- Учителю
- Ашық сабақ, кішігірім концерт (Алтын күз, 4 сынып)
Ашық сабақ, кішігірім концерт (Алтын күз, 4 сынып)
Күз - мерекем, күз - берекем
"Алтын күз мерекесі"- тәрбие сағаты
Зал әдемі безендірілген, іші күздің жапырақтарымен көркемделген.
Армысыздар,
бармысыздар!
Көптен күткен мереке,
Алтын күзді қарсы алыңыздар!
Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз»
мерекесі де келіп жетті.
Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде
жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп
санаққа қосылатын кезең.
Күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған
кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз»
мерекесі мерекеленеді.
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз
мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Бүгінгі мерекеміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. Адам көркі шүберек
2. Күзгі дастархан
3. Сән үлгісі
4.Ән
5. Полиглот
6. Әзіл
7. Би
1.- Адам көркі шүберек
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен, «Ағаш көркі жапырақ" - демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық.
2.Күзгі дастархан
Күзгі жеміс - жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең!
Қолынан бал тамған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап, дәмін
татайық.
3.Сән үлгісі
Ине ,жіппен жаңа өткен,
Көйлек көрсем -кәделі.
Ісмер ана қыздары,
Тіккендей көйлек әдемі.
Жұмбақтар шешу:
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан.(Сәбіз)
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында дәні бар.(Бидай)
Бақшадан келген ала доп (Қарбыз)
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (Пияз)
Іші толған шәрбат ,Дәмі қандай әйбат ,Үзесің бірден жүзін, Оның аты -...(жүзім) Дөп - дөңгелек сары, Ішінде бар дәні, Қызығасың көріп, Оның аты -...(өрік) Жапырақты тасалап, Өсетін жері бақша - бақ ,Күрең қызыл шіркін ай ,Оның аты -...(құлпынай)
1)Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (Сәбіз)
2)Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен. (Жуа)
3)Бүрі,бүрі,бүрі бар,
Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)
4)Піспеген де сырты қара,өзі қатты,
Ал,піскенде ерекше дәмі тәтті.(Картоп)
Соғым үшін сайлап қойдым,Бордақылап байлап қойдым (қарбыз)
Үстіне тігіп көк шатыр ,
Астында қызғылт дәу жатыр (қызылша)
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (алма)
Аласа ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар. (қырыққабат)
Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма.(қызанақ)
Алтын сары тоны бар
Қойында дәні бар
Не екенін тауып ал (бидай)
-
Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды,
Соқса егер салқын жел
Ырғалады толғиды. /Жапырақ /
-
Үстінде тігіп дәу шатыр, астында қызғылт дән жатыр/Қызылша/
-
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан сууырып,
Әкелді әкем бір күні./Сәбіз/
-
Аспай піскен, қайнамай түскен./Жеміс/
-
Сырты жасыл, қызыл шар,Іші қызыл тәп-тәтті./Қарбыз/
4.Әнге кезек береміз
Мирас:Сыртқа
шықсам сарғайған күзді көрем,
Жүдеу жүзді сонан соң қызды көрем.
Сағынышқа бөленген мұңлықтарға,
Дәрі бола қояр ма біздің өлең.
Венера:Алтын күз міне алдамда
Сары ала кілем жапырақ
Қауын, қарбыз, жүзіммен
Көз тартады атырап
Егінім пісті алқапта
Қазағымның ырысы
Төрт түлігім семірді.
Көз тартады тұрысы
Құтты болсын алтын күз
Берекесі халқымның
Күзгі байлық тамаша
Шашуы көп салтымның.
Жансая:Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Назым:Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...
5. Полиглот ойыны
1. Тал басында
Тундіксіз отау (құс ұясы - … - …)
2. Күндіз тіпті ұшпайды
Түнде тышқан ұстайды (жапалақ - … - …)
3. Жаурағанда күлдірер,
Өз еркіне жіберсең -
Дүниені бүлдірер (от - … - …)
4. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар (пияз - … - …)
5. Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған (сыпыртқы - … - …)
6. Қол созсаң, ақ күміс, алақанға толады
Ашып-жұмсаң, із-түссіз лезде жоқ болады. ( қар - ......,
.......)
Бәрекелді, балалар, енді біз «Жұмбақтар әлеміне» аттанайық
1. Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы тізеден келмейді (тырна)
2. Құрлықта жүрсе - маймаңдап,
Суда жүзсе - еседі қайықтап. (үйрек)
3. Ұя сап, балапан баспайды,
Өз атын атап қақсайды. (көкек)
4. Дамылсыз барабан қағады,
Сол жерден тамағын табады. (тоқылдақ)
5. Қарағайдың, шыршаның
Бүрін шағып уатты.
Бұл қандай құс, айтшы, дос,
Тұмсығы қайшы сияқты. (қайшы ауыз)
6. Бұдыр-бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)
-
Әзіл
Би
Шешендік еліміздің данасы,
Ән мен күй қаламыздың ағасы
Би билеп шырқайтұғын қыз бен жігіт,
Өнерін көрсетпейді деп айта алмайсың - дей келе келесі кезекті биге
береміз
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар
Осымен «Күз - мерекем, күз - берекем»атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!Сау болыңыздар.
Бестөбе №2 орта мектебі
Тәрбие сағаты
«Күз - мерекем,
күз - берекем»
Өткізген: Айнекова Ж.М
2015-2016 оқу жылы