- Учителю
- Қосу және азайту (1-сынып)
Қосу және азайту (1-сынып)
Күні: 13.05.2014 ж
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Санау, оқу, жазу және салыстыру ұғымдарын қайталау, фигуралардың білдіру қасиеттерін, ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақтың міндеті:
-
Кері есептер, теңдеу шешуді, әріпті өрнектерді салыстыруды қайталау
-
Шапшаң есептеуге, тез ойлануға, ойлау қабілеттерін дамыту
-
Логикалық ой-өрісін дамыту, есепке қызығушылығын арттыру
-
Тәртіпті сақтай білуге, өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: карточкалар, оқулық, дәптер, презентация, слайд
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың ұраны:
«Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық».
ІІ.Психологиялық дайындық .
«Күлімде, күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!»
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .
ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
Жаңа материалды қабылдауға дайындық үстінде 1-10 сандарының құрамы қайталанады; бірліктер, ондықтар, толық ондықтар, жай ондықтар, жүздіктер, 1-2-3 таңбалы сандар, сондай-ақ тапсырмаға 1-10 -ға дейінгі, 10-нан 1-ге дейінгі санауды қосқан пайдалы.
«Доп лақтыру » ойыны
Допты лақтыру арқылы оқушылардың ауызша есептеулерін дамыту.
IV.Жаңа сабақты меңгеру. 1 (сурет бойынша жұмыс)
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Слайдпен жұмыс: №1.
8 - 3 = 5 7 - 2 = 5
5 + 3 = 8 5 + 2 = 7
V.Дәптермен жұмыс.
«Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық»
№2. Тиісті таңбаларды қою.
4 * 1 = 5 3 * 1 = 4 40 * 10 = 50
1 * 2 = 3 9 * 1 = 10 40 * 10 = 30
№3. Есептің шартын толықтыр және шығар.
Алмада 6 фломастер бар, ал Айшада _____ артық. Айшада неше фломастер бар?
Алмада - 6 ф.
Айшада - ? ф. 2 ф. артық
Шешуі: 6 + 2 =8 (ф)
Жауабы: Айшада 8 фломастер бар.
VI.Сертіту сәті: «Көңілді шырша»
№4. Теңдіктерді толықтыр және есепте. Амалдардың компоненттерін ата.
60 + 20 = 80 40 + 50 = 90 60 + 30 =
20 + 60 = 50 + = 90 + =
80 - 20 = 90 - = 50 - =
№5. Өрнектерді дәптердегі кестеге жаз. Олардың мәнін тап.
10 + 60 = 10 + 20 = 80 - 60 =
80 + 10 = 100 - 40 = 40 + 30 =
10 + 70 = 40 - 10 = 90 - 90 =
VIІ. «Кім тапқыр?» ойыны.
Жұмбақ шешу.
Алма бағы жайнаған. Қызыл алма айналам. Алдым үзіп бесеуін, Тағы да алдым екеуін. Алдым сонда нешеуін? / 7 /
Көлден ұшты жеті қаз, Бес асықтың екеуін, Қайтып қонды екі қаз. Досым сұрап алады. Қонбады оның нешеуі? Айтшы сонда нешеуі, Қане, кім тез шешеді? / 5 қаз/ Өз қолымда қалады? /3
*Саянда болды 8 алма
Сайданға берді 4 алма.
Ойланып, кәне , көрейік -
Саянда қалды қанша алма? 8 -4 =4
*Бәйгеге шықты жануарлар
Алға шықты бесеуі.
Қосылды оған екеуі
Мәреге келді нешеуі? 5 +2=7
*Айманда бюолды бес алмұрт,
Әселге берді екі алмұрт.
Айманның қалды қолында
Неше алмұрт тез ойла? 5-2=3
*Сегіз қияр базардан
Сатып алды Сәлімжан.
Бес қиярды алғанда
Қанша қалды дорбада? 8-5=3
Қорытынды:
Сабақты бекіту.
Үй тапсырмасын түсіндіру.