7


  • Учителю
  • Айналадағы әлем пәні, тақырыбы 'Үй жануарлары' (3 сынып)

Айналадағы әлем пәні, тақырыбы 'Үй жануарлары' (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Үй жануарлары.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Баланың төрт - түлік мал туралы түсініктерін кеңейту.

2. Дамытушылығы: өнер - салтымызды балалардың бойына сіңірумен қатар олардың сөздік қорын дамыту.

3. Тәрбиелілігі: Үй жануарларын қамқорлауға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын.

Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері, сыйқырлы дорба.

Сабақтың әдісі- тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ- жауап, дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Амансың ба, алтын күн,

Амансың ба,жер ана

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам..

Наргиз, бүгін біз атам мен әжемнің үйіне саяхатқа шығып қыдырып қайтайық. Ауылға барып бір марқайып таза ауада серуендеп келейік. Ендеше балалар сендер «Қошақаным» әнін екеуміз бірге қосылып айтайық. Мінеки балалар ауылға да келіп жеттік. Алдымыздан ата мен әжеміз тосып алады.

Сурет бойынша жұмыс алдын ала ата мен әженің суретін дайындау

Автордың сөзін мұғалім диалог ретінде өзі оқиды.

Атасы балалардың келгенін көріп мәз мәйрам болып қуанып қалады. Ендеше Наргиз атамыздың бірінші тапсырмасы. І тапсырма;

Үй жануарларын ата және олардың төлдерін қалай атайд

Наргиздің жауабы;

Түйенің төлі- ботақан

Жылқының төлі-құлыншақ

Сиырдың төлі-бұзау

Қойдың төлі-қозы

Ешкінің төлі-лақ

Өте дұрыс жауап бердіңдер жауапты дұрыс бергендерің үшін әжелерің сендерге асық беріп отырады. Наргиз жол әлі ұзақ біраз дем алып алайық.

Өзіміздің өткен сабақта жаттаған өлеңіміз қанге соны қимылмен айтайық.

Сергіту сәті;

Домбырада біз ойнаймыз дың, дың, дың.(2 рет)

Қозы ,лақтар би билейді дың, дың, дың. (2 рет)

Енді ойнаймыз сазсырнайда у, у, у. (2 рет)

Қозы ,лақтар би билейді у, у, у.(2рет)

Енді ойнаймыз даңғырлақта даң, даң, даң.

Қозы, лақтар қатты састы тұра қашты даң, даң, даң.

Ал енді әжеміздің келесі тапсырмасын орындайық біраз ойнап сергіп алдық.

2 тапсырма; Төрт түліктің адамға пайдасы қандай ? сонымен танысайық. Сурет бойынша жұмыс:

-сүт ,ет ,жүн береді

Түйенің , жылқының сүтінен не жасайды ?

- Шұбат, қымыз

Қойдың , сиырдың , ешкінің сүтінен ше ?

- май, құрт , айран , ірімшік

Қой , ешкі , түйенің жүнінен ше ?

-Жіп , киім тоқып , көрпе жасайды

ІV тапсырма . Төрт түлік қалай дыбыстайды ?

Д/о : << Не қалай дыбыстайды ? >>

Сиыр - мө-мө . Жылқы - е , е, е, е ,

Бұзау - мө , мө , Құлын -е , и , е ,и ,

Түйе -бе , бе , Бота -бө , бө ,

Қой - мә , м

Балалар адамдар не істейді ? (сөйлейді )

Жылқы - кісінейді . Сиыр -мөңірейді . Қой , ешкі - маңырайды . Түйе - боздайды . Міне біздің бүгінгі сабағымыздың басты жұмысы ол үй жануарларының дауысын салып оны ажырату.

Дидактикалық ойын: «Төлін тап»

- Наргиз мына жерге қарайықшы біздің үй жануарларымыз далаға жайылымға шыққан еді бірақ төлдерінен ажырап қалыпты оларға төлдерін табуға көмектесеміз бе?

- Наргиз үстел үстінде шашырап жатқан төлдерді табыстырады.

- Наргизге әжесінің дайындаған сыйқырлы дорбасы бар.

Сол сыйқырлы дорбаның ішінде жасырынған заттарды қолдың сипалау,ұстау арқылы не жасырынғанын табу қажет.

- Өте жақсы, бұл тапсырманы да жақсы орындадың.

Қорытынды: Сабақты қортындылап мен саған

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып берейін.

• Үй жануарларына нелер жатады екен?

• Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?

• Жануарлар қалай дыбыстайды?





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал