- Учителю
- Математика пәнінен Сыныптан тыс іс-шара тақырыбы 'Қызықты математика ойындары'
Математика пәнінен Сыныптан тыс іс-шара тақырыбы 'Қызықты математика ойындары'
Ж.Досмұхамдов атындағы педагогикалық колледж
Тақырыбы: «Қызықты математикалық ойындар»
Құрастырған: 4 сп ҚМБ топ студенттері
Сыныбы: 2
Пәні:
Математика
Сыныбы:
2 сынып
Уақыты:
Іс − шараның тақырыбы:
Қызықты математикалық ойындар
Құзіреттілікке жеткізетін іс − шараның мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық:
Ә) коммуникативтік:
Б) проблеманы шешу:
Оқушылардың білімдерін тексере отырып, математика пәнін одан әрі меңгеру.
Өзара топ ішінде білімдерін сынау.
Сұрақтарға жауап ала отырып, өмірде математикалық түсініктерді жетілдіру.
Сыныптан тыс іс − шара типі:
Жарыс сабақ
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру,ойын технологиясы.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ-жауап, көрнекілік,иллюстрация әдісі, репродуктивтік әдіс,топтық.
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, дүниетану.
Оқыту құралдары:
Сабақтың барысы
Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі
Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру
бөлімі
Амандасады, түгелдейді, шараға дайындықтарын қамтамасыз етеді.Оқушыларды топтарға
бөліп отырғызады.
Мұғаліммен амандасады, Шараға қатысуға дайындалады.
топқа бөліне отырып, топтың басшыларын сайлайды.
Математикалық кешке даярлық ұйымдастырып, оқушыларды топқа бөліп, топ басшыларын сайлап алу.
ІІ. Шара мақсаттарымен таныстыру.
-Құрметті ұстаздар,оқушылар 2 сыныптар арасында өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер,ертегі есептер, сөзжұмбақтар ,бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға ,бір ұпайдан қосылып отырады.Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін
«Алғыс хатпен» марапатталады.
Мұғалімді тыңдайды. Шараның тақырыбымен,
мақсатымен танысады.
Шараның өтілу барысымен таныс болады.
Шараның мақсаты таныстырылады.
Шарада ескерілетін ережелер айтылып,
өтілу барысы жайында қысқаша ақпарат беріледі.
ІІІ. Негізгі сайыс.
− Енді мен шараға қатысушыларды бүгінгі шарамыздың кезеңдерімен таныстырайын.
І кезең - «Таныстыу»
II кезең -«Табиғат тазалау»
III кезең -«Ағаш отырғызу»
IV кезең − « Гүл өсіру»
V кезең − «Құстармен дос болу»
Топ сайыскерлері шараның кезеңдерімен танысады.
Сайыс кезеңдерін хабарлау.
Әр кезеннің ерекшелігі,
атқарылатын
жұмыстары ескеріледі.
І кезең - «Таныстыу»
− Уа,халайық,халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып ,шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ,есеп бәрі бар
Ал,сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.-деп
бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен танысайық.
−«Алғырлар» тобы және −«Білгірлер» тобы
Әр топ өздерінің топтарын өлең жолдары арқылы таныстырады.
«Алғырлар»
Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
Шара кезеңдері басталады. «Таныстыру» кезеңіне кезек беріледі.Әр топ дайындықтары бойынша өздерін таныстырады.
II кезең -
«Табиғат тазалау»
−Жарайсыздар рахмет.
−Оқушылар мына табиғат көрінісі қандай? Оқушылар бүгінгі шарамызда табығатымыз таза болу үшін,үлес қосумыз керек.Ол үшін шарамыздың екінші кезеңіндегі сұрақтарға жауап беруміз керек. Дұрыс жауап берілсе мына табиғат бетіндегі қоқыстар кетеді.
II кезең - «Табиғат тазалау»
«Алғырлар»
1.Ең кіші үш таңбалы сан.
2.Қабырғалары тең тік төртбұрыш.
3.Ондықтан құралған сан.
4.Бір таңбалы сан.
5.Кеміту амалы.
«Білгірлер»
1.Бір таңбалы сан
2.Геометриялық фигура.
3.Бұрыш түрі
4.Уақыт өлшем бірлігі.
5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз.
−Ластанған,қоқыс шашылған.
Көрсетілген табиғаттың бейнесін қоқыстан тазарту үшін,берілген сұрақтарға жауап береді.
«Алғырлар»
Жүз
Шаршы
Қырық
Үш
Азайту
«Білгірлер»
Бір
Төртбұрыш
Сүйір
Ғасыр
Шеңбер
Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.Шараның дүниетану сабағымен байланысты екенің түсінеді.
Математикалық сұрақтарға дұрыс жауап береді.
III кезең - «Ағаш отырғызу»
−Балалар,табиғатымызды таза ұстап,қамқорлыққа алу керекпе?
−Ол үшін не істеу керек?
−Дұрыс,сол себепті өз үлесімізді қосайық.
III кезең - «Ағаш отырғызу»
«Ағаш отырғызамыз»
−Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ не болады?
−Дұрыс ,бүгінгі күні сіздердің ағашты дұрыс отырғызғандарың тапсырманы дұрыс орындағандарын болып саналады.
-
ағаш тапсырмасы.
«Баспалдақ» ойыны: Берілген өрнектердің мәнін төменнен жоғары қарай шешу керек.Қай топ бірінші шығады,ұпай еншілейді.
2-ағаш тапсырмасы:
«Математикалық бейнелі сөз» шешу
Берілген сөздердің алғашқы әріптерін қосып,сөз шығару.
«Алғырлар»
−сары,ара,ғарыш,арба,таға.
«Білгірлер»
−маса,ине,нан,уық,тас
−Ия
− гүлдер егіп,ағаш отырғызып, даламызды жасыл желекке айналдырумыз керек.
− ол дұрыс өспей қисық болып қалады.
Ағаш отырғызу үшін тапсырмалар орындайды.
Әр топ берілген мысалдарды шешіп,жоғары көтеріледі.
Берілген сөздердің бас әріптерінен математикалық бейнелі сөз ойлап табады.
−сағат
−минут
Оқушылар қызыға қатысады.Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп отырады.
Екі таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға және бір таңбалы сандарға, қосып мысалды орындайды.Әр топ мысалды дұрыс шештік,табиғатқа көмектестік бір тал ектік деп есептейді.Балалар табиғатты аялауды
үйренеді.
Берілген сөздердің бас әріптерін қосып,уақыт бірліктеріне қатысты сөз тауып шығарады.
IV кезең − « Гүл өсіру»
− Тағы қандай үлес қосамыз.
− Жақсы. Суретке қарайық.
−Қандай гүл отырғызамыз?
Ол үшін гүлдердің тапсырмасын орындау керек.
−«Алғырлар» қай гүлдің тапсырмасын ашамыз?
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты.
Бір күні сүйенері жоқ кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.
Кемпір:-«Бұлар менің жалғаз сиырымды нысанаға алған екен,мен де бұларды алдайын»,-деп ойлайды.Сөйтіп,бір мезетте шелек суды сапырып отырып ,мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,-деген екен.
Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй толы кісі ,әрі бізден екі есе көп,кетейік»,-деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде адам нешеу?
−«Білгірлер» қай гүлдің тапсырмасын ашамыз?
Құмырсқаның туған күні болды.1-ші жыбырлап 2 қоңыз келеді,асығып 2 көбелек ұшып келіп есік қағады.Секіріп 2 шегіртке келеді,шәй ішіп отырғанда кешігіп жұлдызқұрт келіп дастарханға отырады.
Сұрақ: Құмырсқаның туған күніне неше қонақ келді?
−Гүл егеміз.
−қызғалдақ гүлімен раушан гүлін
−Қызғалдақ гүлінің тапсырмасы.
Тапсырманы тыңдайды.
Жауабы:10 адам.
−Раушан гүлінің тапсырмасы.
Жауабы: 7
Топтасып шешім қабылдап,жұмыстанады.
Тапсырманы таңдап,тыңдап ақылдасады.
Ойлау қабілеттері дамиды.
Жауабын айтады.Гүл отырғызылады.
Тапсырманы таңдап,тыңдап ақылдасады.
Ойлау қабілеттері дамиды.
Жауабын айтады.Гүл отырғызылады.
V кезең − «Құстармен дос болу»
Енді әсем табиғатымызға көрік беретін құстар жетіспейді,қәне құстарымызды шақырайық.
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.
1 -құс. «Кептер» тапсырмасы.
Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады .
«Алғырлар»
Математикалық өлең есеп
1)Талдан ұшты топ торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында төртеу қостаушы.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу,есепкер
2)Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
3)100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады.
«Білгірлер»
1) Аулада 60 үйрек, Қорада 20 үйрек, 10 үйрек тығылды 10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
2)11 түйе,бес жылқы.
2 сиыр,бір ешкі
2 қоян,үш түлкі,
Болды сонда нешеуі?
3)Табақта 55 алма Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
Мұғаліммен келіседі.
Барлығы бірге айтады.
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.
Суреттегі құстың тапсырмасын орындайды.
«Алғырлар»
−Бес торғай
−30 қаз
-
70
«Білгірлер»
-
60 үйрек
-
24
-
60 алма
Оқушылар қуана тапсырма орындайды
Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
Оқушылар жүктелген тапсырманы орындай біледі.Тез әрі дұрыс жауап береді.Ұжыммен жұмыстанады.Топтық жұмыс байқалады.
Ауызша,ойша есептеу тәсілдері артады.
2-құс тапсырмасы. «Аққу» Тест
Тест тапсырмаларына жауап береді.
1 -топ 2 - топ
1.а 1.а
2.а 2.а
3.б 3.б
4.ә 4. б
140 мин 28 сағат
Тест орындау барысында оқушылар математика пәнінен алған білімдерін көрсетеде.
Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі.
Тапсырма сонында қателері айтылады.
IV.Қорытынды.
Ортақ тапсырма
Қызықты тапсырмалар.
1.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он.Аулада неше тауық,неше бұзау болуы мүмкін?
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығы неше балық болды?
3.Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина ,мотоцикл,велосипед)дөңгелектерінің саны-он болады.Аулада неше жеңіл машина,мотоцикл,велосипед тұр?
- Осымен ,балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын
аяқтай отырып. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып,табиғатымызды қорғай білейік,оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап «Жас математик»номинациясын беріп , ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.
Топтар кезекпен - кезек сұрақтарға жауап береді.
1.2 бұзау, 1 тауық немесе 1 бұзау ,3 тауық болуы мүмкін.
2.Балық суда тіршілік етеді.
3.1 жеңіл машина, 2 мотоцикл, 1 велосипед тұр.
Әр топ өздерінің жинаған ұпайларынан хабардар болады.
Мақтау қағаздар алады.
Оқушыларға мақтау сөздер айтылады.Әр топ өздерінің нәтижелерін біледі.Салыстырады.
Марапатталады.Шараны жақсы көңіл − күйде аяқтайды.
Сайыс мақсатына жетеді.