- Учителю
- Математика ашық сабақ 'Уақыт өлшем бірлігі' 3 сынып
Математика ашық сабақ 'Уақыт өлшем бірлігі' 3 сынып
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Уақытты табуға берілген есептер.
Сабақтың мақсаты: Қозғалыс есептері туралы мағлұмат беру.
Оқушыларды есептің жаңа түрімен таныстыру;
Сабақтың міндеттері: 1. Уақыт өлшем бірліктерімен таныстыру. Жылдамдық
пен қашықтық белгілі болған жағдайда уақытты табуды үйрету.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ауызша және жазбаша
есептеу дағдыларын жетілдіру. Өз ойларын еркін жеткізуге
жетелеу.
3. Оқушыларды Отан үшін жан қиған ардагерлеріміздің ерлігін
үлгі ете отырып отансүйгіштікке тәрбиелеу. Жол ережесін
сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытушылық
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту
Оқытудың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық және өздік жұмыс, есептеу,
салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: (психологиялық дайындық)
Отан үшін, халық үшін,
Талмай еңбек етеміз.
Оқып - біліп құлшынамыз
Жеңістерге жетеміз.
Топқа бөліп отырғызу: І топ - Жылдамдық
ІІ топ - Уақыт
ІІІ топ - Қашықтық
- Биылғы жыл айтулы оқиғаларға толы. 2-3 күннен кейін қандай мерекені
тойлағалы жатырмыз? (Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі)
- Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білесіңдер?
- Біздерге бейбіт өмір алып берген батырларды ешқашан да ұмытпайық!
- Олай болса, бүгінгі математика сабағымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналады. Бүгінгі сабақты «Ер есімі - ел есінде» деген ұранмен бастайық.
-Соғыс кезінде батырларға «Ерлігі үшін» медаль берілсе, мен бүгінгі сабақта білімдерін көрсеткен, белсенділік пен шапшаңдық танытқан оқушыларды жұлдызшамен марапаттап отырамын.
ІІ Өткенді пысықтау
-
Қызығушылығын ояту: Математикалық диктант.
І топқа:
-
Велосипедші 3 сағатта 20 км/сағ жылдамдықпен қанша километр жол
жүрді? (60км)
-
Бір өркешті түйе 3 сағатта 150 км жүріп өтті. Түйенің жылдамдығы қандай? (50км/сағ)
ІІ топқа:
-
Велосипедші 2 сағатта 45 км/сағ жылдамдықпен неше километр жүреді? (90 км)
-
Саяхатшы 920 метрді 10 минутта жүріп өтті. Саяхатшы қандай жылдамдықпен қозғалған? (92 м/мин)
ІІІ топқа:
-
Мотоциклші 30км/сағ жылдамдықпен 5 сағатта неше километр жүреді? (150 км)
-
Ұлу 2 сағатта 60дм жорғалады. Осы қашықтықты ол қандай жылдамдықпен жүріп өтті? (30 дм/сағ)
Ой қозғау:
-
Қашықтықты қалай табамыз? Қашықтықтың өлшем бірліктерін ата.
-
Жылдамдықты қалай табамыз? Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ата.
-
Ал уақытты табу үшін не істейміз? Уақыт өлшем бірліктерін ата.
ІІІ Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабақта «Уақытты табуға берілген есептерді» шығарып үйренеміз.
(Дәптерге күннің жады, тақырыбы жазылады)
Мағынаны тану:
Сызбаға қарап есепті құрастыру, түсіндіру, формуласын таныстыру.
v= 15 км /сағ t = ? сағ
s = 30 км
t = s : v 30км : 15км/сағ = 2 сағ
v - жылдамдық
t - уақыт
s - қашықтық
t = s : v
Уақытты табу үшін, қашықтықты қозғалыс жылдамдығына бөлу керек.
Миға шабуыл:
Оқушылар дәптерге және тақтаға түсіндіре отырып орындайды:
І топ: №1
Ш: 280км : 70км/сағ = 4 сағ Ж: 4 сағат
ІІ топ: №2 (А)
Ш: 84 м : 14м/с = 6 с Ж: 6 секунд
ІІІ топ: №2 (Ә)
60 км /сағ ? сағ
720 км
Ш: 720 км : 60км/сағ. = 12сағ. Ж: 12 сағатта жүзіп өтеді.
-
Сонымен, не белгілі, не белгісіз?
ІҮ Жаңа сабақты пысықтау: Постер қорғау Топтық жұмыс.
№ 3. Есептер құрастырып және олардың сызбасын сызып, шығар.
(Әр топ өз алдындағы плакатқа берілген есептің сызбасын құрып, 2 оқушы тақта алдына шығып, оны түсіндіре отырып қорғайды.)
І топ
Жылдамдық
Уақыт
Қашықтық
82 км/сағ
3 сағ
?
ІІ топ
Жылдамдық
Уақыт
Қашықтық
50 км/сағ
?
200 км
ІІІ топ
Жылдамдық
Уақыт
Қашықтық
? км/сағ
2 сағ
600 км
Сергіту сәті: Бип-бип дейді
Жол шетінде күт дейді.
Көшеде жүруге асыға
Болмайды, болмайды машина.
-
Балалар, жолда жүру ережесін сақтайық. Жолдан өтерде ешқашан асықпа, жүгірме, сақ бол! Сонда жүргізуші де, біз де аман боламыз.
Көркем жазу:
-
Ұлы Жеңістің неше жылдығын тойлағалы жатырмыз? (70)
-
Қашан тойланады? (9 мамыр күні)
-
Ендеше, 9 санын бір жолға көркем етіп жазайық.
№4 №8 Амалдардың орындалу тәртібін анықтап, есепте. (тақтада)
І топ 876 : 2 - 672 : 4 + (1000 - 703) =
ІІ топ (315 * 3 - 179 * 4) - 65 + 768 =
ІІІ топ (234 * 4 - 918 : 3) + (870 - 573) =
№6 Тиімді тәсілмен есепте: Кім жылдам? (Топқа беріледі)
*29
8І топ
*
*19
17ІІ топ
-
*
8
*49ІІІ топ
-
*
№7 Тиісті арифметикалық амал таңбалары мен жақшаларды орналастыр.
(Өз беттерінше орындайды)
І топ ІІ топ ІІІ топ
5 3 4 = 17 12 3 4 = 11 30 3 7 = 9
8 2 7 = 17 18 6 2 = 5 14 7 2 = 4
Ү Бекіту: «Иә - жоқ» математикалық тест
І топ: 1. Секунд, минут, сағат бұлар уақыт өлшем бірлігі ме? +
2. Жылдамдықты табу үшін v = s : t формуласын қолданамыз. +
3. 30 * 5 =180 -
ІІ топ: 1. См, дм, м, км бұлар қашықтық бірлігі. +
2. Уақытты табу үшін t = v : s формуласын қолданамыз. -
3. Заттың құнын табу үшін бағасын санына көбейтеміз бе? +
ІІІ топ: 1. м/с , м/мин, км/сағ бұлар қашықтық бірлігі ме? -
2. 420 : 10 = 42 +
3. Уақыт t әрпімен белгіленеді. +
ҮІІ Қорытындылау: Рефлексия:
-
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-
Не білдіңдер, не үйрендіңдер?
«Бағдаршам» әдісі. Оқушылар стикерлерлерді «Түсіндім» - жасыл түске, «Түсінбедім» -қызыл түске, «Түсіндім, бірақ әлі де көмек қажет болса» - сары түске жабыстырады.
ҮІІІ Бағалау: Оқушылардың қанша медаль жинақтап алғанын санап, соған
сәйкес бағалаймын. Бүгінгі осы жеңістерің Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойына қосқан үлестерің деп білемін . Жарайсыңдар!
ІХ Үйге: №5 149 - бет