7


Буква и звук ц 1 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: оқушыларға «ц» дыбысы мен әрпін таныстыру, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас түрі

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру.

Барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі

2 Өткенді қайталау

өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

---Слайд «щ»

«щ»- дыбысы қандай дыбыс?

«щ» дыбысы сөздін қай жерінде кездеседі?

-Ендеше өткен сабақты қайталау мақсатында «Адасқан әріптер» ойынын ойнайық.

Слайд «Адасқан әріптер»

-Сөздердегі бос орынға « ш « немесе « щ» әрпін көрсетіп қоясындар , дұрыс қойылса тақтадағы сөз ашылады.

-Өте жақсы, сендер өткен сабақтар бойынша «ш» және «щ» әріптерін жақсы ажырата алады екенсідер.

3 Жаңа сабақ

-Бүгін біз сабақта «ц» дыбысы мен әрпімен танысамыз.

-Жаңа сабағымызды сиқырлы кітаппен бастайық.

Слайд «Ц» әрпі туралы

«Ц» - дауыссыз дыбыс, орыс тілінен енген сөздердің басында, ортасында кездеседі.

- Слайд «ц» -әрпі туралы жалғастыру, оқушылар сөздерді қайталап отырады.

- Ой қозғау Цирк» сөзін естігенде ойларына не келеді?( сайқымазақтар, хайуанаттар, адамдар, арена)

-Қазақстанда 3 цирк бар.Алматыда, Қарағандыда, Астанада. 1970ж.тұңғыш рет Қазақ циркі шаңырақ көтерді.

-Бүгінгі сабағымызға келген сайқымазақтарды қарсы алайық.

-Музыка ,сайқымазақтар кіреді, әр қатарға 1 стикер жабыстырады

Слайд Сергіту сәті «Көңілді күн»( сайқымазақтармен бірге)

  • Балалар сайқымазақтар сендерге тапсырмалар арқылы стикер жабыстырып кетіпті.

  • -Кімнің орындығынын арқасында стикер жапсырылған?

  • Сол оқушы тапсырманы орындауға тақтаға шықсын, қалғанымыз орнымызда орындап отырайық

Дыбыстық талдау жасау

Слайд 1қатар 2қатар 3қатар

цех цемент цирк

Сөздік жұмысы( цех, цемент, цирк)

-Балалар циркте болғандарын бар ма?

- Біздің қаламызда цирк жоқ, сондықтан цирк бізге қонақ ретінде келеді.Енді біз бейнебаяндағы циркке көңіл аударайық.

Слайд -Бейнебаян цирк туралы

-Балалар біз көп мәдени орындарға барып отырамыз, сондықтан тәртібіміз жақсы болу керек.

-Кітаппен жұмыс «Цирк» мәтінің оқу.

-Мұғалім: - Цирктен нелердің ойындарын көруге болады?

-Оқушылардың оқуы (6-7 бала)

-Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық

Дәптермен жұмыс

  • Енді сендерге «ц» әрпі қалай жазылатынын үйретемін.

Слайд ц -мынау баспа түрі,

ц- мынау жазба түрі

ц- әрпі 3 элементтен тұрады

Әріптің жазуын түсіндіру (комментарий)

  • Балалар :

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық

Бүгінгі өткен «ц» әрпін

Әдемі етіп жазайық

Сабақты бекіту

Слайд «Ц» әрпі бар суреттерді тап: (цилиндр, асық, циркуль, сағат, цирк)

(оқушылар шапалақ арқылы көрсетеді)

Сабақты қорыту:

  • Біз бүгін сабақта не үйрендік?

Бағалау., сайқымазақтар шар беріп тұрады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал