7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: Сұраулы сөйлем' 2 сынып

Сабақ жоспары: Сұраулы сөйлем' 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты: 1.Жаттығулар орындай отырып, сұраулы сөйлем жайлы түсінік беру. 2.Оқушылардың ойлау мен сөздік мәдениеттерін дамыту.

3. Тазалыққа,сауатты жазу мен оқуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Жаңа жауған қардаймыз.

Ақпыз,пәкпіз,тазамыз,

Біз білімді баламыз.

ІІ. Өткенді пысықтау. /сұрақ - жауап/

10. Мәтін нелерден құралады?

15. Мәтіннің неше түрі бар?

20.Сөйлем дегеніміз не?

25. Сөйлем нелерден құралады?

30. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?

35.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

40.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

45. Хабарлы сөйлемнің тыныс белгісі қандай?

Жаңа сабаққа кіріспе:

-Сені өсірген баптап кім?

Аққу неткен аппақсың?

-Таза ауада жүремін,

Тұнық суда жүземін.

-Бұл өлең жолдарының соңында қандай тыныс белгілер бар?

-Сұрақ белгісінен аяқталып тұрған өлең жолдарын оқыңдар?

-Сұрақ белгісінен аяқталып тұрған сөйлемді қандай сөйлем деп атаймыз?


Ереже:

Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.

Оқушылардың өздеріне мысалдар келтірту.

Оқулықпен жұмыс:

176-жаттығу. Мәтінді оқып,сұраулы сөйлемдерді көшіріп жазу.

-Көке, мынау не төбешік?

-Илеу деген не?

-Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?

-Олар тату тұра ма?

Шығармашылық тапсырмалар:

Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.

Әкем шаңғы әкелді.Толқын кітап оқыды.Ажар гүлді суарды.Асан балық аулады.

178-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

-Бұлттар қайда қонады?

-Бұлттар - таудың қонағы.

-Құстар қайда қонады?

-Құстар-талдың қонағы.

-Қаңбақ қайда қонады?

-Қаңбақ-сайдың қонағы.

-Қармақ қайда қонады?

-Қармақ-судың қонағы.

«Адасқан сөздер» ойыны

Қалың,жауды,қар,ма?

Үсен,оқыды,сабақ,ма?

Әжем,келді,ме,ауылдан?

Тиісті тыныс белгісін қой:

Қалың қар жауды
Қыс мезгілі қандай тамаша
Саған қыс мезгілі ұнайды ма
Балалар далада қармен ойнап жүр
Алақай, қар жауып тұр
Қалың қар түсті
Қардың түсі қандай

Семантикалық карта толтыру.


мәтін

хабарлы сөйлем

сұраулы сөйлем

Аққу- киелі құс.Ата - бабамыз аққуды ерекше қадірлеген. Оны атуға болмайды.

Жазда атам Астанаға барды. Әсем мектепке барды.


Сен неше жастасың? Қай пәндерді сүйіп оқисың?

ВЕНН диаграмма толтыру:

Сөйлем сөздерден құраладыХабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем

Бір оқиғаны хабарлап тұрады.

Соңына нүкте қойылады.

Жауап алу мақсатымен айтылады.

Соңына сұрақ белгісі қойылады.

Үйге тапсырма: 176-жаттығу 67 бет

Бағалау:оқушылардың білімдерін бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал