- Учителю
- : Ю әрпінің жазылуы. 2 Сынып
: Ю әрпінің жазылуы. 2 Сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Қуанова Гулназ Темирхановна
Пәні: Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Балалардың таным белсенділігін дамыту, ойларын қорытындылау, сұрақтарға жауап беру, ойлану жүйелілігін арттыру. Әдемі, көркем, қатесіз жазуға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, оқулық , карточкалар, жұмбақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, халықтық педагогика.
Түрі: аралас.
Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі, оқушылардың біліктілігін арттыру.
Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын тексеру. 5-жаттығу
- Я қандай дыбыс?
- Я қандай дыбыстардан құралған.
- И әрпінен кейін қандай дыбыс естіледі?
-И әрпінен кейін қандай әріп жазылады?
Ой қозғау
Жаздай қыдырады,
Қыстай тынығады. (Аю)
Қандай сөз шықты?
Аю қайда болады, ол нені жақсы көреді?
Оюдың суреті.
Оюды кімдер ояды, қандай ою түрлерін білесіңдер?
«Қосмүйіз»-бұл бұғы мүйізін негіз еткен ою түрі. Оюдың бұл түрін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына және етіктің қоншына салады. Сонымен қатар бақыт-береке, байлық, мал-жанның көбеюі сияқты символдық мәні бар.
«Қазмойын»-әдемі мойынды тұспалдайды. Бұл өрнекті көбіне әйелдер көйлегінің етегіне, тонның, күртелердің өңірлеріне салып, табиғаттың ерке құсы сынды еркіндікті,сұлулықты тілейді, тағы басқа оюдың түрлері көп.
Олай болса оқушылар біздің жаңа тақырыбымыз. Ю әрпінің жазылуы.
Аю, ою
Айтылуы
Айу
Ойу
Қартайу
Жазылуы
Аю
Ою
қартаю
Бұл сөздерде екі әріп, үш дыбыс бар.
Ю қосарлы дауысты дыбыс.
Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, олардың орнына ю әрпі жазылады.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
-Көп нүктенің орнына ю әрпін қойып жаз. Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?
А..., о..., ұ..., то..., көрке..., үлке..., шалқа... .
-Аю, ою, ұю сөздерінде екі әріп, үш дыбыс бар.
-Тою сөзінде үш әріп, төрт дыбыс бар.
-Үлкею сөзінде бес әріп, алты дыбыс бар.
-Көркею, шалқаю сөздерінде алты әріп, жеті дыбыс бар.
Топтық тапсырма жаттығу Суретпен жұмыс.
Аю орман аралап келе жатыр еді. Ол араның ұясын көрді. Аюдың бал жегісі келді. Аю араның ұясына қолын салды. Аралар аюды шағып алды.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп- теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз
"Сөз ойла, тез ойла" ойыны.
Берілген сөздерге у әрпін қосса, қандай өзгеріс болады.
Той, үй, есей, кеңей, қартай, сарғай.
Тақтамен жұмыс
4- жаттығу
Төмендегі сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта.
Ю әрпінің астын сыз.
Ұю, жаю, күю, сою, жантаю,
еңкею, молаю, құю, түю.
Сабақты қорыту
1. Бұл не?
2. Бұл қандай дыбыс?
3. Йу дыбысы естілгенімен, орнына қандай әріп жазылады.
4. Ю әрпі бар сөз құра.
Үйге тапсырма
5 -жаттығу
Жаңылтпашты көшіріп жазып,
Бағалау.