- Учителю
- Кімнің мекені жақсы? 3 бөлім. Әдебиеттік оқу 2 сынып. Сабақ жоспары.
Кімнің мекені жақсы? 3 бөлім. Әдебиеттік оқу 2 сынып. Сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Күні: 17.11.2016ж.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз
ойын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Жаңа мысалды талқылау.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, қиялы
мен ойлау шеңберін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге тәрбиелеу, туған жерін
сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал жабдықтары:ребус,оқулық.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың типі: Өткен сабақты жалғастыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ.Жаңа материалмен жұмыс.
Балалар бүгін біз осы мәтіннің 3-ші бөлімін оқимыз. 79-беттегі мақал-мәтелді оқимыз.
Мақал-мәтелдер
1.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2.Әркімнің өз жері - Мысыр шаһары.
3.Бақа көлінде патша,
Балық суында патша,
Жігіт елінде патша.
Әңгіменің 3-ші бөлімін оқу.
Сөздікпен жұмыс:
Көде - далалы жерде өсетін майда шөп.
Қуаңшылық - құрғақшылық.
Күннің аптабы - күннің ыстығы, лебі.
Діңділері - діңі жуан әрі ұзындары.
Балауыз дән - сүт дән, жас дән.
Шашау шығармастан - шашып - төкпестен.
Зая - құр босқа, бекерге.
Қорытынды:
-Мәтін неше бөлімнен тұрады?
-Өз тұрған жерің саған несімен ұнайды?
Мәтін кейіпкерлеріне ұқсап өз тұрған жерің туралы толғана
әңгімелеуге тырыс: «О, шіркін! Дүниеде мен тұрған жерден...»
Үй тапсырмасы: 80 бет оқу,мазмұндау.
Бағалау.