- Учителю
- Сабақ жоспары 'Өзін - өзі тану' 4 - сынып
Сабақ жоспары 'Өзін - өзі тану' 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала
Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсініктерін қалыптастыру;
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
- инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:дәптер, оқулық, үнтаспа, екі плакат, маркер
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
«Біз-туған ел баласы» сөзі: Қ.Ыдырысов, әні:К.Қуатбаев
Әңгімелесу
- ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
-«Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық» дегенді қалай түсінесіңдер?
Жағдаяттарды талдау
сурет арқылы көрініс көрсетеді
Мәтінмен жұмыс
«Кімнің жұмысы»Т.Дәуренбеков
-Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді?
-Қыз бала мен ұл бала достығы дегенде нені түсінесіңдер?
Шығармашылық жұмыс
Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлінеді
Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
(Әр топ өз ойларын плакат бетіне түсіреді.Жұмыстарын қорғайды.)
Дәйексөз
«Ел ұлымен берік, қызымен көрік» халық даналығы
Ойын
«Егер ұл болсам..., егер қыз болсам...» ойыны
Күтілетін жауап:
Егер мен ұл болсам елімді қорғаймын; қыздарға көмектесемін т.б.
Егер мен қыз болсам өте таза жүремін; дөрекі сөз айтпаймын т.б.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма: «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап жазады.
Жүректен-жүрекке
Бір қыз, бір ұл болып араласып тұрады.Көршісіне « Мен сені сыйлаймын, сенімен достасқым келеді» деп, оның қолын қысады.
Е.Өтетілеуов «Ұл бала мен қыз бала»
Өзін-өзі тану,4 сынып жарты жылдық жоспар
Пәні: Өзін - өзі тану
Күні:
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану, өмірді тану
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* 3-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;
* адамгершілік құндылықтарын білуге,өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;
* сыйластыққа,кішіпейілдікке,ізгілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық, «алтын сақа»(асық).
Шаттық шеңбері Балалар бір-бірімен құшақ жая сәлемдесіп шығады, А.Асылбековтың «Шұғылалы әлем»атты өлеңін мұғалім айтып,оқушылар қайталайды.
Әңгімелесу Сабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі:
* Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?
* Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?
Мәтінмен жұмыс «Мақтай неге мақталар?» өлеңіндеде аталған жақсы қасиеттерді атап, оқушылар аталған қасиеттерді бірге оқиды.
Ойын Оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып шығуы үшін ойын ұйымдастырылады.
Мәтінмен жұмыс «Екі дос және қария» аңыз әңгімені оқып шығу.
Тыныштық сәті Балалардың денесі, ойы сергітіледі.
Дәйексөз «Өзін-өзі танудың»кіріспе сабағы болғандықтан өзін-өзі танудың қажеттілігін білу мақсатында дәйексөз түсіндіріледі.
Жаңа ақпарат Балаларды жаңа ақпаратпен таныстыру, өзін-өзі тану туралы ой түйіндеу.
Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген сұрақтардың тұсына жауап жазу.
Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып, сабақты қорытындылау.
Жүректен жүрекке Оқушылар шеңбер құрып тұрып, қол ұстасып бәрі бірге «Өзін-өзі тану арқылы өмірді танимыз» деп екі рет қайталайды. «Керек» өлеңін оқиды.
Тексерілді: Досманова А.И.
Өзін- өзі тану .
4-сынып. 1-тоқсан
2-ші сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Білімге құштарлық
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Білім,даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;
* Білімге,оқуға қызығушылықтарын дамыту;
* Білімді бағалауға тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «білім»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық.
Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдеседі.
Әңгімелесу Білімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. С.Баязитовтың «Мақал мәнісі» атты өлеңін оқушылармен қосылып айту.
* «Білекті- бірді жығар,білімді-мыңды жығар»деген мақалды қалай түсінесіңдер?
* «Кітап-білім бұлағы,білім-өмір шырағы».-дегенді қалай түсінесіңдер?
* Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?
Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?
Мәтінмен жұмыс Оқушыларға Қ.Толыбаевтың «Құштарлық»әңгімесін оқу.
* Талапты баланың біліиге деген құштарлығын қалай аңғаруға болады?
* «Оқу-инемен құдық қазғандай жинайтын қазына»дегенде нені түсінесіңдер?
* Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандый жақсы қасиеттерді көрдіңдер?
Дәйексөз Тақтаға жазылған «Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы» деген мақалдың мәнін түсіндіру.
Жаңа ақпарат Оқушылардың сабақта алған білімдері жаңа ақпарат арқылы түйінделеді.
«Адам білім арқылы қоршаған табиғатты, айналаны танып біледі.»
Мәтінмен жұмыс Оқушылардың білім туралы білетіндерін толықтыру мақсатында Ф.Оңғарсынованың «Білім керек бәріне» өлеңін оқуды ұсыну.
Тапсырма Тақырыпты пысықтау мақсатында төмендегі тапсырманы орындау тапсырылады.
«Аружанға хат жазып,өз тілектерін білдіру.»
Ойын-жаттығу Оқушылардың білімге құштарлықтарын байқау мақсатында «Жалғасын тап» атты ойын-жаттығу ұйымдастыру.
Дәптермен жұмыс Оқушылардың сабақта айтылған ойларды пысықтай түсу үшін дәптердегі тапсырма орындалады.
Тыныштық сәті Балалардың қабілетін арттыру мақсатында осы тәсіл арқылы олардың денесі,ойы сергітіледі.
Жүректен жүрекке Оқушылар білімге құштарлықтарын А.Сопыбаевтың өлеңі арқылы білдіреді. Бәрі бірге екі рет қайталайды:
Талаптанып Білім алып
Қанаттанып, Тұлғаланып,
Өмір сырын ұғамыз.
Азамат боп шығамыз.
Үйге тапсырма:
Тексерілді: Досманова А.И.
Өзін- өзі тану .
4-сынып. 1-тоқсан
3-ші сабақ.
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Ойлы бала озар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Терең ойдың,ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
* Ойлай білу іскерліктерін дамыту;
* Ойлылыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: «Ой» ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық.
Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі. Балалар бір-біріне жақсы тілектер тілеп, М.Хакімжанованың «Сәби ойы» өлеңін оқиды.
Жаңа ақпарат Оқушыларды «Адам ойлылығын іс-әрекетінен, ақылынан көруге болады. Әр ісін ойлап,ақылмен істеген адам айналасындағыларға сыйлы болады. Ол өз мақсатын айқын көріп, мұратына жете алады.» - деген жаңа ақпаратпен таныстыру.
Дәйексөз Ұлы Абайдың «Терең ой-асыл іс» деген нақыл сөзіне оқушылырдың зейінін аудару және оның мәнін түсіндіру.
Тапсырма Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін тапсырма ұсыну: «Ойлау арқылы адамзат қандай жетістіктерге жеткенін айтып беру».
Ойын Балалардың ойлылығын байқау мақсатында ойын ұйымдастыру.
Тыныштық сәті Ауызша жұмыс түрлерінен кейін балалардың денесін,ойын тынықтыру үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.
Дәптермен жұмыс Асан мен Үсеннің бойындағы қасиеттерді жазу.
Қорытындылау
-Бүгінгі сабақта ойлану мен терең ойдың мәнін түсіндік және оған қол жеткізудегі адами қасиеттер туралы білдік.
Жүректен жүрекке Оқушылар шеңберге жиналып, «Менің жадым» өлеңін оқиды.
Үйге тапсырма:
Тексерілді: Досманова А.И.
Өзін- өзі тану .
4-сынып. 1-тоқсан
4-ші сабақ.
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым-менің ұжымым
Ұжымда болу-бақыт. Ә.Табылдиев.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
* Өзара татулық,сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
* Бірлікке,сыйластыққа,достыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «ұжым», «достық»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық, ноутбук.
Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.Балалар «Дос болайық бәріміз» әнін шырқайды.
Әңгімелесу
* Бірлік,сыйластық,түсіністік,ұйымшылдық,ұжымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
* Өз сыныбың несімен ұнайды?
Мәтінмен жұмыс Оқушыларға сынып ұжымындағы қарым-қатынастар туралы түсінік беру мақсатында М.Гумеровтың «Күмән» әңгімесін оқу.
Дәйексөз Ә.Табылдиевтың «Ұжым болу-бақыт» дегн нақыл сөзінің мәнін ашып түсіндіру.
Жаңа ақпарат Оқушылардың сабақта алған білімдерін жаңа ақпарат арқылы толықтыру.
Тыныштық сәті Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт денесі,ойы сергітіледі.
Жағдаяттарды талдау Оқушылардың сынып ұжымы туралы пікірлерін білу мақсатында жаттығу-ойлану жүргізіледі.
Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген бос жолдарға өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жазу.
Қорытындылау
-Біз бүгінгі сабақта сыныптастар арасында өзара сыйластық,достық,түсіністік,кешірімділік болуы тиістігін ұғындық.Біз бір ұжым екендігімізді сезіндік.
Жүректен жүрекке Балалар кезектесіп сыныптастарына тілек айтады және А.Шамкеновтың «Біздің сынып» атты өлеңін түсініп оқиды.
Үйге тапсырма:
Тексерілді: Досманова А.И.
Өзін- өзі тану .
4-сынып. 1-тоқсан
5-ші сабақ.
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Менің арманым
Арман-адамға қанат.(Халық мақалы).
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Арман ұғымы туралы түсінік беру;
* Балалардың ойын,қиялын дамыту;
* Жақсылыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,сөзжұмбақ.
Шаттық шеңбері Оқушылар оқулықта берілген «Бала арманы» өлеңін оқиды.
Әңгімелесу Оқушылардың арман туралы ойларын білу үшін әңгімелесу жүргізіледі:
* Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?
* Өздеріңнің қандай армандарың бар?
* Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
* Арманға қалай қол жеткізуге болады?
Мәтінмен жұмыс Оқушылар оқулықта берілген мәтіндерді кезектесіп оқиды.
* Өлең неліктен «Арман мен ақыл» аталған деп ойлайсыңдар?
* Білімнің арманға қандай қатысы бар?
Дәйексөз «Арман-адамға қанат» деген халық даналығының мәнінтүсіндіру.
Ойын Оқушылардың жақсы ниетпен армандауына ықпал ету үшін ойын ұйымдастыру.
Жаңа ақпарат «Адам көкейіндегі ізгі ниет,болашақтан күтер үміт,алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады».
Тапсырма «Арман алға жетелейді»дегенді қалай түсінесіңдер деген тапсырманы орындау.
Шығармашылық жұмыс Сөзжұмбақты шешу.
Тыныштық сәті Балалардың денесі, ойы сергітіледі.
Жаттығу-ойлану Оқушылардың сабақтан түйген ойларының бекітіле түсуі үшін жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.
Дәптермен жұмыс Армандарың туралы қысқаша әңгіме жазу.
Қорытындылау Оқулықтағы қоржында берілген сөздермен түйіндеу.
Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып,қол ұстасып тұрып «Нағыз адам болғым келеді»дегенді бәрі бірге үш рет қайталап айтады.Оқулықта берілген Ә.Есмағамбетовтың «Өмірге» деген өлеңін оқиды.
Үйге тапсырма:
Тексерілді: Досманова А.И.
Өзін- өзі тану .
4-сынып. 1-тоқсан
5-ші сабақ.
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Ата-баба өнері
Еңбек-өнер өрісі,
Өнер-өмір жемісі.(Халық даналығы)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Ата-баба -өнері,соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылын түсіндіру;
* Қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылықтарын арттыру;
* Қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға,сақтауға тәрбиелеу.
Мақсаты: «Өнер»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,түсті қағаз,қайшы.
Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады.Оқулықта берілген А.Естеновтың «Ардақты ата-бабалар» өлеңін оқиды.
Әңгімелесу
* Ата-баба -өнері дегенді қалай түсінесіңдер?
* Өздерің өнердің қандай түрлерін ұнатасыңдар?
* Өнердің адам өміріндегі рөлі қандай?
Мәтінмен жұмыс Мәтінмен жұмыс ретінде оқушылардың назарына , ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру үшін өсиет әңгіме ұсынылады.
Шығармашылық жұмыс «Суреттерге қарап ,өнердің түрлері туралы әңгімелеп беру.Ұнаған өнер түрлерін дәптерге бейнелеу.»
Жаттығу-ойлану Қазақ халқының ою-өрнектерінің мәнін,ерекшеліктерін түсіндіру және айтылған ойларды бекіту мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастыру.
Тыныштық сәті Ауызша жұмыс түрлерінен кейін балалардың денесін,рйын тынықтыру үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.
Әңгімелесу Сабақтың тақырыбын нақтылай түсу үшін әңгімелесу ұйымдастырылады:
* Қандай ою түрлерін білесіңдер?
* Қазақтың ұлттық өнерінің қандай ерекшеліктері бар?
* Өнердің қай түрін үйренгілерің келеді?
Тапсырма Сабақтан түйген ойларын бекіте түсу үшін С.Медеубекұлының «Ою хан мен Жою хан» ертегісін оқыту.
Дәйексөз «Еңбек-өнер өрісі.Өнер -өмір жемісі» деген халық мақалына оқушылардың назарын аудару.
Жаңа ақпарат «Өмірді шығармашылық пен көркем образдар арқылы суреттеуде ерекшк қабілет,шеберліе,іскерлік байқатқан адамды өнерлі адам деп атайды. Өнер адамның өміріне нәр береді,оның құштарлығын арттырады ».
Дәптермен жұмыс Дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіру.
Қорытындылау
-Ата-бабаларымыздың ою-өрнекті текқана әсемдік үшін жасамайтынын білдік.Ою мазмұнына үңілсек өмір сырын,тарихын оқи алатынымызды түсіндік.Ата-бабамыздың осындай құнды өнерінің ұрпақтан-ұрпаққа жетуі үшін біз де өз үлесімізді қосуға тиіспіз.Оның адам өміріндегі мәнділігін өзімізден кішілерге жеткізу,жасалу жолдарын үцрету-біздің де парызымыз.Ол үшін біз еңбектенуіміз керек.Қазақ халқының барлық бұйымдарына салынатын дөңгелек өрнегі «Күн», «Шыққан күн» деп аталып,адамдарға тек қана жарық күн ашық аспан тілеген армандарынан туған.Қазір біз де күн сияқты дөңгеленіп тұрып бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып,қол ұстасып тұрып,кезегімен бір-біріне жылы сөздер айтады. «Өнер» туралы өлең оқиды.
Үйге тапсырма:
Тексерілді: Досманова А.И.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан
7-ші сабақ.13-ші қазан.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Тілім-менің тірегімі
Сүйемін туған тілді,анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.С.торайғыров
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
* Ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру;
* Ана тілін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына»атты үш үлкен қақпа.
Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады.Сабақ тақырыбымен таныстыру және өлеңді бірге айтуды ұсыну.
Сахналау Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.
Дәйексөз С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді,анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім »,-деген өлең
жолдарымен таныстыру.
Жаңа ақпарат «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Ана тілін сүю,құрметтеу,мақтаныш ету-әр-бір азаматтың міндеті».
Тапсырма «Ана тілің -арың бұл»деген сөзді түсіндіру.
Дәптермен жұмыс Дәптердегі нақыл сөздерді оқып мағынасын түсініп алу және өмірде қолдану.
Жүректен жүрекке Балалар ана тіліне деген махабаттын өлең жолдары арқылы білдіреді.Бәрі бірлесе отырып өлең жолдарын қайталайды:Б.Үсенбаев. «Жүрегімнің бөлшегі».
Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан
8-ші сабақ.20-шы қазан.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Мен елімнің азаматымыні
Ел іші-алтын бесік(Халық мақалы)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Туған ел,өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
* Елге,Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
* Елжандыққа тәрбиелеу.
Мақсаты:Оқушылардың «Отан», «ел», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық.
Шаттық шеңбері Балалар шеңбер құрып тұрады.Оқушыларға бірге ән айтуды айтуды ұсыну. «Өз елім»Қ.Мырзалиев,Н.Тілендиев.
Әңгімелесу Оқушылардың елге деген сүйіспеншіліктерін байқау мақсатында әңгімелесу жүргізіледі:
* Осы әнді айтқанда қандай сезімде болдыңдар?
* «Жерім деп менің,соғады мәңгі жүрегім»,-дегенде нені түсінесіңдер?
* Әнде айтылғандай,сендер өздеріңді ел «тірегімін»деп ойлайсыңдар ма?
Мәтінмен жұмыс Оқушылардың еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсу мақсатында С.Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін»әңгімесін оқу.
Жаңа ақпарат -Туған ел, туған жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді.Туған тілін,өскен жерін сүю- әрбір ұрпақтың парызы.Сондықтан да әрбір адам туып-өскен жерін аялайды,қастерлейді,қорғайды, мақтан тұтады.Өйткені Отан-алтын бесігіміз,ата-анамыз!
Сахналау Оқушылардың туғын ел туралы түсініктерін кеңейту мақсатында сахналау ұйымдастырылады.
Тыныштық сәті Ауызша жұмыс түрінен жазба жұмысқа ауысу аралығында балалардың денесі,ойы сергітіледі.
Шығармашылық жұмыс Оқушылардың сабақтан түйген ойларын байқау мақсатында берілген тақырыптарға әңгіме жазу ұйымдастырылады.
Мәтінмен жұмыс «Туған жер»өлеңін мағынасын түсініп оқу.
Дәйексөз «Ел іші-алтын бесік» деген халық мақалының мәнін түсіндіру.
Тапсырма Сұраққа жауап беру:
* Өз туған жерлеріңнің қандай артықшылығын білесіңдер?
* Ата-бабаларыңның туған жері туралы не білесіңдер?
Дәптермен жұмыс Тапсырма: Берілген өлең жолын жалғастырып,өз ойларымен жазу.
Қорытындылау Оқулықта қоржында берілген сөздер арқылы сабақты қорытындылау.
Жүректен жүрекке Балалар еліне деген мақтанышын ән жолдары арқылы білдіреді.Олар шеңберге тұрып,үнтаспаға қосылып ән айтады.
«Атамекен»Сөзі:Қ.Мырза Әли, әні:Е.Хасанғалиев
Өзін- өзі тану . 4-сынып.1-тоқсан
ІІ тарау. Адами қарым-қатынасқа үйренейік.
9-шы сабақ. 27-ші қазан.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз-жанға қуат
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.Науай.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
* Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;
* Ізгілікке,ізеттілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,үнтаспа.
Шаттық шеңбері Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,шеңбер құрып тұрады.Барлығы бірігіп берілген өлең шумағын айтып шығады.
Сахналау Оқулықтағы күн сәулесі шашақтарында берілген сөздерді пайдаланып,сахналау.
Әңгімелесу Оқушылардың жақсы сөздер әсері туралы пікірін білу үшін әңгімелесу жүргізіледі.
* Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?
* Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
* Жаман,дөрекі сөздер естігенде қандай сезімде боласыңдар?
* Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?
Мәтінмен жұмыс Жылы,жақсы сөздердің адамға әсерін түсіндіру үшін балаларға «Сыпайы қоян»ертегісін оқып беру.
Дәйексөз Тақтада жазулы тұрған Науаидың «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген нақыл сөзіне балалардың назарын аударып және оның мәніне тоқталу.
Жаңа ақпарат «Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді.Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді.Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа,достыққа қолд жеткізеді.»
Шығармашылық жұмыс Оқушыларды жақсы,жылы сөздерді айтуға дағдыландыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастыру.
Ойын-жаттығу Оқушылардың сабақтан түйген ойларының бекітілуі мақсатында ойын-жаттығу ұйымдастыру.
Тапсырма Өздері жиі қолданатын жақсы сөздерді дәптерге жазып келу.
Дәптермен жұмыс Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтауға тапсырмалар беріледі.
Қорытындылау -Жақсы сөз,жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп,олардың жүрегіне жылу береді,көңіліне қуаныш сыйлайды.Жылы сөз адамдарды татуластырады,достастырады.Жақсы сөздерді бір-біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.
Жүректен жүрекке Балалар жылы сөздер шеңберін құрады.Мұғалімнен бастап,барлық оқушы қолдарын өз жүрегінің тұсына апарып,іштей жақсы сөздерді айтып,сол сөздерді жүрегінен алып,қолының уысына салып,барлығы ортаға жиналады.Уысындағы жылылықтарын бір-біріне сыйға тартып,алақандарына салады.Өлең оқиды:С.Мәуленов. «Күнім менің».
Өзін- өзі тану . 4-сынып.2-тоқсан
10-шы сабақ.3-ші қараша.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Адал достық
Айнымас досы бар адам-ең бақытты.(Халық мақалы)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Адал достықтың мәнін түсіндіру;
* Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
* Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық,үлестірме мәтін,Ақботаның қоржыны.
Шаттық шеңбері Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,шеңбер құрып тұрады.Барлығы бірігіп Д.Байбековтың «Бірге ойнайық» өлең жолдарын айтады.
Өсиет-әңгіме Сабақтың тақырыбымен таныстыру мақсатында Ақботаның қоржынынан Данышпан ата жіберген өсиет-әңгімені оқу.
Мәтінмен жұмыс Оқушыларға адал достықтың мәнін түсіндіру мақсатында «Екі дос»әңгімесін оқу.
Тыныштық сәті Балалардың денесі,ойы сергітіледі.
Жағдаяттарды талдау Сұрақтарға ауызша жауап беру.
Дәйексөз Тақтадағы «Айнымас досы бар адам-ең бақытты» деген халық мақалының мәнін түсіндіру.
Жаңа ақпарат «Адамдар бір-біріне адал,қалтқысыз сеніп,ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады.Достық-өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,рухани жақындықтың белгісі.»
Тапсырма Бағандағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айту.
Дәптермен жұмыс «Адал достар» тақырыбындағы әңгімені жалғастырып жазу.
Қорытындылау Оқушыларға адал досқа тән қасиеттерді айтқызу.
Жүректен жүрекке Балалар шеңберге тұрып,сыныптас достарына ақ тілек,ізгі ниеттерін кезектесіп айтып шығады. «Жан досым»әнін бәрі қосылып айтып шығады.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.2-тоқсан
11-ші сабақ.17 -ші қараша.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Ашу-дұшпан,ақыл-дос.
Ақыл-адам көрігі,ақылдың сабыр серігі.
М.Әуезов
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Ұстамдылық,сабырлылық,ақылдылықтың мәнін түсіндіру;
* Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
* Ұстамдылыққа ,сабырлылыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Балалардың «ұстамдылық», «сабырлылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық
Шаттық шеңбері Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен амандасады.Бірлесе «Бізге ашық күн керек»атты өлеңді оқиды.
Әңгімелесу Сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.
1.Өлеңдегі: «Жеңдіріп біз ашуды,ақылға әркез келеміз»,-дегенде нені түсінесіңдер?
2.Сендердің ашуланған кездерің болды ма?Не себепті ашуландыңдар?
3.Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?
4.Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестірдіңдер?
5. «Ашу-дұшпан,ақыл-дос»деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Мәтінмен жұмыс Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында «Сурет» әңгімесін оқу.
* Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?
* Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?
Шығармашылық жұмыс «Сырғанақта» әңгімесін оқып,өз ойларымен аяқтау.
Түйіндеме Данышпан атаның кеңесін оқып,ойға түйю.
Ойын-жаттығу Оқушыларды ашудан қашық болуға дағдыландыру мақсатында «Неге ұқсатамын» атты ойын ұйымдастыру.
Дәйек сөз
Сабақта айтылған ойлар мұғалімнің дәйексөз мәнін түсіндіруімен қорытылады:
-Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары -ақылға салу,сабыр сақтау,ұстамды болу.Ақылды, кішіпейіл
,әділ,батыл,қайырымды,мейірімді адам ашулана қоймайды.Ашуын ақылына жеңдіреді.Сондықтан да белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ақыл-адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»,-деп өте орынды айтқан.
Жаңа ақпарат «Іс-әрекеттің байыбына бара алатын,жақсы мен жаманды айырып,дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді»деген жаңаақпарат арқылы сабақтың негізгі ойды түйіндеу.
Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген даналық сөздерді оқып,олар бойынша түсініктерін жазу.
Сабыр түбі-сары алтын.
Қайтып кірер есікті қатты жаппа.
Жүректен жүрекке Сабақ соңында оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады. «Аға ақылы»атты өлеңді оқып шығады.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.2-тоқсан
12-ші сабақ.24 -ші қараша.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Қуаныш-жан шуағы.
Қуаныш-өмір шаттығы.
Халық даналығы.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру мәнін түсіндіру;
* Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
* Мейірімділікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «бақыт», «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: оқулық,үнтаспа,қағаздан жасалған күн шуақтары.
Шаттық шеңбері Оқушылар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.Барлығы қосылып «Кел,балалар күлейік» әнән айтады.
Мәтінмен жұмыс Сабақтың тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» мәтінін үнтаспадан тыңдатуға болады.
Ойын-жаттығу Жоғарыда айтылған ойды бекіте түсу мақсатында «Көршіңе қуаныш сыйла»атты ойын ұйымдастарылады.
Мәтінмен жұмыс Оқушылардың адамдармен жағымды қарым-қатынастарын дамыту мақсатында төменде ұсынылған өлең мәтіні арқылы әңгімелеу жүргізіледі. Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін балалар мәнерлеп оқиды.Балалардың пікірлері сұрақтардың жауабы арқылы талқыланады:
* Адамды,айналаңды,қай уақытта,қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма?
* Сендер өз ойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма?
* Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Сергіту сәті Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.Балалар өлең жолдарының мазмұнына сәйкес дауыс ырғағына келтіріп,қимылдар жасайды.
Шаршадым «Уһ!»дедім, Шарасыз «Еһ!»,
Ренжідім «Туһ!»дедім, Таңырқап «О!»
Қорықтым «Ой!» дедім, Кейідім «И!»дедім,
Өкіндім «Аһ!» дедім, Біліп ап «Е!» дедім,
Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.
Дәйексөз Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен толықтырылады.
-Күлімдеп,ақжарқын жүретін адамның көңіл күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл күй жаныңды сау етеді.Жаның сау болса денің сау болады.Денің сау болса жақсы еңбек ете аласың.Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты молшылықта өмір сүреді.Сол себепті де халық даналығында «Қуаныш-Өмір шаттығы»-деп айтқан болатын.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерде берілген күннің шуақтарына естеріңде ұзақ сақталған қуанышты күндерін жазу.
Қорытындылау.
-Күлімдеу,адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзіңнің де ,олардың да өмір жасын ұзартып,денсаулығын жақсартады.Барлық адамдармен күліп амандасу,үнемі ақжарқын жүру,мүмкіндігінше айналаңа қуаныш сыйлау-асыл қасиет.
Жүректен-жүрекке.
Балалар жұптасып дөңгелене тұрады.Жұптасқан балалар бір-бірінің алақанын алақына тосады,содан соң оң жақта тұрған бала көршісіне ,сол жақтағы бала сол жақтағы көршісіне алақанын тосады.Бәрі қол ұстасады,қолдарын жоғары көтереді де, күннің шуағын құрайды.Бәрі қосылып мына өлең жолдарын айтады:
Біз қандаймыз,қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Балалар Ф.Оңғарсынованың «Достық» әнін оқиды.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.2-тоқсан
13-ші сабақ.1 -ші желтоқсан.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Кешірім мен келісім.
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.
М.Әуезов.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Кешірімділік,татулық,бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
* Шынайы достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
* Мейірімділікке,қарапайымдылыққа,достыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: оқулық,түрлі-түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері,қағаздан жасалған бұлт,үнтаспа.
Шаттық шеңбері Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады.Бәрі бірге «Түсінісу» өлең жолдарын қайталайды.
Мәтінмен жұмыс Сабақ тақырыбымен танысып,оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін айтып беру.
* Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?
* Жолбпрыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?
* Сендерде осындай жағдайлар болды ма?
Дәйексөз
-Адамлар абайсызда бірін-бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап,татуласады.Ал татулық-адамдар,сыныптастар,достар арасындағы қарым-қатынастағы ең бір жақсы қасиет.Өйткені таулық бар жерде сыйластық,махаббат,бақыт,жақсы өмір бар.Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.
Ойын-жаттығу Тақтаға бұлттардың суреті ілінеді.Оқушыларға түрлі-түсті қағаздан жасалғангүл күлтелері таратылып беріледі.Олар досының көңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның көңілін көтеретіндей жазылған сөзді іледі.
Жағдаяттарды талдау -Адамдар арасында болатын түсініспеушіліктен туындаған ренішті ақылға жеңдіріп,кешірім сұрап,өзара тіл табысып,жарастыққа жетуді өзара келісім дейді.
Сергіту сәті Оқушылардың денесі сергітіледі.Жаттығуды толық меңгергенше қимылдарды бірнеше рет қайталауға болады.
Жаңа ақпарат «Басқа адамның кемшілігін,қателігін кешіру және өз қатесін түсініп,мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет».
Тапсырма «Сыныптастарыңмен келісімге келіп,кешіре білген кездеріңді естеріңе түсіріп айтыңдар».
Дәптермен жұмыс - Дәптердегі жүрекшенің ішінде «Мен кешірім сұрай білемін…» айдарымен берілген бос жолдарға өз ойларыңды жазыңдар.
Қорытындылау
-Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш,өкініш,ренжіту,өрескелдік байқалып тұрады.Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек.Шынайы дас кешіре біледі,достықты,досты қадірлейді.
Жүректен жүрекке Балалармен бірге шаттық шеңберін дөңгелене тұрады. А.Оразақынның «Татуласу» өлеңін бәрі бірге қосылып оқиды.
Татуласу
Әкел,досым,ққолыңды, Баққа бірге кірейік,
Татуласқан орынды. Қол ұстасып жүрейік.
Өкпелесіп не керек, Татулықтың белгісі,
Көрсет,қане,соңында. Кел қосылып күлейік.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.2-тоқсан
14-ші сабақ.8 -ші желтоқсан.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Ортақ іс табысы.
Келісіп істесе,көп іс бітеді.
Құтып.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Ынтымақ,бірліктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
* Бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктерін дамыту;
* Өзара көмекке,достыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: оқулық,қорап,шаблондар.
Шаттық шеңбері Барлығы шеңбер құрып тұрады, «Күлімде,күн,күлімде!» өлеңін айтады.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру:
-Бүгінгі сабақта бірлік,бірлестікте еңбектену туралы әңгімелесеміз.
Мәтінтен жұмыс Оқушыларға бірлік ұғымының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. М.Төрежановтың«Көп біріксе -береке» әңгімесін оқып беру.
Дәйексөз
-Ия,дұрыс айтасыңдар.Әр оқушы бір тал шыбықтан егіп,өсірген ну орман-олародың бірігіп істеген ортақ еңбектерінің жемісі.Көп біріксе береке,мереке болавды дегені-жұмыс әрі тез,әрі сапалы орындалады да береке болады,көпшілік болған соң бір-біріне қызық әңгіме айтып,әзіл-күлкіге орта толып мереке болады.Сондықтан-да Құтып аталарың «Келісіп істесе,көп іс бітеді» деп тегін айтпаған.Өйткенгі күш-бірлікте.
Шығармашылық жұмыс Оқушылардың сабақтан алған білім-біліктерін іс жүзінде көрсетулеріне жағдай туғызу мақсатында шығармашылық жұмыс беру.Балалар оқулықтағы суретке қарап,,әңгіме құрастырады.
Ойын -жаттығу Айтылған ойды бекіту үшін «Күш -бірлікте» атты ойын-жаттығу ұйымдастырылады.
Сергіту сәті Достықтың мәнін түсіндіру және балалардың денесін бір сәт сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.Мына өлең жолдары,қимылдарымен екі рет қайталанады:
Санайық жаңаша: (Орындарынан тұрады.)
Бір,екі,үш….. (Екі қолын алға,жоғары,екі жанына созады.)
Желбіре жалауша!(Қолдарын жоғары көтеріп,әрі-бері бұлғайды.)
Достықта біздің күш!(Қолдарын ішке қарай бүгеді.)
Жаңа ақпарат «Адам өз ортасына сыйлы,ортақ істерді жүзеге асыруда адал болса еңбегі нәтижелі болады» деген жаңа ақпаратпен таныстыру.
Дәптермен жұмыс 1-тапсырма: Дәптерде берілген ребусты шешу.
2-тапсырма: Достарыңмен бірігіп еңбектенген ортақ істері туралы жазып келу.
Жүректен жүрекке Шаттық шеңберін құру. «Білуге құштармыз» дегн өлең жолдарын кезекпен оқу.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.2-тоқсан
15-ші сабақ.15 -ші желтоқсан.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Құрметтей білейік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Құрмет,сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
* Ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
* Үлкендерді құрметтеуге,мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «құрмет», «сыйластық» құндылықтары түсініктерін кеңейту
Көрнекі құралдар: үнтаспа,қағаздар,оқулық,дәптер.
Шаттық шеңбері Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады.М.Мақатаевтың «Анам маған…» өлеңін оқиды.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру:
-Бүгін біз құрмет,құрметтеу,құрметке бөлену туралы әңгімелесеміз.
Мәтінмен жұмыс Құрмет ұғымының мәні түсіндірілуінің мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру. «Үш пайғамбар»кітабынан Төле би туралы аңызды оқу.
Дәйексөз Жасы кіші адам өзінен үлкендерге,ал бала ата-анасына құрметпен қарап,әрқашан сыйлаулы-қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі болып саналады.Сен үлкейгенде сені кіші сыйлайды,саған ізет көрсетеді,ата-ана болғаныңда балаңның сені күтіп-баптауы,оның алдындағы парызы саналады.
Сахналау Балалардың өзгелерге ізет көрсету іскерліктерін дамммыту мақсатында сахналау ұйымдастыру.
Балалар 5 топқа бөлінеді.Берілген тапсырма бойынша өздері жағдаяттар ойлап,сахналап көрсетеді.Жұмыстарын қорғайды.Өз пікірлерін дәлелдейді.
1. Туыстар арасындағы сыйластық.
2. Қыз бен ұлдың сыйластығы.
3. Өзіңнен үлкендкрге деген құрмет.
4. Келген қонаққа деген құрмет.
5. Өзгенің еңбегі мен пікірін құрметтеу.
Жаңа ақпарат
«Адамның адамгершілігі үлкенді сыйлау,адамдарды ардақтау,елі мен жерін,ана тілін құрметтей білуінен танылады» деген жаңа ақпаратпен оқушылардың білімдерін тиянақтау.
Тапсырма «Құрмет көрсету дегенді қалай түсінесіңдер?Шағын әңгіме құрастырыңдар»деген тапсырма оқушылардың сабақ тақырыбы бойынша алған білім біліктерін толықтыра түсу.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма:Оқушылардың құрмет туралы ойлары дәптердегі тапсырманы орындау барысында беки түседі.
2-тапсырма:Ф.Оңғарсынованың «Танымасын сыйламас» мәтінін оқып,құрметтеу туралы түсініктерін айтып беру.
Қорытындылау -Сонымен бүгінгі сабақта айналадағы адамдарды құрметтеу ұғымы туралы түсініктерімізді кеңейттік.Ата салтын ардақтап,үлкенді құрметтеп,халықты сыйлай білу-инабаттылықтың,адамгершіліктің белгісі. «Халықтың қартын сыйлауы-елінң салтын сыйлауы» дегенді ұмытпай жасы үлкендерді құрметтеп,салтымызды ардақтай білейік!
Жүректен жүрекке
Оқушыларға қағаздар таратылып беріледі.Балалар шеңбер құрып отырады.Жұптасады да,ақ қағазға көршісінің өзі ұнататын жақсы қасиеттерін,оған деген ризашылық сезімін жазады. «Қанат,мен сені сыйлаймын.Өйткені сенің ақжарқын мінезің ұнайды».Жазыфп болған бала ,өзінің жазғанын көршісіне береді,ал көршісі өзінің жазғанын оған ұсынады.Осылайша екеуі өз қағаздарынын алмастырады.Жазған пікірлерін оқып болғаннан кейін балалар алған әсерлері мен сезімдері туралы айтып өтеді.
Балалар өлеңді айтқанда мазмұнына сәйкес қимылын келтіріп,орындайды.
Қонақжайлық белгісі.
Сырттан келген мейманға,(қолымен есікті көрсетеді)
Сәлем беріп,қол алсаң,(жанындағы көршісінің қолын алып амандасады.)
Бірінші еткен құрметің. (оң қолын жайады.)
Түсіңіз деп түс беріп,(қолымен сілтеп көрсетеді)
Шылбырына оралсаң,(бір нәрсені алған қимылды жасайды)
Екінші еткен қызметің.(сол қолын жаяды)
Есік ашып енгізіп,(оң қолын өзіне қарай бүгеді)
Көрпе төсеп құп алсаң,(жерге көрпе төсеген қимылды көрсетеді)
Үшінші еткен құрметің.(екі қолын жаяды)
Мейман риза болмағы, (бір-біріне қарап күлімсірейді)
Құрметпен үйге қонғаны.(қолдарын екі жаққа жаяды)
Қонақжайлық сол дағы.
«Адам атын ардақта» әлеуетін оқу.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.2-тоқсан
16-ші сабақ.22 -ші желтоқсан.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
* Жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
* Қайырымды,қамқор болуға тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық» , «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер.
Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Осы шеңбер аясында А.Ақыпбековтың «Өзіңді тану»өлеңін бірлесе қайталайық.
Өзіңді тану.
Жақсы болу- өзіңнен, «Мен қандаймын?» деп ойла.
Жаман болу-өзіңнен. Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңді өзің ая да, Өзіңсің-ақыл айнасы.
Өзің үйрен,өзіңнен. Тиеді саған мәні бар
Жақсылық көрсең біреуден, «Өзіңді тану»пайдасы.
Мәтінмен жұмыс Жақсылықтың мәнін ашып түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі. «Жақсылық пен жамандық»ертегісі үнтаспа арқылы тыңдатылады.
Тыныштық сәті Балалардың денесі,ойы тынықтырылады.
Тапсырма Оқушыларды жақсылық жасай білуге ынталандыру мақсатында жұмыс ұйымдастырылады.
Балалар екі топқа бөлінеді.Екі топқа екі түрлі әңгімеден үзінді беріледі.Балалар әңгіме желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі тиіс.Олар топ боп бірлесе отырып,ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастырып айту.
Дәйексөз
-Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады.Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді.Өйткені оны адамдар,айналасы жақсы көреді,сыйлайды,онымен достасқысы келеді.Осындай жетістіктерге ол өзінің жақсы істері,жақсылықтары арқылы жетті.Сондықтан халық: «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын»,-дейді.Мен де сендердің жақсылықтарың,жақсы істерің туралы айтқым келеді.Сендерде өз сыныптастарыңның,достарыңның жақсылықтарын мақтан тұтасыңдар.Сол себепті шамамыз жеткенше,қолымыздан келгенінше адамдарға,айналаға жақсылық жасап жүрейік.Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтінін,оның шарапаты өзіңе,жақын туыстарыңа,тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер.Алғысқа бөленіп,ризашылыққа кенелесіңдер.
Жаңа ақпарат Оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстыру: «Адамдар бір-біріне қайырымдылық,мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды».
Тапсырма Тапсырма бойынша оқушылар берілген сұраққа жағдаят құрастырады.
* Жақсылық жасау адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?
Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген ертегіні өз ойларымен жалғастырып жазу.
Жүректен жүрекке Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім қолдан жасалған жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып,өзінің оң жағында тұрған балаға ұсынады.Ол оқушы да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып,өзінің оң жағында тұрған көршісіне береді.Осылайша барлық балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Оқушылар қосылып Б.Бағайдың«Жақсылық жерде қалмайды» атты өлеңін оқиды.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.2-тоқсан
17-ші сабақ.29 -шы желтоқсан.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Талаптыға нұр жауар
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл.
Ш.Құдайбердиев.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* талапланудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;
* шығармашылық қабілеттерін дамыту;
* іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «білім», «өнер» , құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер.
Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.
Үнтаспаға қосылып «Біз қалай өсеміз» әнін шырқайды.
Мәтінмен жұмыс
Сабақ тақырыбымен таныстырып,оның мәнін ашу мақсатында Б.Әділовтың«Қанат пен Жанат» мәтінімен таныстыру.
Сергіту сәті
Домбырам күмбірлеп,(Сол қолын жанына көтеріп,домбыра тартады.)
Күй шерте аламын,Бұрала би билеп,(Екі қолын кезекпен көтеріп,би қимылдарын жасайды.)
Сурет те саламын.(Қылқалам ұстаған қимылдарды көрсетеді.)
Ұқсатып кілемге.(Ауада төртбұрышты сызады.)
Кесте де тігемін.(Ине ұстап ,тігін тіккен қимыл жасайды.)
Актерше рөлде(Күліп,қабағын шытып,әдемілеп,киімін қолымен шашын түзейді.)
Ойнай да білемін,жалықпай талай күн,(Ермексаз илегенді қолымен көрсетеді.)
Жасаймын мүсінде,өнер көп бойымда.(Екі қолын жаяды.)
Дәйексөз
-Дұрыс айтасыңдар.Жанат та,Қанат та домбыра үйренбек болып,құлшыныс жасады.Бірақ Жанат Қанат сияқты шыдамдылық таныта алмады.Қанат өзінің шыдамдылығының арқасында домбыра үйренуге қол жеткізді.Талапты бала көбірек білсем,үйренсем деп армандайды.Құштар болған нәрсеге,арманына жетпей қоймайды.Адам қойған талабына жету үшін шыдамдылық,ұқыптылық танытып,көбірек еңбектенуі керек.Бала білім,өнерді үйренуге талаптанады.Сондықтан да ақын Ш.Құдайбердиев аталарың:
«Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл»,-деп айтқан болатын.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады.Әркім өзінің орындалса екен деп жүрген арманын «алтын сақаны»қолдарына ұстап тұрып,іштей қайталайды.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан
18-ші сабақ.12-қаңтар.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Талаптыға нұр жауар
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл.
Ш.Құдайбердиев.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* талапланудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;
* шығармашылық қабілеттерін дамыту;
* іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «білім», «өнер» , құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,үнтаспа,қағаз.
Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады.Олар бір-біріне ізгі тілектерін айтады.
Мәтінмен жұмыс
Сабақтың мәнін ашу мақсатында Б.Исаевтың «Мен талапты баламын» атты өлеңін оқиды.
Дәптермен жұмыс
* Талапты баланы неліктен құсқа теңейді?Сол туралы өз түсініктерін жазу.
Жаңа ақпарат
«Адам өзінің ынта-ықыласы,жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады»деген жаңа ақпаратпен таныстырып,оқушылардың білімдерін нақтылай түсу.
Шығармашылық жұмыс
Балалар шығармашылық жұмыс бойынша талапты балаға тән қасиеттерді тауып айтып береді.
Ізденгіш,енжар,ұмтылғыш,талантты,жалқау,ұқыпты,қабілетті,еңбекқор,өнерлі,әдепті,сабырлы,табанды.
Тапсырма «Талапты жетер мұратқа» тақырыбына пікір алмасу.
Қорытындылау
-Талабы бар адам білімді,өнерді үйреніп меңгереді.Ұлы Абай аталарың айтқандай талап-бес асыл істің бірі.Сол асылды бойымызға дарыта білейік.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім С.Сұлтанқұлованың «Бүлдіршіндер әні» атты өлеңін оқып береді.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан
19-ші сабақ.19-қаңтар.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ата-анаңның ақылы,сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы,сарқылмайтын көлмен тең.
Халық мақалы.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
* ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;
* ақыл,өнеге,өсиеттерді тыңдауға,бағалауға тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,үнтаспа. «Даналық сөздер» сандығы,үлестірмелі кеспе қағаздар.
Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады.Барлығы үнтаспаға қосылып «Бақытты балалық шақ» атты көңілді әнді шырқайды.
Мәтінмен жұмыс
«Қорада малың болсын,көшеде талың болсын» атты мәтінмен танысу.
Дәйексөз
-Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей,жақсы өмір сүрген екен.Ал өсиет сөзге құлақ түріп тыңдамайтын адамның ісі алға баспай,сол күйі қалады.Ата сөзін,әке сөзін,ұстаз сөзін,үлкендер сөзін,халық даналығын,өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі,адаспайды.Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады.Сондықтан да халық:
«Ата-анаңның ақылы,сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы,сарқылмайтын көлмен тең»-деп айтқан болатын.
Түйіндеме Данышпан атаның ақыл-кеңесін білдіретін түйіндемемен таныстыру:
1. Адамдарға ізет білдіріңдер!
2. Түсінбегенді сұрап алыңдар!
3. Айтылған сөзге мән беріңдер!
4. Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар!
5. Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!
6. Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!
Жағдаяттарды талдау Жағдаят бойынша суреттегі балаларға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер деген тапсырма беру.
Жаттығу 1.Ақботаның қоржынынан әр оқушы кеспе қағаздарға жазылған даналық сөздерді дәптерлеріне жазып,жария етеді,есіне сақтайды.
2. Өздері тыңдап өскен,қолданып жүрген ақыл сөздерді естеріне түсіріп,дәптерлеріне жазып,жария етеді.
Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген бұлбұлдың,күйшінің,ұстаздың,баланың,әженің суреттері тұстарына қалдырылған бос жолдарға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағылары келетіндігін жазу.
Қорытындылау -Бізге үлгі-өнеге болатын үлкендердің,даналардың ақыл-өсиеттерін, даналық сөздерін тыңдап, оларды өмірде қолдана білсек,өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.Сол себепті қолдан келгенше үлкендердің кеңесін,ақылын құлақ түріп,тыңдаған жөн.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады.Үнтаспаға қосылып «Ізеттілік әліппесі» атты әнді шырқайджы.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан
20-шы сабақ.26-қаңтар.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік
Болмағын кекшіл,болсайшы көпшіл.
Абай.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* «көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру;
* өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
* көпшіл болуға тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: үнтаспа,ақ қағаздар,оқулық,дәптер.
Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Мұғалім өлең жолдарын айтады,оқушылар қайталайды.
-Күн,кімнің досысың? Кәдімгі көліңдей түсетін,
-Бәріңе ортақпын! Кәдімгі суыңдай ішетін,
Сен кімнің жолысың? Ауадай бәріміз жұтатын,
-Бәріңе ортақпын! Барлығы әулие тұтатын,
Бәріңе ортақпын!
Мәтінмен жұмыс
Ж.Байбұланованың «Қызғаныштың кесірі» атты мәтінін оқушыларға оқыту.
Дәйексөз
-Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады.Ал жалғыз ойнау қызық болмайтыны сияқты,жалғыз жүру де адамды жалықтырады,жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды.Көппен бірге жұмыс істеп,барын көппен бөлісе алатын,жеке басының қамын ғана емес,көптің қамын ойлайтын адамды көпшіл дейді.Ол адам көптің көмегімен үлкен жетістіктерге жетеді.Ұлы Абайдың «Болмағын кекшіл,болсайшы көпшіл» дегенінің мәнісі осы.
Жаңа ақпарат Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды,тек өз мүддесін ойлайды.Ондай адам туыстары,достары,сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді.Бұл жақсы қасиет емес.Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып,айналасындағылармен тіл табысады.Кеңпейіл,көпшіл болу,сыйласа білу жақсы қасиет.
Жаттығыу-ойлану. Балаларға сұрақтар қойылып,жауаптары тыңдалады.
Тапсырма Өзімшіл және көпшіл адамдарға тән қасиеттерді ажыратып айтыңдар:
Өз басының пайдасын ойлау,бауырмалдық,ақкөңілділік,басқалармен санаспау,өз қамын ойлау,белсенді,жомарттық,өркөкіректік,менмендік,тәкаппарлық,қауымшыл.
Дәптермен жұмыс Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адамға тән белгілерді жазады да,оларды салыстырып қорытынды жасайды.
Тапсырма «Өзімшілдік пен көпшілдік туралы күнделікті өмірден мысал келтіріп айту.»
Қорытындылау -Көпшіл адамды бәрі жақсы көреді,өзімшілді ұнатпайды.Көпшілдің көпке көмегі тиеді және оған көпшілік көмектеседі,өзімшілдің өзіне ғана көмегі тиеді.Көпшілдің жолдастары,достары көп,өзімшіл жалғыз.Сондықтан да көпшіл болуға ұмтылып,өзімшілдіктен қашық болайық.
Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып тұрады.Өлең оқиды.
«Сіз», «біз»деген жылы сөз Баршаға керек жақсылық!
Жылытады жүректі. Жақсылық сүйер жанымыз,
Жақсылық билеп жаныңды тез, Баршаға жетер жақсылық,
Оятар игі тілекті. Қызғанбай бөліп алыңыз!
Біреуге біреу жақсылық «Сіз» , «біз» деген жылы сөз-
Тілесе әр кез жаны ашып, Жақсылықтың мейірі.
Осы бір шырын -тәттілік, Бір-біріне болып көз,
Тұрмай ма жанға жарасып!? Кең болсын адам пейілі.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан
21-ші сабақ.02-ақпан.2011- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Батыл болмай, батыр болмайды.
халық даналығы.
Мақсаты:
* оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтарды туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
-батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;
-шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;
-батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар : оқулық,үнтаспа
Шаттық шеңбері
Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады.
Көңілді ән шырқайды.
Балдырғандар әні
сөзін жазған О.Әубәкіров
Әнін жазған Ш. Қалдаяқов
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз,балалар, барлығымыз.
қайырмасы:
Өмір тым жайдары,
Қызықтың қайнары,
Бақшамыз жайнады.
Біз-Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық-ұранымыз.
қайырмасы
Мәтінмен жұмыс
Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізу.
Балалардың өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып,пікірлерін тыңдау.
«Қойшы Қаһарман» ертегісі.
Балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қою:
* Қаһарман батырдың ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?
* Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?
* Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?
* Батылдық,өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?
* батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен және жаттығу жұмысының орындалуымен түйінделеді.
-Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады.Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдамды,сабырлы, ата-анасын,елін,жерін сүйетін, қорқуды бімейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.
Жаттығу
Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылды.Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.
Күтілетін жауаптар: өжет адам, қорықпайтын, төзімді,сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін, қайсар және т.б.
Сергіту сәті
Адам бойына батылдықтың қалыптасуына жене жаттығуларының да әсері бар екендігі еске түсіріліп, балалардың денесі сергітіледі және ойын ұйымдастырылады.
Шынығамыз жастай біз, (Орындарынан тұрады)
Жаттығуды бастаймыз. (Қоладарын бүйірлеріне қояды)
Бір,екі,үш, (қолдарын алға, жоғары, жанына созады)
Бір,екі, үш, (қолдарын алға, жоғары, жанына созады)
Бойға жинап күш. (Қолдарын ішке бүгеді)
Ойын
Балалар жарты шеңбер құрып тұрады.Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады.Меже белгіленеді.Ортаға бір ойыншыдан шығады .Ойыншыны ойын басқарушы онында тұрып айналдырады.Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек.Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады.Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап қошеметтеу.
Тапсырма
«Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгімелеу.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың сабақта алған білімдері пысықталады.
1-тапсыпма.
Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешу.
2-тапсырма : Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазу.
Қорытындылау
-Батылдық-адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халықбатырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік.
Жүректен жүрекке
Балалар бір -біріне жылы лебіздерін білдіреді:
-Бір-бірімізді қиын сәтттерде қодай білейік.
-Деніміз сау болсын.
-Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.
Өлең оқыту
Батыр ата
Ө. Тұрманжанов
«Батыр !» деген барша сүйген жақсы сөз,
Алтын туы сияқты ол ғасырдың.
Батыр ата: « Батыр бол!»- деп ұрандар!
Естіңдер жас жеткіншек қырандар!
Батыр болып,туған жерді қорғауды-
«Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан
22-ші сабақ.09-ақпан.2011- жыл.
Сабақтың тақырыбы:Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап.
Абай.
Мақсаты:Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кңейту;
Міндеттері:
-еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;
-еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер.
Шатттық шеңбері:
Балалар шеңбер құрып тұрады. «Болайықшы осындай» әнін үнтаспаға қосылып айтады.
Әңгімелесу
Мұғалім оқушылардың еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсініктерін білу мақсатында төмендегідей әңгімелесу сұрақтарынберіп, пікірлеседі.
* Еңбектену адамға не үшін қажет?
* Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
* Өзіңді еңдекқомын деп манайсың ба? Неліктен?
Мәтінмен жұмыс
Сабақтың тақырыбын таныстыра отырып,еріншек пен еңбексүйгіш туралы балаларда түсінік қалыптастыру мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру.
Мәтінді әңгімелеп беру. «Еңбексүйгіштік пен Еріншек» ертегісі.
Балалардың түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қою.
* Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер
* «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
* Еңбексүйгіштің бойындағыжақсы қасиеттерді атап беріңдер.
Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:
-Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді.Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады.Ал еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көреді.
Сергіту сәті
Еңбек
Қырға шықсаң,өрлеп (Қолдарын кезек -кезек жоғары көтереді.)
Мұның аты-еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді.)
Мұның аты-Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)
Әзірленсең-Еңбек.
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)
Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)
Тапсырма
Оқушыларға «адал еңбек», «өнімді еңбек» деген ұғымдарды қалай түсінетіндері туралы айтып беруді тапсыру.
Дәйексөз
Бабалардың жауаптарды дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
-Еріншектік,жалқаулық әңгімеде айтылғандай бір қиындықтан екінші кедергіні тудырады,жолын болдырмайды.Нәтижесінде көңіліңде,қарның да тоқ болмайды. Сондықтан да ұлы Абай атамыз «Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап»деп айтқан болатын.
Шығармашылық жұмыс
Сабақта оқушылардың алған білім-біліктерін іс жүзінде көрсете алуларына жағдай туғызу үшін
«еңбек пен бақыт-егіз» мақалын көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау әдісімен талқылау.
Сабақ тақырыбының мазмұнына сәйкес тапсырмасы беріледі.
- М.Әлімбаевтың «Ұшпақ па әлде еріншек пе?» «Менің оған нем кетті»өлеңдерін салыстыра оқыту.
Жаңа ақпарат
«Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа,шаттыққа бөленеді» деген жаңа ақпаратпен таныстырып, олардың алған білімдерін толықтырып бекіту.
Тапсырма
Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тиянақтау мақсатында «Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беріңдер» деген тапсырма беремін.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма: Дәптерде берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазыңдар. Жазғандарын салыстыра отырып өз қорытындыларын шығарту.
2-тапсырма: Мақалдарды оқытып,түсініктерін айтқызу.
«Еңбек- ырыстың бұлағы, бақытттың шырағы».
«Адал еңбек, алғыр ой-анық досың біліп қой»
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Қорытындылау
-Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық-еріншектік. бұл әдет- бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді.Осыған байланысты Абай атамыз 38-қарасөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек.Әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық,-деген екен».
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне жақсылық , ізгі тілектерін білдіреді. «Еңбек» атты өлеңді оқыту.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан
23-ші сабақ.16-ақпан.2011- жыл.
Мақсаты: Оқушыларға «төзімділік», «табандылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру.
Міндетттері:
-төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығынтүсіндіру;
-төзімділікке,табандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер, қарағайдың сұлбасы, қағаздан жасалған «ағаш бүрлері».
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады. Үнтаспаға қосылып ән шырқайды.
Мектеп полькасы
Сөзін жазған: Т.Молдағалиев
Әнін жазған: И.Нүсіпбаев
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер-білім ұраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады
Қайырмасы:
Біз-батыр ел жастары,
Бақыт алға бастады.
Тербетіліп алтын дән
Теңіздейін толқыған.
Даламызда тасқындап,
Еңбек күйі шалқыған.
Қайырмасы:
Әңгімелесу
* Төзім,табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?
* Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндің бе?
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыра отырып, төзімділік,табандылық туралы түсінік беру мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру.
Р. Әбілқадырова «Әдемі әже» әңгімесін оқу.
* Әңгімеде