7


  • Учителю
  • Урок по математике Есеп.Қанша кем

Урок по математике Есеп.Қанша кем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысыҚарасай ауданы Көлащы ауылы

«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі

шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі Сырлыбаева Жанагул

</ телефон 8 778 631 01 02

Сабақтың тақырыбы: Есеп.Қанша кем?

Сабақтың мақсаты:

- оқушыларды есеп және оның құрамды бөліктері,қанша кем ұғымына байланысты амалдар таңдау тәсілдерімен таныстыру.

-Топтық тапсырма орындау арқылы қамқорлыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиеленеді

-Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау және логикалық ойы дамиды.

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Сұрақ-жауап, жазба жұмыстары, талдау, жинақтау

Сабақта жүргізілетін іс - әрекеттер:

СТО технологиясының стратегиялары: «Ой қозғау», «Топтастыру», «Түртіп алу»

Сабақтың көрнекілігі:

оқулық, жұмыс дәптері, слайд, перфакарта, үлестірмелер

Сабақтың түрі: қайталау

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері сәлемдесу.

Армысың, сұлу күн!

Армысың, ашық аспан!

Қайырлы күн, баршаға!

Ізетпенен сізге!

Бас иеміз біз!

Ал, енді оқушылар, мен сендерге қоңырау кезінде таратып берген белгілер бойынша топқа бөлінеміз.

1-топ: Азайғыш 4-топ: Теңсіздік

2-топ: Азайтқыш 5-топ: Теңдік

3-топ: Қосылғыш

(Топтар орындарына отырады)

Топқа бөлінгеннен кейін, әр топ жарыса отырып тобына дұрыс жауап үшін ұпай жинайды. Сабақ соңында қай топтың ұпайы көп болса сол топ жеңіске жетеді.

ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық

Міне балалар, біз сендермен кестелік қосу және азайту, әр түрлі есептер шығару арқылы білілімізді қайталаймыз, тиянақтаймыз.

ІІІ. Өткенді қайталау.

1. Қызығушылықты ояту кезеңі

«Түртіп алу» стратегиясы

-Балалар, өткенді қайталау бойынша біз сендермен сандар құрамын өткенбіз.

Мен сендердің топтарыңа тапсырма бергелі отырмын. Оның шарты әр топқа берілген сандар құрамын анықтау, толтыру.

«Миға шабуыл» стратегиясы

Логикалық тапсырмалар:

1-топ: Асанның 5 асығы бар еді. Ол інісіне 2 асығын сыйлады. Асанның неше асығы қалды?

2-топ:Гүлжан 6 қызыл және 3 көк гүл жасады. Ол барлығы неше гүл жасады?

3-топ:Түске дейін 5 қорап, түстен кейін 4 қорап жасалды, Барлығы неше қорап жасалды?

4-топ:Бір тауықтың 2 аяғы бар. Екі тауықтың неше аяғы бар?

5-топ: 5 санының көршілерін ата?

Ү. Жаңа сабақ:

Мағынаны тану:

-Балалар, бәріміз кітабымыздың бірініші тапсырмасына саусағымызды қойып оқимыз.

Дәптермен жұмыс:

№1 Оқы. Есептерді салыстыр және шығар.

Бір қорапта 7 дәптер,ал екінші қорапта 4 дәптер бар.Екінші қорапта біріншідегіге қарағанда неше дәптер кем?

Шарты:

Бірінші қорапта-7

Екінші қорапта-4 ? кем

Шешуі:

7-4=3

Жауабы:3 дәптер кем.

Бір қорапта 7 дәптер,ал екінші қорапта 4 дәптер бар.Екі қорапта қанша дәптер бар?

Шарты :

Бірінші қорапта-7

Екінші қорапта -4 ?

Шешуі:

7+3=11

Жауабы: 11 дәптер

Топтық тапсырма:

№2. 4,8,3 сандарынан тура теңдік құру мүмкін бе? Бір санды өзгертіп,тура теңдіктер құр.

3+5=8 8-3=5

5+3=8 8-5=3

Сергіту сәті:

«Ой толғаныс»кезеңі

№3 Есеп құрастыр және шығар:

Бояу-9

Өшіргіш-?,4-еуі кем

Шешуі:9-4=5

Жауабы:5 өшіргіш

Шығармашылық тапсырма.

Қосу кестесін пайдаланып,шығар:







4-2=2 2+2=4 6-3=3 3+3=6 8-4=4 8-6=2 10-5=5

9-6=3 3+6=9 10-6=4 4+6=10 4+4=8 2+6=8 5+5=10

ҮІІ. Қорытынды:

Ауызша мысалдар айтылады. Олар жауаптарының мәндерін айтады.

ҮІІ.Үйге тапсырма: 122-беттегі 4-тапсырма

Әр суретте неше үшбұрыш бейнеленген?

ҮІІІ.Бағалау:

Әр топтың жинаған ұпай саны бойынша орын беру және белсене қатысқан оқушыларды жеке мадақтап бағалау.



































































«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Бекітемін

Мектеп директоры А.Есмаханова











Есеп.Қанша кем? ашық сабақ 1 «Б» сынып

Урок по математике Есеп.Қанша кем

Тексерген ОӘІО М.Сыпатаева

Бастауыш сынып мұғалімі Ж.Сырлыбаева









Көлащы ауылы 22.01.2016 жыл уақыты 09.30-10.05 2 -сабақ кабинет №28







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал