- Учителю
- Әдебиеттік оқу пәні Ескен Елубаев 'Төрт түлік' 3 'Б' сынып
Әдебиеттік оқу пәні Ескен Елубаев 'Төрт түлік' 3 'Б' сынып
Пәні: әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Ескен Елубаев Төрт түлік
Сабақтың мақсаты: өлеңнің мазмұныны түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
-Өлеңді оқып, ақынның төрт түлікті бейнелеудегі ерекшелігін сезінуге мүмкіндік жасау.
-Қайталау арқылы еске түсіру, білетіндерін санада жаңғырту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
-Өмірмен байланыстыру арқылы әсемдікті көре және ести білуге, көргені мен естігенін көркемдеп айта білуге жағдай туғызу.
Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік бейнеленген түрлі түсті сурет, ақын портреті.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту:
Төрт түліктердің дыбыстарын салады.
ІІ. Мағынаны тану:
Автор Ескен Елубаев туралы мағлұмат беру.Төрт түлік тақпағын топтарға бөлгізіп оқыту,мазмұнын ашу.
Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.Малдың еті, сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мінсе - көлігі, тұтынса бұйымы да осы мал болған. Қазақстан жері мал өсіруге аса қолайлы.
І. Төрт түлік туралы не айтаcыңдар?
1. Қой - төрт түліктің ұсағы. Күзгі терісінен - тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.
2. Сиыр ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.
3. Жылқы - төрт түліктің бірі. Саусаң - қымызы сусын, мінсең - көлік. Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.
4. Түйе - түлік басы. Түйе - көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды.
Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар.
ІІ. Төрт түлік пірлері туралы не білесіңдер?
Қой - қазына, мырзалық,Қой атасы - Шопаната.
Сиыр - қанағат, ақтық,Сиыр атасы - Зеңгібаба.
Жылқы - сәндік, мақтанЖылқы атасы - Қамбарата
Түйе - байлық, салтанатТүйе атасы - Ойсылқара.
ІІІ. Төлдер туралы тақпақтар айту.
Қазақ халқында төрт түлік туралы мақал - мәтелдері көп.
1. Құтты қонақ келсе,Қой егіз табады.Қойдың сүті - қорғасын,Қойды соққан оңбасын.
2. Сиырлының үйі - айран.Сиырды теппейді,Сүтті төкпейді.
3. Жылқы - жаным, қымыз - қымыраным.Ат - адамның қанаты.
4. Түйе атасы - нар,Ағаш атасы - шынар.
V. Жұмбақтар жасырайық.
1. Кішкене ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар.
2. Мүйізі айдай иірген,Мұрнын көкке шүйірген
Ірімшік пен құрт майы,Жегенде тілді үйірген.
3. Қамыс құлақ,Тостаған тұқ.
Мінсең - қанат.,Сүті - дәрі,Еті - тамақ.
4. Кезікті бір жануар,Үстінде екі тауы бар.
VІ. Өтірік өлеңдер құрастырайық.
1. Сарымсақ, сәбіз бөлмеде
Өскенін көп ел көріпті.
Қой мен ешкі төлдерге
Тамақ жасап беріпті.
2. Қарағаштың басына
Қауын, қарбыз өсіпті.
Түйе мен сиыр қызығып,
Қыста жейміз десіпті.
3. Жануарлар бақшаға
Жеміс жеуге келіпті.
Суда өскен жүзімді,
Жылқы мен есек теріпті.
VІІ. Тыйым сөздер.
1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.
2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды.Иесі
өкпелейді.
4. Жас малдың тістерін санамайды.
5. Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.
6. Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.
7. Малды біреуге сыйлағанда яки сатқанда, ноқта - жүген, бас жібі берілмейді.
8. Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады.
Ән: Қошақаным қайда екен?
Қортынды: Балалар төрт түлік туралы не біліп үйрендіңдер?
Сендерге төрт түлік турасында нелер ұнады?
Үйге тапсырма: Ұнаған төрт түлігіне өлеңін шығару
Бағалау: Бағалау парағы арқылы бағалары айтылады