7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Мүсінші мысық.

Сабақтың тақырыбы: Мүсінші мысық.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Мүсінші мысық.

Сабақтың мақсаты: а)Білімділік:Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғаны ұғындыру., Шоқан ғалым туралы білімдерін кеңейту.

ә)Дамытушылық:Ой қорғау стратегиясын пайдалана отырып, жан-жақты ойлануға үйрету. б)Тәрбиелік:Балалардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Жақсы мен жамандықты ажырата білуг, еңбекқорлыққа үйрету.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, Ш. Уәлиханов суреті, тірек сызбалар, т.б.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, Математика.

Сабақтың жоспары: I .Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа сабақ.

IV. Сабақты бекіту.
V.
Сабақты қортындылау.
VI.
Үй тапсырмасын беру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Құрал-жабдықтарын түгелдеу.

ә) Сыныпты ұйымдастырып, Қ. Мырзалының

Ана тілің - арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.- өлеңімен бастадым.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

  1. Бала Абай әңгімесі бойынша сұрақтарға жауап алу.

-Бала Абай әңгімесін кім жазған?

-Абайға кімдер әңгіме айтты?

-Абай үйіне кімдер қонаққа келді?

-Ақын Абайға неге ұнады?


  1. Оқушылар ой қозғау стратегиясы бойынша төмендегі сұрақты талқылап, ойларын айтады. Барлас ақынның Абайға берген бағасын қалай түсінесіздер, ақын Абайды дұрыс бағалай білді ме?

  2. Т

    ойшыл

    ақыноптастыр стратегиясы бойынша Абай кім? сұрағына жауап тауып, таныстыру.



күйші

композитор

  1. Сергіту сәті - «Ойлан, тап» ойыны:

Математика сабағымен байланыстыра отырып, мысалдар шығару арқылы амалдар нәтижелерінің өсуі бойынша мақалды тауып, жаңа сабақпен байланыстыру /мақалдың әр сөздері қағаздың бірінші бетінде, ал екінші бетінде амалдар берілген/.

15-5

10+10

52-22

70-30

25+25

Жақсылардың

үлгісі

жанып

тұрған

шамдай


Біз бүгін өнегелі өмірі бар алып тұлғаның бірі, ғалым, ағып түскен жұлдыз Шоқан Уәлиханов туралы сөз қозғамақпыз.


ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Оқулықтан «Мүсінші мысық» әңгімесін табу.

  2. Мәтінмен жұмыс. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, мазмұнын түсіндіруі.

  3. Сұрақтар қою арқылы мәтінді әңгімелеу.

  • Шоқан кімді іздеп келді?

  • Шоқан қандай өтініш айтты?

  • Шоқан мен Мысық неге келісті?

  • Жақып Мысықты қалай қарсы алды? Апасы ше?

  • Кім араша түсті?

  • Мысық Шоқанға не уәде берді?


IV. Сабақты бекіту.

а)Оқушылар оқулықтағы кейіпкерлердің атын атап, содан кейін рөлмен оқиды.

ә)Әңгімедегі кейіпкерлер бойынша ассоциациялық аймақ құру.


Жақып

Мысық

Шоқан

Ерке

Өнерлі

Төре

Сотқар

Момын

Ақылды

Бұзық

Кедей

Мейірімді

Тентек

Мүсінші

Ғалым


б)Оқушылар арасында дискуссия туғызу. Әңгімеден кім ұнады? Сендердің Шоқанға ұқсағыларың келе ме?

в)Сөздік жұмысын жүргізу тосырқап-жатырқап, ықтияр-еркін /дәптермен жұмыс/.

V. Сабақты қортындылау.

Әңгімеден жақсы, жаман жайында әңгімелегенімізді айта келіп, талдау.


Олай болса, жамандықтан қашып, жақсылықпен дос болайық деп, сабақты қорытындылау.


VI. Үй тапсырмасын беру

а) Бағалау.

ә) Үйге тапсырма: 1. «Мүсінші мысық» мәтінін оқып келу.

2. Шоқанның үйінің ішкі көрінісін суреттеп келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал