7


Мен ғарышкер боламын 3класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын» Мақсаты:

1.Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.

2.Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.

3. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.

Әдісі: СТО, ойын.

Көрнекіліктер:Флипчарт құру, құстың бейнесі.

Барысы:

І. Қызығушылығын ояту.

Психологиялық дайындық.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, мейірімді жарық,

Болып кетер сонда дереу жан - жағым

ІІ. 1-слайд. Сабақтың эпиграфы:

Туған жерді сүю -парыз,

Сүю үшін білу -парыз.

Қасиетін ұғу -парыз,

Күзетінде тұру-парыз.

(Мұзафар Әлімбаев)

Мұғалім: - Жарайсыңдар, балалар, міне көктем мезгілі өзінің осындай керемет ерекшеліктерімен

қуантады екен.

- Ал көктемнің осы айы нешінші айы?

- Екінші айы.

- Осы ай қалай деп аталады?

- Сәуір айы деп аталады.

- Иә,бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар. Қандай мереке?

- Ғарышкерлер мерекесі.

Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.

Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар

Қандай ғаламда өмір сүр еміз?

- Жер ғаламында өмір сүреміз.

Мұғалім:Енді топтардың атын жұмбақты шешу арқылы әр топ өз аттарына ие болады.

Болса да көкте мекені Күндіз жоқ, Аспандағы алып доп,

Түнде жарық етеді. Білмейміз, Жарқырайды жарық боп.

(Жұлдыз) Түнімен, (Күн)

Көз ілмейміз. (Ай)

І - топ. Ай ІІ - топ. Күн ІІІ - топ. Жұлдыз

Топтардың атын аспан денелеріне сәйкес қойылу себебін өздерің білесіңдер, өйткені бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен ғарышкер боламын» - деп аталады.

ІІ. Мағынаны тану

Слайд фильм.

Адам ерте кезден - ақ әлем денелерін жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.Әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі Лайка - ғарышкер ит. Оны 1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа салмағы 6 кг,2 жастан асқан кезде ғарыш кемесі «Спутник - 2» кемесімен ұшырды.Ол ұшқаннан кейін 5 - 7 сағаттан соң ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Ғалымдар Лайкамен бірге тағы екі ит Белка мен Стрелканы жаттықтырған болатын.Ал АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланған екен. Әр топқа берілген тапсырма.

Экран бетіне назар аударайық.

1 2 3 4 5 6 1 2 3 4 5 6 7 1 2 3 4 5 6

р т а о қ Т г а р и Г а н ғ а т а Т л

1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» кемесімен жер шарын айналып ұшты.Сөйтіп, 12 - сәуір тарихта «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді.

- Бұл кестелерден ғарышкерлердің атын дұрыстап табу керек. Ол үшін әр топ оқушылары сандарды дұрыс орыналатыру арқылы таба алады.

Мұғалім:

Тоқтар ұшты ғарышқа,

Талғат болды ғарышта.

Таңғалдырып қазағым,

Тағы ұшса ғой Марсқа. - дегендей ғарышқа ұшқанның соңғысы Юрий Гагарин емес, одан кейін 30 жыл өткен соң 1991 жылы қазан айының 2 - сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады.

Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты.

Тапсырма. Үш топқа тапсырма беру.

І - топ.Өлең шумақтарын дұрыс орналастыру.

Қуан халқым,ғарыштан келді балаң,

Осыған да болдық қой біздер алаң.

Қазағымнан бір жұлдыз жарқырап кеп,

Байқоңыр гүлденді ғой ғарыш далам.



Арайлап бір ашық болсын аспаның,

Бақыт деген өмірде бір қас қағым.

Жастарыммен көрейеді еліміз,

Алдарыңнан шыға берсін тосқаның. ІІ - топ. 5 жол өлең Кім ? Қандай? Не істеді? Сөйлем Синоним ІІІ - топ. Ғарышкерлерге тілек жазу.

Сергіту сәті.«Ұшты, ұшты» ойыны.

ІІІ.Ой толғаныс.

Топпен жұмыс.Әр топқа тапсырма беру.Барлығы экран бетінде.

І - топ. Сөзжұмбақ шешу.

Т А Л Ғ А Т 1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.

Т О Қ Т А Р 2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.

Ю Р И Й 3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.

Б А Й Қ О Ң Ы Р 4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?

Ш О Л П А Н 5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.

Л А Й К А 6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.

З Е Р Т Т Е У 7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?

Б А Т Ы Р 8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды?

Мен ғарышкер боламын 3класс







ІІ - топ. Зымыранды Құрастыру

Мен ғарышкер боламын 3классМен ғарышкер боламын 3класс

ІІІ - топ. «Ғарыш әлемі» тақырыбына сурет салу.

- Балалар сендер болашақта кім болуды армандайсыңдар.

Мен ғарышкер боламын 3класс

- Жалпы адам баласы армандаған дұрыс.

- Өйткені ертеме кешпе оның орындалатына сену керек.

- Олай болса ғарышкер ағаларымызға өз арманымызды жазып жіберейік.

- Барлығымыз мына қағаздарға жазып тақтадағы зымыранға ілеміз.

Ән: «Мен ғарышкер боламын!» Сонымен балалар армандарың орындалсың деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Мен ғарышкер боламын 3класс











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал