- Учителю
- Әдебиеттік оқу пәнінен тест 3-сынып
Әдебиеттік оқу пәнінен тест 3-сынып
Әдебиеттік оқу 3-сынып
1. «Қаракерей Қабанбай шұбырынды болған жұрттың басын қосты» қай шығарма үзіндісі?
А) Ел аузынан. Халық қорғаны Б) К.Қазыбаев.Ту тіккен Рақымжан
</<font face="Times New Roman, serif">Ә) М.Тәнекеев.Қажымұқан В) Н.Байғанин.Амангелді батырым
2. «Күзгі түн,шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы,итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу,ел ұйқыда, оттар сөнген.» деген сөздері бар өлең қалай аталады?
А) С.Торайғыров.Кедей Б) Б.Майлин.Күлпаш
Ә) Н.Байғанин.Амангелді батыр В) Қ.Жұмалиев.Махамбет пен Жақия
3. «Қара судан басқа түк татпағанына бүгін үшінші күн « қай
мәтіннен алынған үзінді?
А) Н.Ғабдуллин.Комбаттың әңгімесі Б) Б.Майлин.Күлпаш
Ә) Т.Кәкішов.Мәңгі жасар өмір В) Н.Байғанин.Амангелді
4. «Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер.
Қалың қазақ елінің
Кегін қанмен жуған ер» деген өлең жолдары кімге арналған?
А) Амангелді батыр Б) Бауыржан
Ә) Рақымжан В) Қабанбай
5. «Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды.Көк жүзімен астасқан қасиетті көк туы асқақ желбіреп тұр» қай шығармадан алынған үзінді?
А) Б.Майлин.Күлпаш Б) Т.Кәкішов.Мәңгі жасар өмір
Ә) З.Шашкин. Азаттық жолында В) К.Табей.Ол ақын болар ма еді?
6 «Ақ киімді,денелі ,ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды» деген өлең жолдары қай мезгіл жайлы айтылған?
А) Жаз Б) Қыс
Ә) Көктем В) Күз
7. «Қызыл шұнақ» өлеңінің авторы кім?
А) Сәкен Сейфуллин Б) Сафуан Шаймерденов
Ә) Абай Құнанбаев В) Зейнолла Шүкіров
8.-«Қайратжан,сен үйге қайт. Апам күйзеліп отырған шығар, хабар жеткіз.
Қай мәтіннің үзіндісінен алынған?
А) М.Иманжанов.Қысқы кеш Б) З.Шүкіров.Арпалыс
Ә) М.Жұмабаев.Аққала В) Аңшының әңгімесі.Қар астындағы ұялар
9.Ол қазақ балалары үшін мектеп ашып ,алғашқы оқулық жазды.
А) Абай Құнанбаев Б) Ыбырай Алтынсарин
Ә) Ахмет Байтұрсынов В) Сәкен Сейфуллин
10. «Қарды соғып төрт бұрыш,
Төрт бұрышты қып кірпіш,
Үй іргесін қаласты
«Мен оям!»-деп біреуі,
«Мен қоям!»-деп біреуі,
Терезеге таласты» деген өлең жолдарының тақырыбын тап?
А) Абай.Қыс Б) Мұқан Иманжанов.Қысқы кеш
Ә) Мағжан Жұмабаев.Аққала В) Сәкен Сейфуллин.Қызыл шұнақ
11. «Тұрар есікті жауып қойды да, есік алдына келді» қай шығармадан?
А) М.Жұмабаев.Аққала
Ә) С.Шаймерденов.Қар
Б) С.Сейфуллин.Қызыл шұнақ
В) З.Шүкіров.Арпалыс
12. «Біздің қоян қайтадан жүгіріп ініне келіп,екі құлағын арқасына салып,екі көзін бадырайтып ашқан қалпыменен ұйықтап қалды.»деген қай шығармадан кездеседі?
А) М.Дулатов.Қоян
Ә) М.Жұмабаев.Аққала
Б) С.Сейфуллин.Қызыл шұнақ
В) З.Шүкіров.Арпалыс
13. «Көргенде көз,көңілдің Алтай емі,
Алтайдың кен аңқиды алған демі.
Жерінен алтын,күміс жентектеліп,
Алтайдың кен құсады талай жері» деген өлең жолдарының тақырыбын тап?
А) И.Байзақов.Алтай аясында
Ә) С.Сейфуллин.Қызыл шұнақ
Б) Ы.Алтынсарин.Өзен
В) Ж.Аймауытов.Торғай
14. «Әккі Жантас ентелеп тағы жетті.Зақпысын жүгіріп келе жатқан бойда оқтап алды да,қалт тұра қалып және атты»деген үзінді қай шығармадан алынған?
А) Ертегі.Көжек
Ә) Б.Соқпақбаев.Қамқорлық
Б) Б.Емельянов.Бүркіт
В) С.Мұқанов.Көкшенің көріністері
15. «Бүркіт»әңгімесінің авторы кім?
А) Ы.Алтынсарин
Ә) Б.Емельянов
Б) Ж.Аймауытов
В) С. Мұқанов