- Учителю
- Дүниетанудан ашық сабақ (3- сынып)
Дүниетанудан ашық сабақ (3- сынып)
Сынып: 3 «А»
М. Хакімжанова атындағы Щербаков орта мектебі.
Тақырыбы: « Отбасының берекесі».
Пән: Дүниетану.
Сынып: 3 «А»
Бастауыш сынып мұғалімі: Уәли. БМ.
2013 - 2014 оқу жылы.
Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Б)Адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойындар.
Көрнекілігі:Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер,
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, музыка, бейнелеу, өзін -өзі тану.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты сабаққа әзірлеу. Назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық.
III. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтамен жұмыс.
- «Жануарлар әлемін қорғау» мәтіні бойынша мазмұнын айту.
- Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны неліктен?
- Қызыл кітап деген не?
- Адамдар қорықты не үшін құрады ?
- Қазақ халқы қандай жануарлар мен құстарды қасиетті деп санаған?
- Өте жақсы.
- Ендеше балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын « Қай топ жылдам?» ойынын ойнау арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен танысамыз.
Тақтада берілген сандарды ретімен қоя отырып тақырыпты табу.
- Ендеше балалар, мына сұрақтарға жауап берейікші.
- Отбасына кімдер жатады?
- «Отбасы» туралы қандай мақал -мәтелдер білесіңдер?
- Өте жақсы.
- Ендеше , балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
« Отбасының берекесі».
IV. Жаңа сабақ.
Топпен жұмыс. Оқушыларды топқа бөлу, топ аттарымен таныстыру.
- Міне, бүгін біз балалар топпен жұмыс жүргізу арқылы,сабағымызды бастаймыз. топпенен таныстырып өтейін. І - ші топ « Қамқоршы» тобы. ІІ - ші топ «Мейірім» тобы.
- Осы кезде есік қағылады.
- Балалар, бізге ата мен әже келіп қалған екен, төрлетіңіздер!
- Ата мен әже. Қырықтың бір қыдыр , - деген.
- Кәне, балалар әженің әкелген « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Отбасының қызығы кім?
4. Отбасы мүшелерінің қарым -қатынасы қандай болуы керек?
5. Туыстық атауларды айт:
6. Отбасының тірегі кімдер?
7. Қандай дәстүрлерді білесің?
8. Әкеңнің әкесі сізге кім болады?
V. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді мұғалім оқуы, түсіндіру.
б) Оқушыларға тізбектей оқыту.
Атаның тапсырмасын орындау. « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ер баламен мен қыз баланы жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
10. Мақалды жалғастыр: Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.
- Ата, балалар тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін бата береді.
VI. Сергіту сәті.
Қара жорға биінен үзінді.
VIІ. Дәптермен жұмыс.
- Балалар, « Менің отбасым» немесе сурет бойынша эссе жазыңдар.
- Топпен газет шығару сайысы. Газетті қорғау.
VIІІ. Қорытынды.
Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін - бірі жақсы көреді және қамқор болады.
Күн көзіне: кластер құру. Отбасы қандай болу керек?.
- «Ана» сөзіне кластер құру. Анаға арналған тақпақтар айту.
- «Ана туралы жыр» әнін айту.
- Осымен сабағымызды аяқтаймыз.
- Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
ІХ. Бағалау..
Х. Үйге тапсырма:
1. «Отбасының берекесі» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
2. Отбасына байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жаттау.
3. Мәтін бойынша сурет салып келу.