7


Жақсылыққа жақсылық 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 03.11.2015 жыл

Сыныбы: 2Б

Тақырыбы: «Жақсылыққа - жақсылық»

Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

-жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

-қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: суреттер, ситкер, ватман т.б

Сабақта қолданатын әдістер: СТО технологиясы

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту.

-Адамға, қоршаған ортаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.

Жақсылық жаса досыңа,

Бірге ойнаған жасыңнан.

Қиналған кезде әрқашан,

Табылсаң болды қасынан.

Болғың келсе жақсы адам,

Жақсылық жаса әрқашан

-Бүгінгі сабағымызда жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.

Топтарға бөлу. (түстер бойынша)

Сары түсті таңдаған оқушылар «Қамқорлық» тобына

Көк түсті таңдаған оқушылар «Мейірімділік» тобына

Қызыл түсті таңдаған оқушылар «Кішіпейілдік» тобына

Жасыл түсті таңдаған оқушылар «Жақсылық» тобына

ІІ. Ой қозғау

- «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің?

- Өзің қандай жақсылық жасай аласың?

- Жақсылық жасауды қайдан үйрендің?

Мұғалім толықтырады

-Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға,айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды,көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады,сыйластықтары артады.

ІІІ. Мағынаны тану.

-Сонымен оқушылар жақсылыққа жету үшін адамзат баласына не керек екен? Жақсылық жасау қандай іс екенін білу үшін мен сіздерге бүгін «Жақсылыққа - жақсылық» және «Жақсылық ұмтылмайды» деп аталатын ертегілер әкеліп отырмын. Осы ертегілерді оқып, түсініп талдап көрейік.

Топпен жұмыс. (Кітаптан ертегіні оқыту.)

1.«Қамқорлық» тобына :«Жақсылыққа - жақсылық»

2.«Мейірімділік» тобына: «Жақсылыққа - жақсылық»

3.«Кішіпейілдік» тобына: «Жақсылық ұмтылмайды»

4.«Жақсылық» тобына: «Жақсылық ұмтылмайды»

Ойланайық, пікірлесейік. /топпен жұмыс/

1.«Қамқорлық» тобына :«Жақсылыққа - жақсылық»

2.«Мейірімділік» тобына: «Жақсылыққа - жақсылық»

- Жолбарыс қайда келіп дем алып жатыр еді?

- Жолбарыс неге ашуланды?

- Ол нені ұстап алды?

-Тышқан не деп жауап берді?

- Кешкі салқында жолбарыс неге тап болды?

-Тышқан жолбарысты қалай құтқар?

-Тышқан мен жолбарыстың басынан өткен жағдайға қандай баға бересіңдер?

Жақсылыққа -жақсылық деп осы ертегіні айтуға болады.

"Қос шеңберде" ішіне - сыртына әдісі арқылы әңгіме мазмұнын бір-біріне айтады.

3.«Кішіпейілдік» тобына: «Жақсылық ұмтылмайды»

4.«Жақсылық» тобына: «Жақсылық ұмтылмайды»

- Баяғыда бір бала жолдан қандай құсты тауып алады?

- Қарлығашқа не болған екен?

- Бала оны не үшін алып келді?

- Қарлығаш құс бір күні қайда кетті?

- Бала неге ренжіді?

- Үй ішімен дастархан басында отырғанда не ұшып келді?

- Қарлығаштың аузында не бар еді?

- Дәнді не үшін әкелген?

- Дәнді бала не істеді?

- Қарлығаш балаға рахметін қалай жеткізді?

ІҮ. Ой толғаныс.

- Қымбатты, оқушылар біздің оқыған екі ертегінің қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?

Жақсылық жасау біздің өмірімізде де ерешке орын алады.Ендеше,менің сендерге келесі тапсырмаларым мынадай болмақ.

Топпен жұмыс.

1.«Қамқорлық» тобына : Жақсылық пен жамандықтың айырмашылығын сурет арқылы салып көрсету.

2.«Мейірімділік» тобына: Жақсылыққа жету жолдары жазу.

3.«Кішіпейілдік» тобына: «Менің жақсы істерім» сурет арқылы көрсету.

4.«Жақсылық» тобына: «Жақсылық гүлін» жасау онда жақсылық жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер болу керек соны жазады.

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға алдын ала дайындалған тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздарды үлестіріп,сол қағазға өзі жасаған жақсы істерін жазып жеткізу.

Жұмыстарын қорытындылау.

- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды.(Тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін ілу). Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады.Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан. Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»

деген екен. Біреуді таны -таныма жақсылық жасау әр оқушының парызы.Сонымен бүгінгі оқу сағатынан осымен аяқталды.









</









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал