7


  • Учителю
  • 'Сынық сызықтың ұзындығын табу' 2 сынып

'Сынық сызықтың ұзындығын табу' 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сыныбы 2«а» Уақыты 23.10.2014 жыл Пәні Математика Мұғалімі Бесімбаева Күмісай Сабақтың тақырыбы Сынық сызықтың ұзындығын табу Сабақтың мақсаты Сынық сызықтың ұзындығын табу үшін оның буындарының ұзындықтарын қосу керектігін ұғындыру. қыту мен тәрбиелеудің мі
предварительный просмотр материала

БЕКІТЕМІН: ___________

Оқу ісінің меңгерушісі: Бесінбаева Ж .

Сыныбы

2 «а»

Уақыты

23.10.2014 жыл

Пәні

Математика

Мұғалімі

Бесімбаева Күмісай

Сабақтың тақырыбы

Сынық сызықтың ұзындығын табу

Сабақтың мақсаты

Сынық сызықтың ұзындығын табу үшін оның буындарының ұзындықтарын қосу керектігін ұғындыру.

қыту мен тәрбиелеудің міндеттері

Оқушылардың математиқалық білім қабілеттерін тексеру,математика сабағында алған білімдерін тереңдету,логикалық ойлау қабілеттерін және есте сақтау мүмкіндіктерін дамыту. Оқушылардың интеллектуалдық және сезімталдық қасиеттерін дамыту.

Оқытудың нәтижелері

1. Тақырыпты түсінеді, талдайды

2. Тақырыпқа қосымша мәлімет қосады

3. Өмірмен байланыстыра отырып мысал келтіреді

4. Оқуға ынталанып, пәнге қызығушылығы оянады

Қамтылатын модульдер:


1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл ( диалогтік оқыту, топқа бөлу)

2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

3-модуль: Бағалау ( формативті)

7-модуль: Көшбасшылық

Көрнекіліктер

геометриялық фигуралар, үлестірме қағаздар

Қадамдар:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Топпен жұмыс.

3.Рефлексия

4.Бағалау

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

1. Топқа бөлу

2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

3.Жаңа сабақты түсіндіру және оны практикамен ұштастыру

4.Тапсырмалар беру

1.түрлі -түсті жолақшалар арқылы топқа бөлінеді

2. Зейіндерін сабаққа аударады

3. Сабақтың мазмұнымен танысады және оны практикамен ұштастырады

4. Кері байланыс жасайды

Психологиялы қайындық

Екі кемеде отырған,

Тоғыз кішкене балдырған,

Алдыңғысында отырса екеуі,

Кейінгісінде отырар нешеуі?

9-2=7

Үй тапсырмасы

«Ортадағы қаламсап» ойыны арқылы орындау.

І кезең. Қызығушылықты ояту

Ортадағы қорапшаларда сызықтар жасырылған.

-Тақтадағы суретпен салыстырайық, қай сызық жоқ?

-Сынық сызық.

Оқушылар атайды. 1-топ: түзу сызық

2-топ: кесінді

3- топ: қисық сызық

4-топ: сәуле

Дәптермен жұмыс


Көркем жазу

Қаңтардың 23-і

Сынық сызықтың ұзындығын табу.

23 санын толтырады.


Мұғалім түсіндірмесі

-Әр топ мүшесі қолымыздағы жолақшалардың әр буынын өлшейік.

Оқушылар буынды өлшейді. Сынық сызық құрап, ұзындығын табады.

Оқушылар өздері ой түйеді.

Ой түйін: Сынық сызықтың ұзындығын табу үшін оның

буындарының ұзындықтарын қосу керек.

Оқулықпен жұмыс:

№2 Сынық сызықтың ұзындығын табу.

Дәптермен жұмыс.Жеке жұмыс.

Өзара тексеру.

№3 Дәптерге 5 буынды сынық сызық сызады. Ұзындығын табады.


№4 «Сиқырлы конверт» әр топ өздеріне тиісті мысалды шығарады.


Топтық жұмыс. Сиқырлы конверттің ішінде 4 топқа қосымша тапсырма бар.

№6 тақтаға орындайды

1.Ақмарқа-50см 2.Бекіре- 80 кг

Сазан-? 30см ұзын Шоқыр-?24 кг кем

Қаракөз-?с-дан 45см қысқа Көксерке-?ш-дан 30 кг кем

Шешуі: (50+30)-45=35 Шешуі: (80-24)-30=26

Жауабы: қаракөз 35 см. Жауабы: көксерке 26 кг.

Сергіту сәті

Би билеу

«Тосын сый» ойыны

Әр оқушының сөмкесіне 1 кәмпит жасырдым. 2 оқушыда жоқ. Сол оқушылар тақтаға шығады.

2 оқушы өздерінің достарына 2-ден бөліп береді.Неше оқушыға кәмпит берілді?

№7 Оқушылар тең бөліп 2 оқушының тәрелкесіне салады.

Жауап: 9 кәмпиттен келді.

Жауап: 9 оқушыға кәмпит берілді.

Қорытынды.

№8 теңдеуді шешіп, сынық сызық құрастырады.

Рефлексия

Бірнеше сөздерден бүгінгі сабаққа қатысты сөздерді тауып, түйін жасау керек.

Сынықтың ұзындығын табу үшін...

Буындарының ұзындықтарын қосу керек

Бағалау

жиынтық, топты формативті бағалау

Үй тапсырмасы

№5 Салыстыру





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал