7


Жыл мезгілдері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бір жылда төрт мезгіл - көктем, жаз, күз және қыс бар. Көктем айлары – наурыз, сәуір, маусым. Қар наурыз айында ери бастайды. Сәуір айында барлығы көктей бастайды.Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жаз маусымнан басталады, қыркүйекке дейін созылады. Шілде - ең ыстық ай. Тамызда
предварительный просмотр материала

«Шәкәрім Құдайбердыұлы атындағы № 190 жалпы білім беретін мектеп» КММ


Тақырыбы: Жыл мезгілдері



Пән мұғалімі: Аямбекова Гулнар Байжумаевна

Алматы қаласы 2015 жыл.


Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері.

Сабақтың міндеттері:

1.«Жыл мезгілдері» көріністерін сипаттау арқылы оқушыны байланыстырып сөйлеуге үйрету;

2.түрлі тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

3.оқушыларды жыл мезгілінің әр уақытын сүйіп, қадірлеуге баулу. Туған жердің табиғатын сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: жыл мезгілдері туралы толық түсінік алу; топта қарым-қатынас жасай білуді үйренуі; қазақ тілінде оқып , сауатты жаза білу жұмыстарын жандандыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ:

Сабақтың әдісі: жазу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлау; «Ақылды доп» әдісі; диалогтік оқыту әдісі; топпен, жұппен жұмыс;

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ тілі.

Сабақтың көрнекілігі: «Жыл мезгілдері» тақырыбына арналған суреттер, плакат, маркер, АКТ, слайдтар, доп.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, шаттық шеңберін құру, топқа бөлу. Жыл мезгілдерінің суреттері бойынша оқушыларды 4 топқа бөлу, топ көшбасшысын тағайындау.

  1. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ - жауап

  1. Бір жылда неше ай бар?

  2. Бір айда неше күн бар?

  3. Бір айда неше апта бар?

  4. Бір аптада неше күн бар?

  5. Бір тәулікте неше сағат бар?

  6. Бір сағатта неше минут бар?

  7. Бір минутта неше секунд бар?

  8. Бір жылда неше күн бар?


  1. Қызығушылықты ояту.

1.Бір жылда неше мезгіл бар?

2.4 мезгілді атаңдар.

3.Қазір қандай мезгіл?

4.Күз айлары қандай?

5.Күзден кейін қандай мезгіл?

IV. «Суреттер сөйлейді»

- Балалар аққала жасап, шанамен сырғанау үстінде. Бұл - қыс.
- Балалар құстарға ұя жасап жатыр, ағаш отырғызуда. Бұл - көктем.
- Күн шығып тұр. Айнала жап - жасыл. Балалар суға шомылуда. Бұл - жаз.
- Жаңбыр жауып тұр. Дала сары түске боялған. Бұл - күз.


- Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?
- Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?
- Көктем мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
- Жаз мезгілінде адамдар қалай еңбек етеді?

V. Жұмбақтар


Суда мұз бар,
Жерде қар бар
Боран боп соғады
Бұл қай кезде болады?
(Қыс)

Күн ұзарып қар еріп,
Су сайларға толады,
Бұл қай кезде болады?
(Көктем)


VI. Сергіту сәті

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

VII Сұрақ - жауап:

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.
- Қандай мезгілдер екен, кім атайды?
- Көктем, жаз, күз, қыс жыл мезгілдері деп аталады.
- Қазір жылдың қай мезгілі?

VIII Бағалау.

IX Үйге тапсырма: 4-тапсырма.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал