7


  • Учителю
  • Открытый урок. 5 класс «Жері байдың - елі бай».

Открытый урок. 5 класс «Жері байдың - елі бай».

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың  тақырыбы: «Жерібайдың – елі бай». Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың білімдеңгейін көтеру, алған білімдерін дәріс кезіңде қолдана білулерін анықтау,ұжымдық түрде білім алуға баулу. 2.Дамытушылық: білімдерін толықтыру,олардың ақыл-жігерінің толысып
предварительный просмотр материала


№ 30 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП








АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Жері байдың - елі бай»




Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиет

мұғалімі Уашева Ж.С.


Қарағанды 2008

Сабақтың тақырыбы: «Жері байдың - елі бай».

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, алған білімдерін дәріс кезіңде қолдана білулерін анықтау, ұжымдық түрде білім алуға баулу.

  2. Дамытушылық: білімдерін толықтыру, олардың ақыл-жігерінің толысып дамуына әсер ету. Қазақ тілінде ауыз екі сөйлеу қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік: туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ұжымдық түрде бірлесіп білім алу.

Сабақтың әдістері: пікір алысу, өз ойын әңгімелеп жеткізу, сұрақ - жауап, іздендіру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

Сұрақ жауап алу.

  • Біз қайда тұрамыз?

  • 16 - желтоқсан қандай мереке болды?

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Еліміздің жері, табиғаты қандай?

  • Елордамыз қай қала?

  • Елбасы кім?

  • Еліміздің рәміздері қандай?

2. Үй тапсырмасын сұрау:

Отан -тақпағын жатқа сұрау. 62-бет.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

- Балалар біздің бүгінгі сабағымыз «Жері байдың - елі бай» - деп аталады. «Богата земля, богат и народ».

- Сендер бұл мақалды қалай түсінесіңдер?

- Пікір алысу.

Жаңа сендер Отан жайлы тақпақ айттындар, ендеше біз бүгінгі сабағымызда өз еліміздің байлығы жайлы айтамыз.

- Балаларға мәтіндер таратып беремін.

4. Мәтінмен жұмыс:

Біздің Отанымыз үлкен, табиғаты тамаша, жері кең әрі бай. Қазақстан жерінде пайдалы кендер өте көп. Олар: көмір, мұнай, темір, алтын, мыс т.б.

Қарағанды, Теміртау қалаларында көмір мен темір, Атырауда - мұнай, Жезқазғанда - мыс өндіріледі.

Оңтүстікте - мақта, Қызылордада - күріш өседі. Ақмола, Қостанай - бидайға бай өлке.

«Жері байдың - елі бай» - дейді халық.

  • мәтінді мәнерлеп өзім оқимын

  • тізбектеп оқиды

  • сөздікпен танысамыз

  • өзім қазақша, оқушылар орысша

  • оқушылар қазақша өзім орысша

  • мәтінді аударамыз

  • сол мәтін бойынша сұрақтар қоямын.

  • Біздің Отанымыз қандай?

  • Табиғаты және жері қандай?

  • Қазақстан жерінде не көп?

  • Олар қандай?

  • Көмір мен темір қай қалаларда өндіріледі?

  • Атырауда не, Жезқазғанда не өндіріледі?

5. Жазба жұмысы:

4-тапсырма. 62-бет, Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қойып жазу.

Менің Отан ..., оның жолдас ..., сенің міндет ..., оның үй..., менің білім..., оның қала..., сенің ауыл... .

Тақтамен жұмыс.

Отан - сөзін тәуелдеу.

6. Перфокартамен жұмыс.

Оқушыларға перфокарта таратамын. Ондағы зат есімдерге тәуелдік жалғау жалғау.

Сергіту сәті.

«Хан талапай» - ойыны. Әріптер таратып беремін сол әріптен басталатын сөздер айту. Мысалы: А - ақыл, М - мектеп т.б.

7. Қазақстан картасын құрастыру.

- Оқушылардың қолдарында қала аттары жазылған қағаздар, сол қала туралы бір ауыз сөз.

Қарағанды - қара алтынның қоймасы.

Атырау - мол Қазақстан мұнайы.

Жезқазған - кен, бұзылмаған қаймағы

Қостанай - құт, қызыл бидай қамбасы.

Қызылорда - күрішті Сыр сағасы.

Ақмола - Арқада астық алқабы.

Шымкент - ыстық оңтүстігім мақталы.

8. Кластер құру.


Көмір мұнай бидай



Мақта Қазақстан жері күріш


Алтын темір мыс

9. Ән айту.

Балалар қазақ халқының «Найзасыз - ер болмайды, Ұрансыз - ел болмайды» - деген мақалы бар. Сол сияқты біздің еліміздің екінші әнұраны ретінде саналып жүрген «Атамекен» әнің орындауға тік тұрындар.

Хор «Атамекен».

10. Бағалау.

11. Саб.қорыту.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал