- Учителю
- Сабақ : Құстар –біздің досымыз
Сабақ : Құстар –біздің досымыз
Ашық тәрбие сағаты 4-сынып
Тақырыбы: Құстар -біздің досымыз
Мақсаты:1. Білімділігі:Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстар жайлы мағлұмат беру,барлық тыныс тіршіліктің бастауы- көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы- мақал- мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету.
2. Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.
3. Тәрбиелік: отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң- құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер, шар, гүл, көктем көрінісі.
Мұғалім: Құрметті оқушылар!Кәне,көзімізді жұмып отырып, әдемі бір музыка тыңдайықшы!
Тренинг «Өзіммен өзім»
Үнтаспадан,ормандағы . табиғаттағы құстардың алуан түрлі дыбысы,өзеннің ағысы естіліп тұрады.
Музыка аяқталған соң оқушыларға сұрақ қойылады.
-кәне, балалар, біз жаңағы музыкадан нені сезіндік?
Оқушылардың жауабы тыңдалады.
Дұрыс, балалар, біз табиғаттағы құстардың дыбысын естідік.Қандай ғажап дыбыстар!
Олай болса,балалар, біздің бүгінгі сабағымыз да осы құстар,олардың тыныс-тіршілігі,олардың ерекшеліктері туралы болмақ. Бүгінгі сабағымызды біз топтық тапсырмадан бастайық.Ол үшін біз 2 топқа бөлініп алайық.
Оқушыларға «дала құстары» және «үй құстары» деген жазуы бар кеспе қағаздар таратылады.Осы кеспе қағаздары бойынша оқушылар екі топқа бөлінеді.
Мұғалім:
Біздің елімізде көптеген құстар тіршілік етеді. Осы өзіміздің еліміздің аясында тіршілік ететін құстармен таныса отырып, олардың мекен ететін жері, қорек қылатын тамағы жайлы әңгімелесеміз. Құстардың өзі балалар, дала және үй құстары болып бөлінеді.
Топтық тапсырма
Ассосиация жасау
Әр топ өз атаулары бойынша білгендерінен ассосиация жасайды. (Постер бойынша) әр топтан бір адам шығып қорғайды.
«Сұрақ-жауап » бөлімі
«Үй құстарына» сұрақтар:
-Үй құстары дегенді қалай түсінеміз? Не себепті оларды үй құстары деп атаймыз?
Құстар балапандарын қайда өсіреді?
Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?
Киелі құс?
Қандай құстың құйрығы айыр?
300 жыл өмір сүретін құс
«Дала құстарына» сұрақтар:
Не үшін дала құстары деп аталады?
Түнде ұшатын құсты ата!
Орман дәрігері?
Өз атын өзі шақыратын құс?
Сөйлейтін құс?
Көгершін қандай құс?
Енді балалар, қарлығаш туралы ән тыңдап,бір сергіп алайықшы!
Сергіту сәті
«Нұр-Мұқасан»тобының орындауындағы «Қос қарлығаш» әнінен үзінді тыңдалады. Слайдтан түрлі құстардың суреті атауларымен көрсетіледі.
Мұғалім:
Қарлығаш адамға дос, ол ұясын адамдарға жақын жерге тамдарға салады. Тоқылдақ орман, тоғайда мекен етеді. Ол ағаштарды құрт - құмырсқадан тазалайды.
Логикалық тренинг «Қиындыдан құрастыр»
Шарты: Әр түрлі қиындыға бөлінген құстардың суретін топ болып 10 секундтың ішінде құрастырып шығулары керек.Әр топ екі құстың суретін құрастыруылары керек Және сол құс туралы әңгімелеп берулері керек. (тоқылдақ,қарлығаш,аққу,үйрек)
«Халық даналығы-ұрпақ жадында»
Мұғалім:
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап ауа-райы туралы түрлі болжамдар жасаған екен.Елімізге белгілі жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов деген аталарың өзінің болжамдарын көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып және құстардың қимыл-әрекетіне қарап болжайды екен. Мысалы:
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауар да қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
Ертегілер елінде « Қарлығаш пен Дәуіт » ертегісін сахналау
Жұмбақ жасырылады әр топқа
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?(үкі)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам.
(Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарлығаш)
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бұл таңдайлы. (бұлбұл)
Қараңғыда ұшады, құбылады.
Жарық көрсе қашады, тығылады. (жарқанат)
Әр топқа қағаз және баклажкалар таратылады ,әр топ осы заттарды пайдаланып ұя жасайды .
Сабақты қорытындылау
Әр топ бірін-бірі «Шапалақ ұру» әдісімен бағалайды.
Мұғалім: Сонымен,балалар,біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болды?
оқушылардың жауабы тыңдалады.
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын «шапалақ ұру» әдісімен бағалайды.