- Учителю
- ПМ. Горький'Старуха Изергиль'
ПМ. Горький'Старуха Изергиль'
Күнай Перизат
Сабақтың мақсаты: Теңдеу ұғымын танып біледі. Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгереді.
1) Мазмұнына байланысты: Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады.
Күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйренеді.
2) Сын тұрғысынан ойлау: Оқушылар өз бетінше теңдеу шешуге дағдыланады, ауызша тұжырым жасауға жаттығады.
3) Топпен жұмыс: Оқушылардың іскерлік дағдылары қалыптасып, математикалық тілде сөйлеп, дәлелдеуге жаттығады.
Көрнекілігі: Математикалық кестелер, тақырыптық суреттер, үлестірме парақшалар, сызба плакаттар.
Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгерту
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Сабақтың жүру барысы:
Сабақ мазмұны:
1Қызығушылықты ояту:
А) Үй тапсырмасын тексеру
Ә) «Математикалық сөзжұмбақ» шешу
2. Мағынаны тану;
а) Түсіне біл! Сабақ түсіндіру
ә) Тақтамен жұмыс:
б) Есептейік, дәлелдейік, тексерейік!
в) «Ой шақыру» Мазмұнды есеп
3. Еске түсір! А) Периметрін тап
Ә) Сағат неше?
4. Ой толғаныс; а) Талдау жасайық!
Ә) «Біз не үйрендік?»
5. Үйге тапсырма
6. Бағалау:
I. Қызығушылықты ояту:
А) Үй тапсырмасын тексеру:
Ә) «Математикалық сөзжұмбақ шешу»
72 - 12= Е
46+16 = Ш
32+18 =Ң
64 - 44=Т
98 - 23=У
27+40=Е
27+4 =Е
35 - 8 =Ш
53+20 =У
48 - 8 = Д
20 -- 60 -- 50 -- 40 --- 67 -- 73 -- 62 -- 31 --- 27 --- 75
Т ---- Е --- Ң ---- Д ---- Е ---- У --- Ш ---- Е ---- Ш ---- У
II. Мағынаны тану: Теңдеу шешу:
Сұрақтар: Теңдеу дегеніміз не?
- Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.
- Белгісіз сан немен белгіленеді?
- Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.
- Теңдеу шешу дегеніміз не?
- Теңдеу шешу дегеніміз - теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.
- Олай болса, мына суретке назар аударайық:
- Бұл не? - Таразы.
- Ол қайда қолданылады, не үшін?
- Бұл дүкендерде заттың массасын өлшеу үшін қолданылады.
Сурет бойынша сабақ түсіндіріледі:
- Бұл таразы. Таразының сол жағында 15 кг, 9 кг, х кг қораптар бар, оң жағында 30 кг картоп бар. Таразының екі жағына қарап не айтуға болады?
- Бұлар тең. 15 - 9+х=30
- Бұл қандай теңдеу? Күрделі теңдеу.
- Бұл теңдеуді бірден шешуге бола ма? Жәй теңдеуге айналдыру керек.
Ол үшін не істейміз? Теңдеудің мұндай түрін шешу үшін, барлық ықтимал есептеулерді орындап, алдымен оның бір жақ бөлігін жеңілдету керек. Яғни, әуелі есептеуге болатын бөлігін орындап аламыз.
15+9+х=30
24+х=30
х=30 - 24
х=6
---------------
15+9+6 =30
30=30
Ә) Топпен жұмыс Тақтада орындалады:
1 топ:
35+23+х=100
(30 - 15)+у=80
2 топ:
х -(23+17)=60
а+(45 - 30)=75
3 топ:
70 - а =8+9+2
х+12=50 -(15+5)
Б) Есептейік, дәлелдейік, тексерейік:
1 топ: -------------- 2 топ:---------- 3 топ:
78+9 -------------- 80 - 57 --------- 100 - 83
46+44 ------------ 98 - 35 ----------- 50 - 17
57+29 ----------- 100 - 89 --------- 90 - 65
70+19 ----------- 50 - 38 ----------- 70 - 63
В) «Ой шақыру» Мазмұнды есеп
1 топ: №4 а)
Болғаны - 56 м
Қиып алғаны - 19м
14м
Қалғаны -?
2 топ: ә)
1 - 19 м
2 -? 7 м (ұзын)
3 -? 11 м (қысқа) -?
3 топ: Б) Болғаны - 56м
Қиып алғаны - 19 м
Сонша
Қалды -?
III. «Еске түсір!»
Периметр табу деген не?
- Көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы периметр деп аталады.
А) а=3 см
Р=?
1) Р= 3см+3см+3см+3см=12см
2) Р= 3см*4 =12см
Ә) 5 см
2см а=5 см Р=(а+в)*2
в=2 см 1) р=(5+2)*2=14см
Р=? 2) р=5+5+2+2=14 см
Б) Сағат неше?
1) 8 - ге 10 минут қалды; 4) 5 - ке 5 минут қалды;
2) 1 - ден 15 минут кетті; 5) 7 - ден 20 минут кетті
3) 10 - ға 25 минут қалды;
IV: «Ой толғаныс:
А) Талдау жаса!
Теңдеу - 5○꞊ 2□+4▲