- Учителю
- Математика. Сабақ жоспары 'Көбейтінді' (3 сынып)
Математика. Сабақ жоспары 'Көбейтінді' (3 сынып)
Матеметика. 3-сынып. Сабақтың тақырыбы: Көбейтінді.
Сабақтың мақсаты.
Білімділігі: Оқушыларға көбейтудің мағынасын түсіндіру, маңызын көрсету;
Дамытушылығы: Логикалық ойлауын, математикалық тілін жетілдіру, есептеуге дағды-ландыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Өздігінен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сызба, геометриялық фигуралар, үлестірмелі материалдар, слайд, интерак-тивті тақта.
Әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, деңгейлік тапмырмалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
1слайд. Интерактивті тақтада.
Кел, балалар ойлайық,
Ойлайық та ойнайық
Қандай сұрақ болса да
Таппай оны қоймайық.
Текке қарап тұрмаңдар
Асығыстық қылмаңдар
Асықпайық дегенге
Бөгеліп көп тұрмаңдар!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
№9. Балалардың жазба жұмысын тексере отырып, дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі. Әр кім өз жұмысын тексереді.
Білімдерін тексеру. а)Фигураларға қара. Аттарын ата.
2 слайд.
ә) Ауызша есептеңдер. 5+5+5+5+5 4+4+4 3+3+3+3+3+3 6+6+6+6+6 7+2+7 9+9 8+1+3 2+2+2+2+2+2+2+2
-Біз қандай амалды орындадық? -Қосу кезінде сандар қалай аталады? -Есептеу сендерге оңай болды ма? ІІІ. Мақсат қою кезеңі: -Біз бүгінгі осы қосындыларды қысқаша жазуды үйренеміз және арифметикалақ амалмен танысамыз. IV. Жаңа сабақты түсіндіру. Оқулықпен жұмыс. 3слайд. Дүкенде әрқайсында 6қиярдан салып 9орам әзірлеу керек. Сатуға әзірленген қиярдың саны нешеу? Есептің шешуін кім түсіндіреді? 6+6+6+6+6+6+6+6+6=54 Бұл қосынды қысқаша былай жазады: 6х9. 6-қосылғыш, 9-қосылғыштар саны. 6 саны 9 рет немесе 6-дан 9 рет алынады делінген. 6х9=54 Бірдей қосылғыштарды көбейту амалымен алмастырамыз. 4 слайд. 6х9=54 6х9өрнегі-көбейтінді; 54-көбейтіндінің мәні. 6 және 9 көбейткіштер немесе 6-бірінші көбейткіш, 9-екінші көбейткіш немесе х-көбейту амалының таңбасы. Көбейтудің мәнін табу үшін қолданылатын амалды көбейту деп атай-ды. Бірінші көбейткіш, екінші көбейткіш, көбейтіндінің мәні-көбейтудің компоненттері. 6х9=54 былай оқылады: алтыны тоғызға көбейткенде, елу төрт шығады. Түсінгендерін тексеру. Ойын. Кім зерек? Оқушылар 3 топқа бөлінеді. 1-топ - 1-көбейткіш. 2-топ - 2-көбейткіш. 3-топ - көбейтіндінің мәні. Бір таңбалы кез келген санды айтады.
1-топ - 1-көбейткіш айтады. 2-топ - 2-көбейткіш айтады. 3-топ - 2 аталған санның көбейтіндісін айту керек. Оқулықпен жұмыс .Тақтада орындалады.
№2. Қосындыны көбейтінді түрінде жаз: 3+3+3+3=12 5+5+5=15 14+14+14=42 28+28+28+28=112 3х4=12 5х3=15 14х3=42 28х4=112
№3. Көбейтіндіні қосынды түрінде жаз: 6х4=24 12х5=60 7х3=21 6+6+6+6=24 12+12+12+12+12=60 7+7+7=21
№5. Суретпен жұмыс. Өздік жұмысы. 5+5+5=15 4+4=8 5х3=15 4х2=8
№6. Ауызша орындау. Ұз. 3см; 5см; 2дм шаршының периметрін тап. 3х4=12см 5х4=20 2х4=8дм.
Сергіту сәті. Қостық біз, көбейттік біз. Қатты шаршап кеттік біз. . Кәне, тұра қалайық, . Кірпікті де қағайық.
Дәптермен жұмыс. Өздік жұмысы. Ауызша талдау. Есептер шығару. №7.
Қарлыған-85кг. ?, 23кг арттық қарақат. Таңқурай-16кг. Шешуі: (85+16)+23=101+23=124. Жауабы: 124кг қарақат жинады.
№8. Қайсар-74өсімдік. ?, Лауранікі 12 кем. Лиза-48өзімдік Шешуі: (74+48)-12=122-12=110. Жауабы: Лаураның гербарийінде 110 өсімдік бар.
№9.Шығармашылық тапсырма. Суретте неше үш бұрыш бар:5 үшбұрыш. Үлестірмелі қағаздар беріледі.
Деңгейлік тапсырмалар. Әр деңгейге 5мин беріледі. Слайд.
1-деңгей. 3ұпай. 1. 4х3 5х3 6х3 Үлгі: 4х3=12 4х3-көбейтінді. 12-көбейтіндінің мәні. 4-көбейткіш. 3- көбейткіш.
2-деңгей. 4ұпай. 1.Бір құтыға 5литр шұбат сияды. Осындай 7 құтыға неше литр шұбат сияды.
Шешуі: Жауабы: .
2. Теңдеу құр және оны шеш: Көбейткіш-5, көбейтіндінің мәні-30, екінші көбейткішті тап;
3-деңгей. 5ұпай. 1. Мәні 18; 20; 21; 24-ке тең болатын көбейтінділер жаз. 2. Белгісіз санда тап:
х5=10 х6=24.
Сабақты қорыту. Оқушылардың ұпай сандарын санау арқылы білімдерін бағалау. Әр дұрыс жауапқа бір жетон беріліп отырылады. Үлгермеген оқушыларға үйге орындап келу тапсырылады. Үйге тапсырма: №4. 10-бет.