- Учителю
- Урок по казакскому языку на тему 'Мысық пен тышқан' (1 класс)
Урок по казакскому языку на тему 'Мысық пен тышқан' (1 класс)
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы: «Мысық пен тышқандар».
Сабақтың мақсаты:
-
Ертегіні түсініп оқу, мазмұнын меңгерту, ертегінің идеясын түсіндіру;
-
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату, сезімін ояту, тіл байлығын арттыру;
-
Үлкендердің сөзін тыңдауға, оларды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Типі: жаңа ұғым қалыптастыру.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, СТО - әдіс - тәсілдері.
Көрнекілігі: мысық, тышқан, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайынддық;
ә) амандасу;
Армысың, алтын күн!
Армысың, ашық аспан!
Саламатсың ба, достарым!
Саламатсыз ба, апайым!
Сәттілік тілеу: «Шаттық шеңбері».
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
А) «Шал мен балалар» әңгімесін бірнеше балаға оқыту;
Ә) «Үш қадамды сұқбат» әдісі:
І сұрақ: Шалды балалар не деп келемеждеді? Шалдың оған жауабы.
ІІ сұрақ: Балалар неге ұялып қалды? Балалардың іс әрекетіне өз көзқарасыңды білдір.
ІІІ сұрақ: Сен досыңмен, әке - шешеңмен қалай сөйлесесің? Үлкен кісіге қандай қызмет көрсету керек?
Б) Үйге берілген«Кейіпкерге хат» тапсырмасы бойынша жазып келген хаттарын оқиды. Оқушылар жауабы тыңдалады.
В) Үй тапсырмасын бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
«Ата ақылы» өлеңін жатқа айтқызу;
-
Сұрақ - жауап әдісі бойынша бірнеше сұрақтар қою:
-
Кімнің ақылын тыңдауымыз керек екен?
-
Атадан қалған асыл мұраға нелер жатады?
-
Ертегілер, аңыздар, өтірік өлеңдер, жұмбақтар, мақал - мәтелдер бізге қалай жеткен?
-
Олардың ішінде сендерге қай шығарма ұнайды?
Ертегілер
Шыншыл ертегілер
Қиял - ғажайып ертегілері
Жан - жануарлар туралы ертегілер
-
Олай болса, қазір ертегі тыңдаймыз.
-
Әуелі жұмбақ шешу арқылы ертегінің нелер туралы екенін анықтап алайық.
-
Жұмбақ шешу:
Мысықтан қорқады,
Түнде жортады. (тышқан)
Тонын кие туған,
Жалап бетін жуған. (мысық)
-
Ассосация құру:
Тісі өткір
Қапты теседі Ін қазады
Кеміргіш
Сүт ішеді
Тышқан жылы жерде ұйықтайды
аулайды
Үй жануары
-
Ендеше осы «Мысық пен тышқан» туралы ертегіні тыңдайық.
-
Оқулықпен жұмыс.
а) Ертегіні оқып, арасында «Болжау» стратегиясы пайдаланылады:
«Мысық не істеуі мүмкін?»
«Тышқанға не болар екен?»
ә) Рөлге бөліп оқыту.
-
Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмысы жүргізіліп, дәптерге түсіріледі.
Делебесі - алып ұшу, желігу;
елігіп - қызығу;
лап қойды - бас салады
-
Сахналау.
«Мысық пен тышқандар» ертегісін оқиға желісіне орай сахналау.
ІҮ. Сабақты бекіту.
8. «Дөңгелек стол» әдісі:
а) «Бәрі таппаған ақылды кәрі табады» деген нақыл сөзді дәлелдеу;
а) Оқушыларға сурет салдыру және салған суреті арқылы оқушының сабақ үстіндегі эмоциясын анықтау.
Ү. Сабақты қорытындылау.
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Осы ертегіден қандай ой түюге болады?
- Бүгінгі өткен «Мысық пен тышқандар» ертегісі, ертегінің қай түріне жатады?
ҮІ. Сабақты бағалау.
Сабақ барысында жинаған фишкаларын есептеу арқылы бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
-
Ертегіні оқып, баяндау;
-
Жұмбақтарды жатқа білу және жазу.