- Учителю
- Сабақ жоспары Гранит.Әктас 3 сынып
Сабақ жоспары Гранит.Әктас 3 сынып
Уақыты: 20.01.16 Сыныбы:3 Пәні: дүниетану
</<font face="Times New Roman, serif">Тақырыбы: Гранит. Әктас
Мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды қатты тау жынысы: гранит, бос тау жынысы: әктас туралы түсінігін қалыптастырып, олардың айырмашылықтары мен қасиеттері және пайдаланылатын салалары туралы түсінігін қалыптастыру
Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, оқушылардың өз білімін толықтыруға мүмкіндік туғызып, дағды, ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Табиғат ресурстарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: гранит, әктас, бор, мәрмәр бөлшектері
Барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Кенді пайдалы қазбалар
Темір, алюминий, мыс және күміс пен алтын бойыынша бөліп сұрау
Білімді белсендіру.
-
Пайдалы қазбалардың қандай топтарын білесің?
-
Оларды бір - бірінен қалай ажыыратуға болады?
Бүгінгі сабақта сендер тығыз тау жыныстары туралы оқып білесіңдер. Олардың қасиеті мен пайдаланатын салаларыы туралы түсінік қалыптастырасыңдар
Жаңа материалды оқу. Болжау әдісі.
-
Гранит, әктас қайда пайдаланылады деп ойлайсыңдар?
Оқулыықтағы мәтінді оқушыларға үш қатар бойыынша бөліп беріп іштей оқыту, мазмұнын түсіндіру, талқылау.
Сөздік жұмысы.
Мәрмәр - өте қатты, мықты әктастың бір түрі
Әктас - ақ немесе ақшыл сұр түсті жұмсақ тас
Дәптермен жұмыс.
Бекіту сұрақтары.
І топ
-
Граниттің қасиеті туралы айт.
-
Граниттің құрамында не бар?
ІІ топ
-
Гранитті қандай жерлерге қолданылады?
-
Әктастан не алады? Әктасты қалай пайдаланады?
ІІІ топ.
-
Мәрмәр тастың әктастан айырмашылығы қандай?
Қорытынды:
Бүгінгі сабақтан не білдік? ....
Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу. Үйде, аулада гранит, әктастан жасалған не бар? үлкендермен талқыла
Бағалау.