- Учителю
- Кыска мерзимди жоспар дүниетану
Кыска мерзимди жоспар дүниетану
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРКүні:
Мұғалім: Кыстаубаева Айжан Аманжолкызы
Сынып: 1
Қатысқан:
Қатыспаған:
Оқу мақсаттары
1.2.1.2 Табиғаттағы мінез-құлық ережелерін білу және түсіндіру
Бағалау критерийлері
Табиғаттағы мінез-құлық ережелерін біледі және оларды түсіндіреді
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады: Табиғаттағы мінез-құлық ережелерін білу және түсіндіру
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері :табиғаттағы мінез-құлық ережелері, табиғатқа зиян келтіру, экология, табиғатты қорғау, аялау
Сабақта диалог/жазылымға қажетті тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Айналадағы табиғат үнемі кіршіксіз таза, пәк болып келе ме? Оған кім кінәлі деп ойлайсыңдар?
Жазылымға арналған сөз тіркестері:
Табиғатта шулама, қоқысты тастама, суды ластама, т.с.с.
Алдыңғы оқу
Табиғат туралы түсінігі бар, табиғатқа пайда/зиян
ЖОСПАР
Жоспарланған уақыттар
Ресурстар
Басы: 0-7 мин
Ұ. Аудиожазбаны тыңдау, көздерін жұмып, елестету. Не елестеттіңдер? Құстардың даусын естігенде қандай күйге бөленесіңдер? Табиғат қандай деп ойлайсыңдар? Ойланып көріңдерші. Айналадағы табиғат үнемі осындай кіршіксіз таза, пәк болып келе ме? Оған кім кінәлі деп ойлайсыңдар? Слайд арқылы ластанған табиғат суреттері көрсетіліп, мына көрініс туралы не айтар едіңдер? - деген сұрақ қойылады
Аудиожазба, суреттер
Жұптасып жұмыс жасау арқылы табиғаттағы мінез-құлық ережелерін құрастырайық.
Ортасы
8-15 мин
Ұ. Тапсырма:табиғаттағы мінез-құлық ережелерін есіңе түсіріп, атаңыз
Ақ қағаз, қарындаштар
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін атайды,
-
Жұпта бір ереже атайды
-
Айтылған ережені қайталамайды
16-20 мин
Айтылған ережелер тақтада постерде алдын ала жазылып, ілінеді. Мұғалім ережелерді оқып, қай ереже айтылмағанын сұрайды. Қазір біз «Табиғат кітабын» көркемдеп көрелік
Ж. Тапсырма:.бір ережені шартты суретпен бейнелеңіз
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
шартты суретті салады,
тақтадағы постерге іледі
-
Қалай бейнелейтінін талқылайды
-
Суретін салады
-
Суретін постерге іледі
-
Не бейнелегенін түсіндіреді.
21-25 мин
Сергіту сәті:
«Табиғатқа қалай көмектесе аламын» ойын.Мұғалім балаларға кезектестіре доп лақтыра отырып, мынадай сұрақтар қояды: -Ағаштарға қалай көмектесе аласыңдар? -Құстарға қалай қамқорлық көрсетесің? -Су мөлдір таза болу үшін не істеу керек? -Ауа таза болу үшін не істеу керек? -Гүлдерге қалай көмектесе аласың?
Доп
Сұраққа жауап береді
Допты ұстап алады.
Қойған сұраққа жауап береді.
Соңы
26-35 мин
Суреттер арқылы топқа бөліну: гүлдер, ағаштар, құстар, жәндіктер . Т. Тапсырма: топқа берілген суретке байланысты адамдарға үндеу құрастырыңдар:
суреттер
Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
Бір-бірімен байланысқан, мағынасы бар сөйлемдер құрастырады. Ойларын жеткізе алады.
-
Топ ішінде талқылайды
-
Мәтін құрастырады
-
Мәтін сөйлемдерін өзара бөліп алады
-
Сыныптастарына айтады
Қосымша мәліметтер
Дифференциация - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша күрделендіресіз?
Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс:
сауат ашу, бейнелеу өнері
АҚТ
Құндылықтар : табиғатты қорғау, аялау,
Қабілетті оқушылар постерде жазылған сөйлемдерді оқиды. Үндеу құрастыру.
Бағалау критерийлері бойынша оқушылар арасында жүріп, әр оқушының жұмыс қарқынын, айтқан ойларын бақылау. Тапсырма орындалып болған соң қалыптастырушы бағалауды қолдану
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті?
Дифференциялаужоспарымжүзегеастыма? (тапсырмаларысәйкесболдыма?)
Уақытдәлдігіқалайболды? Жоспарымақандайөзгерістеренгіземін?
Сабақтың оқу мақсаты анық. Бұл сабақта оқушылар табиғаттағы мінез-құлық ережелері туралы алдыңғы білімдерін жинақтай отырып, жаңа ережелерді түсіндірді. Сабақ жақсы өтті, дегенмен сергіту сәтінде барлық оқушылар қамтылмады. Әр тапсырмаға белгіленген уақыт жеткілікті болды. Тапсырмалар көбінде орта оқушыға бағытталды. Қабілетті оқушыға тапсырма аз болды.
Жоспарға енгізетін өзгерістер: қабілетті оқушыларға жеке тапсырмалар енгізу, сергіту сәтіне басқа ойын алу
Қорытынды баға
Қандай екі әдіс өте сәтті болды (оқыту мен үйрену)?
1: Қызығушылығын ояту барысында аудиожазбаны тыңдау арқылы табиғатты елестету
2: Табиғат кітабын көркемдеу
Қандай екі әдіс-тәсіл толықтырылуы тиіс (оқыту мен үйрену)?
1: Адамдарға үндеу құрастыру
2: «Табиғатқа қалай көмектесе аламын» ойыны
Келесі сабағымда ескеретіндей сынып және жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым?
</<br>