушы өзі ізденуі қажет. Ал мұғалім оқушының оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы ,оған басшылық жасауы қажет. «Тәуелсіз ел-тірегі-білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселелердің бірі-білім беру,ғылымды дамыту,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.Ал бұл істің қайнар көзі білім ордасы-мектеп ,ал мектептің -жаны мұғалім. Олай болса ел сенген мектеп мұғалімі: «Оқыту дегеніміз-екі есе оқу» деген қағидаға сәйкес болуы шарт.Осы қағидаға сүйене отырып мен де әр түрлі бағдарламаларды, әдіс-тәсілдерді оқып, салыстырдым. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда жаңаша міндеттер қойып отыр. Мұның өзі әрбір мұғалімнен оқу үрдісін қайта қарауды бұрыннан қалыптасқан әдістер мен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды қажет етеді. Оқытудың дәстүрлі түрінен басқа форма бар ма екен? Оқушыда неге білім алсам деген ой бірінші емес? Оқушыны неге баға үшін оқиды? деген сұрақтар мазалады. Сонымен қатар оқытуды жазу түрлерін меңгерсем, жаңа әдіспен жұмыс істесем,ерекше формамен таныссам деген құштарлығым басым болды. Ол жаңа тәсіл -балаға жазба тіл дағдысына үйрету. Бұл әрекеттің жаңа тәсілінің мәні, жаңалығы мынада: бала психологиясының мектепке дейінгі табиғи даму динамикасын үздіксіз бірізді жалғастырып алып кету арқылы алдағы уақытта баланың жазба тілін дамытып,сшығармашылығын арттыруда интеграция арқылы негіз салу және әрі қарай дамыту.«Тіл дамымаған баланың басқа да психикалық қызметтері дамымайды».Әсіресе, жазба тілді дамыту маңызды және күрделі мәселе. «Жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айырықша тіл функциясы. Ол өте қиын саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы ». Осы уақытқа шейін жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі (элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді жалғастырып жазу кезеңі) бары,сол кезеңдерге қойылатын талаптарды орындауға төселдіру қажеттігі және мұның бәрі өте күрделі процесс болып табылатындығы туралы айтылып және басшылыққа алынып келді. Шын мәнісінде,әдебиеттерді зерттей келе, осы кезеңдер арқылы ғана баланы жазба тілде үйретуге болмайтындығына көзіміз жетті.
Бұл жөнінде профессор Т.Тәжібаев: «Жазба сөзді жақсы білу үшін психологиялық операцияны жаңа түрде пайдалану керек»-десе, Л.С.Выготский: «әріп жазуға үйрету деп ойламау керек»-дей келіп,әрі қарай осы күнгі қолданып жүрген дыбыстық талдаудың да жазуға үйрету жолына жатпайтындығы туралы:»....тәжірибе көрсеткендей, сөз ішіндегі дыбыстарды талдай алатын бала сөз жазып кетеді деп айтуға болмайды,оған жазу механизмін үйрену қажет» дейді. Ғалымдардың « жаңа түрдегі психологиялық операция пайдалану керек », жазба тіл дағдысына үйрену қажет» деп отырғандары баланы жазу әрекетіне үйретудегі жаңа тәсіл.Себебі,онда рухани-адамгершілік құндылықтың іргетасы қаланады.Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы дамып интеллекті баийды.Сондықтан жұмысты дұрыс,сауатты атқаруға бірден үйрету керек. Мұндай жағдайдағы сауаттылық -ол бәрінен бұрын міндеттерді шешеудің шығармашылық жұмысқа үйрету барысында оқытудың жалпы мақсаты мен міндеттерін жоспарлап есепке алу керек. Жұмысқа үйрету кезінде мына ережелерге сүйенгені дұрыс.
1.Оқушы, әсіресе, бастауыш сынып оқушысы нақтылы бір зат жасай алмайды. Демек, шығармашылық тапсырманы оқу барысында игерген біліміне сәйкес және оны сол тапсырманы орындауға мүмкіндігінше толық қолдана алатындай етіп беру керек.
2.Тапсырылған шығармашылық жұмыстар сауатты түрде орындалатын болуы шарт. Ережені білу топтастыру оны практикада іскерлікпен пайдалана алу шеберлікке әкеп тірейді. Нақтылы бір істі атқаруда шығармашылық қиялды үстірт пайдалануға жол беруге болмайды. 3.Бастауыш сынып оқушылары көп жағдайда шығармашылық жұмысты сауатты атқара алады.Сондықтан мұғалім тапсырманы біртіндеп күрделендіре отырып , негізгі үлгіге байланып қалмай мөлшерлете орындатып отыруы шарт. Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында тағы бір жеке-дара мақсатты да алға қою мүмкінддігі бар. Ол-баланың іс-әрекетке икемділігі мен қабілетін ашып дамыту және есепке алу. Шығармашылықпен жұмыс істеудің нәтижесін келешекте өзінің икем қабілетін сапалы түрде мамандық таңдау жолында пайдалануға болады. Осы мақсатты пайдаланып сабақта әр оқушы шығармашылық қоржын жинақтайды. Шығармашылық қоржынға оқушы өзінің, өтірік өлеңдер,қиялдарынан шығарған ертегілерін топтастырады.Тиянақты шығармашылық жұмыс жүргізіп отырған оқушылар мұғалім тарапынан марапатталып отырады. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойланын дамыту туралы «Ойлау жанның өте қиын терең ісі »деп атап көрсете келіп,тәрбиеші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.
Ол үшін сауат ашудың негізгі мақсаты- оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық ,есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді таныту, буын, сөз, сөйлемді оқуға үйрету сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру өздігінен оқуға,жазуға дағдыландыру,кітап оқуға қызығушылығын арттыру,ауызша сөйлеуге үйрету жүзеге асырылады.Осы мақсатты шешу үшін,сауат ашуда төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек.
- оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- оқыту принципттерін басшылыққа алу;
- сөйлеу тілінің дыбыстық,ерекшеліктерін меңгерту,яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету:
- буындап оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру;
- дыбысты әріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға,сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас жазуға үйрету;
-жазудың талаптарын орындату;
-балалардың сөйлеу тілін,байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Әріпті жаза білуге үйрету емес,оның әрбір элементін дұрыс сақтауға,оңға қарай біркелкі көлбеу,таза,анық жазуға машықтандыру.Көркем жазу-адам өмірінде әсемдік пен сәнділікті сақтаудың,оны жетілдірудің бір жолы. Соның ішінде оқушылардың жазуына каллиграфиясына тоқталатын болсақ,ол тек мектеп қабырғасында қалыптасады.
Сауат ашу-аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Бала сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп,күнднлікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс.Әдетте,мұғалім жалпы жазу жұмысын ,оның ішінде сауатты жазуды бастаудан бұрын сыныппен біршама дайындық жұмысын жүргізуі тиіс. Ондай даярлық жұмыстары жаза білу икемділіктерін меңгеруге керекті дәстүрлі ережелерді қамтиды.Жазуды жазылуы оңай әріптермен бастап, жазылуы қиын әріптерді жазуға біртіндеп көшкен дұрыс.Оқушының жазуын елемеу деген сөз емес. Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауда,оның сауаттылығын арттыру керек.
Осы талаптарды орындау негізінде оқушылардың көркем жазу дағдысы қалыптасады. Әдемі жазу-өнер. Таза, анық әдемі жазуды оқу да жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке,тыңғылықтылыққа үйретеді.