7


  • Учителю
  • Ашық сабақ: «Табиғаттағы су айналымы»

Ашық сабақ: «Табиғаттағы су айналымы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

АбдиганиеваСалтанат Жанбаевна

№ 44 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі.


Тақырыбы:Табиғаттағы су айналымы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға «гидросфера» жайлы ұғым беру. Дүниежүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, картамен жұмыс істеуге дағдыландыру, теорияны практикамен ұштастыра білу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Оқушыларға суды қорғау, оның адам өміріндегі маңызын айта отырып, күнделікті өмірде тиімді пайдалануға үйрету.

Көрнекілігі: Глобус, физикалық карта, слайдтар

Сабақтың түрі: Ауызша журнал

Сабақтың әдісі: баяндау, зерттеу, суреттеу, жинақтау

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

Судың үш күйіне тәжірибе жасап, сұралады:

- Ал балалар, бұдан не байқадыңыздар?

Бұл тәжірибеде судың үш күйі анықталады.

ІІ. Ауызша журнал мазмұны

1-бет. Жердегі су

2-бет. Судың қасиеттері

3-бет. Ең...Ең...Ең...

4-бет. Дүниежүзілік су айналымы

5-бет. «Менің зерттеулерім»

6-бет. Өзіңді тексер

7-бет. Судың адам өміріндегі маңызы

1-бет. Жердегі су

- Біздің ғаламшарымыздың басым бөлігін су алып жатыр, сондықтан оны Жер ғаламшары емес, «Мұхит» ғаламшары деп атау керек еді. Жердегі жалпы су мөлшері өте үлкен, 1,4 млрд км, әрбір адамға 200 млн м су келеді, бірақ оның 97,5% тұзды екенін естен шығармау керек, 1,7% мұздықтар мен тұрақты қарлар, 1,7% жер асты сулары, 0,06% өзен, көл, батпақ, атмосферадағы су болып табылады. Тұщы судың үлесіне 2,5% тиеді.


2-бет. Судың қасиеттері

- Судың бірінші қасиеті: су - тірі ағзалардың құрамды бөлігі, екіншіден, құрлыққа қарағанда жылуды су баяу жинайды, соған орай ол жылуды бая береді. Осыған байланысты қыс мезгілінде мұхиттар құрлыққа жылу береді, ал жазда салқын әкеледі, үшіншіден, су ағыны жер бедерін өзгертеді. Олар теңіз және мұхит жағаларын жыралап, өте терең үңгірлер және алып өзен алқаптарын тудырады, төртінші су көптеген заттарды ерітеді.

3-бет. «Ең...Ең...Ең...»

Журналымыздың фототілшісі Мерлан Мұратбекұлы гидросфера тарауындағы ең терең көл, еңүлкен мұхит, ең биік сарқырама, ең ірі теңіз-көл, ең ірі өзен бассейні, ең ұзын өзен, ең кіші мұхит туралы қызықты әңгімелеп берді.

- Дүние жүзіндегі ең терең көл. Максимум тереңдігі 1637 м. - Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит. Ауданы.179,5 млн км2

- Ең биік сарқырама, биіктігі 1054 м.

- Ең ірі теңіз-көл. Ауданы 371 мың км2, ұзындығы 1200 км, ені 320 км.

- Ең ірі өзен бассейні. Ауданы 7 млн км2 жуық

- Ең ұзын өзен. Ұзындығы 6671 км.

- Ең кіші мұхит. Ауданы 14 млн км2.

4-бет. Дүниежүзілік су айналымы

Гидросфераның барлық суы дүниежүзілік айналыммен байланыста болады. Айналым процесінде барлық тоғандардағы су олардың орналасуына қарай түрлі жылдамдықпен үздіксіз жаңарып отырады. Мысалы: Антарктиданың полярлық мұздықтарында - ондаған млн жылда, жерасты суы - 5 мың жылда, мұхиттарда - 3 мың жылда бірте-бірте жаңарады. Ал құрлықтағы өзен суы әрбір 12 күнде, ал тірі ағзалардағы су бірнеше сағатта жаңарып отырады. Адамның өмірінде су ең басты рөл атқарады. Егер адам өз дене массасындағы ылғалдылықтың 6-8% ынан айырылса, есінен танып қалады, егер 10-12% ы жоғалса, жүрегі тоқтап қалады. Су тұрмыста және ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылады.

5-бет. «Менің зерттеулерім»

  • Т а п с ы р м а: 1. су қайнаған сайын азаяды. Сонда су қайда кетті?

  • Егер далада күн суық болса қайнаған шәйнектің салдарынан терезе терлеп, су тамшылары пайда болады. Біраздан соң олар жоғалып кетеді. Олар қайд кетті?

6-бет. Өзіңді тексер

1 тапсырма. Табиғаттағы су айналымы қалай өзгеріске ұшырайды?- ...

  1. Жер шарындағы судың .... мұхиттар мен теңіздердің үлесіне тиеді.

  2. Мұздықтар мен тұрақты қарларға - ...., жер асты суларына - ...., өзен,көл, батпақтағы және атмосферадағы суларға - ... тиесілі.

  3. Су табиғатта 3 күйде .... кездеседі.

  4. Су - тірі ағзаның құрамды бөлігі..... %-ға жуығы судан тұрады.

  5. Егер адам өз дене массасындағы ылғалдың 6-8% - нан айырылса, .... қалады, егер 10-12%- ы жолғалтса

  6. су ... температурада мұзға айналады

  7. Құрлықтағы өзен суы әрбір .... , ал тірі ағзадағы су .....ж аңарып отырады.

  8. Жердегі тұщы су ....% ды құрайды.

  9. 2 тапсырма. «Ең ерекше» кестесін толтыру

р/с

Өзіндік ерекшелігі


1

Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит. Ауданы.179,5 млн км2


2

Ең терең көл. Максимум тереңдігі 1637 м.


3

Ең биік сарқырама, биіктігі 1054 м.


4

Ең ірі теңіз-көл. Ауданы 371 мың км2, ұзындығы 1200 км, ені 320 км.


5

Ең ірі өзен бассейні. Ауданы 7 млн км2 жуық


6

Ең ұзын өзен. Ұзындығы 6671 км.


7

Ең кіші мұхит. Ауданы 14 млн км2.


7-бет. «Судың адам өміріндегі маңызы»тақырыбына әңгіме құрастыру

Қорытынды. Тілшілердің үздіктерін анықтап, марапаттау. Оқушылармен бірігіп отырып журналдың тақырыбын анықтау.


Үйге тапсырма:

  1. "Табиғаттағы су айналымы" тақырыбын оқу.

  2. "Дүниежүзілік су айналымының жергілікті жердің экологиялық жағдайына әсері" атты қосымша материалдар дайындау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал