7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: 'Достық-таусылмас қазына'

Тәрбие сағаты: 'Достық-таусылмас қазына'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: « Достық-таусылмас қазына»
Сабақтың мақсаты:
1. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу. Достық туралы білім деңгейін кеңейту, нағыз досты тани білуге үйрету.
2. Оқушылардың өзіндік ойларын еркін жеткізе білуге, досты қадірлеуге және тіл байлықтарын, түсініктерін қалыптастыру.
3. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді сақтай білуге, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.

Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақын - абзал дос. Жақсы - адам жанынан шуақ іздеп, достық шын көңілмен ұсынатын адамдар көп болмақ.
«Доссыз өмір - тұл», «Доссыз өмір - тұссыз ас»- деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Сондықтан да бүгінг біз «Достық - таусылмас қазына» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Біз бүгінгі сабағымызды «Тілек шоғы» ойынымызбен бастаймыз. Қолдарында гүлдері бар балалар дөңгелене тұрады. Мұғалім өзі бастап, оқушылар гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Денің сау болсын, әдепті бол, ақылды бол, білімді бол, жақсы бол, аспаның ашық болсын, елімізде тыныштық болсын, амандық болсын, бірлік, татулық.... т. б. Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтіп оралады.


Хормен:
Достық деген өмірде ең керегі,
Достық болып дүние дөңгеледі.
Өзендегі толқындар дос боп ақты,
Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.

Біздің сабағымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. Аққуды атпайды,
Достықты сатпайды.


2. Достық-татулық белгісі
3. Жаман дос - көлеңке


4. Жағдаятты тапсырма


5. Ағаш жапырағымен көрікті,
Адамдар достарымен көрікті.


1. «Аққуды атпайды, Достықты сатпайды»
Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу - киелі құс, сұлулық символы. Ал достықты сатпай деген не?


Ислам:
- Дос алдамау керек
Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек.
Достар ұрыспау керек.
Достар тату болу керек.


Дос қандай болу керек?

жомарт

адамгершілігі мол

қарапайым

мейірімді

кешірімді

адал

ДОС төзімді

ақылды

сабырлы

салмақты

кек сақтамайтын


1.Біздің сынып қандай?

2.Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?

Ислам: Біздің сынып ұйымшыл, бір-біріне әрқашан көмектеседі, бірге жүреді, білмегенімізді бір-бірімізге үйретеміз. Қыздарды сыйлаймыз . Бәріміз доспыз.

-Балалар біз қандай достыққа байланысты ертегілер білеміз ?

-"Қарлығаштың құйрығы неге айыр?"
"Қарлығаш пен дәуіт"

-Олай болса қазір "Қарлығаш пен дәуіт" ертегісін тамашалайық.

-Ертегі бойынша ой түйіндеу.
2. «Достық - татулық белгісі».
Бұнда мақал-мәтелдерге тұнып тұрған көрінеді. Қайсың тез достық туралы мақал-мәтел айтасыңдар.


Зере:
1. Ақылдымен дос болсаң биіктейсің,

Ақылсызбен дос болсаң адасасың.


Бекарыс:
2. Досыңды жамандама,
Бостан босқа қаралама.


Диас:
3. Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.


Кайрат:
4. Досың үшін жан пида.


Ералы:
5. Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.


Зиби:

6. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.


Мейрамбек:
7. Жүз сомың болғанша,
Жүз досың болсын.


Әліби:
8. Жаман атан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.

3: «Жаман дос - көлеңке».


1. Ы. Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін еске түсіру. Неліктен жаман жолдас деп аталды? Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр аюға ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен, екiншiсi мықты, жас жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты: есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi деп. Аю бұл жатқан кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан сұрапты:

Ислам:

- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты дейдi:

Бекасыл:

- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, - дейдi.
- Себебі ол жолдасын тастап кетті.
- Өз басын ғана қорғап қалды.
- Ол қорқақ еді.
- Ондай адаммен дос болмау керек.


4. Жағдаятты тапсырма.

Жанболат:
А) Досыңның көп өтірік сөйлеп, бір затты жымқырып кету әдеті бар екенін байқап жүрдің. Бірақ оны айта алмай жүрген болатынсың. Бір күні екеуіңе ортақ басқа ешкім білмейтін затың жоғалып кетті. Не істер едің?

Ислам:
Ә) Сенің досыңның мінезі өте қиын. Үлкенмен де, кішімен де болмайтын нәрсеге ілінісіп қала береді. Өзінен кішкентайларға көп әлімжеттік жасайды. Сенің іс-әрекетің?
Достық туралы өлең шумақтары:

Ислам
1. Нағыз достар бір-біріне ұнаған.
Қиындықта бірін-бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

Жанболат
2. Досы үшін дос көнеді бейнетке,
Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте,
Жақсылардың айрылмас досы көп.
Қолын берген қиыншылық кездессе.

Ринат
3. Достарымды сүйемін бірге жүрген,
Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен.

Балжан
4. Балдырған балалар,
Достықты бағалар.
Есіңе сақтағын,
Адал бол,
Шыншыл бол.
Өтірік айтпағын,
Сөзіңнен қайтпағын.

Ақжол
5. Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз.
Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз.

Даулет
6. Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір-біріңе
Сенімді боламыз.

Бекасыл
7. Екі деген - екі дос,
Бірін-бірі қимайтын
Артық кемді етпей сөз,
Бірін-бірі сыйлайтын
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты
Бір нүктеге қадалған,
Екі көзің сияқты.
5. Ағаш жапырағымен көрікті
Адамдар жапырағымен көрікті.


Балалар өздеріңді көріктендіріп жүрген асыл да адал достарың жөнінде кім айтып бере алады. Өздеріңіздің достықтарыңыздың мықты, берік екендіктерін мысалдар арқылы дәлелдей аласыңдар ма?( достары туралы айтқызу)
Бахытжан: Досқа жақсылық жасасаң, ол да саған жақсылық жасайды. Біз басқа да елдермен доспыз. «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» деп бекер айтпаған. Досың болса, ешқашан қиналмайсың.


Гүлзат: Дос адамға керек. Доспен ой бөлісесің., сырласасың, бір-біріңе көмек бересің. Досы көп болу үшін сабақты жақсы оқып, тәртіпті болу қажет.


Серик: Барлық балаларда да дос болу қажет. Досыңды ешқашан ренжітпеу, оған жамандық жасамау керек. Менің досым-Бахытжан. Мен оны ешқашан алдамаймын. Ренжітпеймін. Ол да мені ренжітпейді.


Бекарыс: Дос әсіресе қиын жағдайда көмек береді. «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген мақал рас айтылған.



Балжан: Мен досымды жақсы көремін. Менің досым-Гүлзат. Ол сабақты жақсы оқиды. Екеуміз ұрыспай, төбелеспей ойнаймыз. Мен оны көрмей қалсам сағынамын.
Қорытынды:

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе сендерге тек қана адал, таза, ақ ниетті достарың көп болсын деп тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.


Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде де солып қалар гүл емес,
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.

Хор: «Достар» әні. Бейне ролик

Би: Гүлзаттың орындауында өзбек биі .


"Приозерск қаласының №2 МББК"КММ

Тәрбие сағаты

"Достық-таусылмас қазына"

Өткізген: Ауесбаева А.С

2"в" сыныбы

2015-2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал