- Учителю
- Разработка урока Математика 2-сынып
Разработка урока Математика 2-сынып
Тақырыбы: « Математика- керемет әлем»
Мақсаты: Оқушылардың математикадан білім деңгейлерін анықтап, логикалық, қызықты есептерді де шығара білуін тексеру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды біліктілікке, тез әрі дұрыс жауап беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
түрі: Жарыс сабақ
Барысы: Қымбатты ұстаздар!
Біздей сыныпқа қош келдіңіздер!
Бүгін біздің сыныпта «Математика- керемет әлем» атты сабақ өтпекші. Сабақ жарыс түрде өтеді.
Жарысқа 2 топ қатысады.
1 - топ «Ойшылдар.» 2 - топ «Білімділер»
Әділ қазылар алқасын сайлау
Сайыстың шарттары:
1. Таныстыру
2. Жаңылтпашты жаңылмай айту.
3. Амал таңбаларын қою.
4. «Алма жинау» ойыны.
5. Қызықты есептер
6. Капитандар сайысы
7.»Шырпы шытырманы»
1. Таныстыру.
І - топ Ойшылдар тобы.
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып біздер қашар деп
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Тобымыздың аты: Ойшылдар
Тобымыздың ұраны: Оқу - білім азығы
Білім - ырыс қазығы
ІІ - топ Білімділер тобы.
Бір сыныпта оқимыз бәрімізде
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге
Тобымыздың аты: Білімділер
Тобымыздың ұраны: Білімдіге дүние жарық
Білімсіздің күні қаріп
2 - бөлім.
Жаңылтпаш айту
1) Ұшып кетті 3 құс
Ұшып келді ұшқыш
2) Жоғалды 5 шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды 5 шыбыш
Әр топтан 2 баладан жаңылмай айтып шығу.
Үй тапсырма (әр топ бір-біріне құрамында саны бар мақал-мәтел айтады
3 - бөлім.
Амал таңбаларын қою.
27 * 36= 63 63 * 27= 36
35 * 49= 84 84 * 34= 40
64 * 16= 48 80 * 20= 100
81 * 51= 30 9 * 19= 70
12 * 5 * 2= 5 63 * 7 * 6= 50
46 * 8 * 8= 30 11 * 18 * 9= 20
4 - бөлім.
Алма жинау.
Шарты: Алма ағашынан алманы алып сыртындағы тапсырманы орындау арқылы себетке жинау. Себетке алманы көп жинаған топ жеңіске жетеді.
5 - бөлім
Қызықты есептер.
1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1)
2. Егер Т дан бастасаң санмын
Т ны алып тастасаң жаумын ( төрт - өрт )
3. 5 жыл бұрын Айжан 8 жаста болған, 6 жылдан кейін Айжан неше жаста болды? ( 19 )
4. 2 бала тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әр қайсысы неше сағат ойнады? (2сағ)
5. 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр? (тең)
6. Түнгі сағат 10 да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? ( жоқ )
Сергіту сәті
Төрт байлық.
Денсаулық бірінші. Жадыңда жүрсінші! (адымдап бір орнында жүр)
Екінші - еркіндік, Құсша самғап желпіндік. (құс боп ұшу)
Үшінші - тіліміз, Онсыз жоқ - ау күніміз. (дөңгеленіп айналып секіру)
Төртінші - күш - қайрат, Арманыңа ұш жайлап! (тік тұру, иығынан қолдарын тік созып, көтеріп түсіру)
6. Ребустар шешу
Шешуі: Метр, азайту, жүз, екі.
7- бөлім.
Капитандар сайысы.
Математикалық лото
б і л і м д і
9 14 15 17 21 42 50
10 + 7= 17 і
17 + 25= 42 д
14 - 5= 9 б
94 - 44= 50 і
42 - 21= 21 м
25 - 10= 15 л
6 + 8= 14 і
7 - бөлім
«Шырпы шытырманы» Оң жаққа қарап тұрған үйді бір сіріңкені қозғап басқа жаққа бұру
Әділ қазылар шешіміне дейін
«Ойымды жалғастыр» ойыны
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға - (екі елі қақпақ)
«Қас-қағым сәт» сайысы (тез тұрып жауап сұраққа жауап беру)
1. 2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
2Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
3 Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
4 Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
5.1 жылда қанша ай бар? -
6.1 аптада қанша күн бар?
Әділ қазылардың бағасын тыңдау, жеңіске жеткен топты құттықтау
Балаларды бағалап, марапаттау!