- Учителю
- Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Төлді қалай шақырады?
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Төлді қалай шақырады?
Сабақтың тақырыбы: Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар.
№ 56 жалпы орта білім беретін мектеп
</ 1 класс
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру.
«Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы оқып, әңгімелеу, төлдер туралы , өлең авторлары туралы мәлімет беру.
- дауыссыз дыбыстарды сөз арасынана таба білуді, төлдерді шақыруды меңгерту.
-оқу жылдамдықтарын арттыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
-әдемі жазуға тәрбиелеу, малды күтуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: интербелсенді тақта, төрт түліктің суреті,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; СТО технологиясы, сұрақ-жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық. Оқушыларды топқа бөлу.
Шопаната, Қамбарата, Сексеката, Ойсылқара, Зеңгібаба топтарына бөлініп отырады.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
Өткен сабақтардан алған білімдерін «Алма жинау» арқылы пысықтаймын.1 алма-дауысты дыбыстарды ата 2 алма- дыбыстар нешеге бөлінеді?Ата. 3 алма-Сөз нелерден құралады? 4 алма-дыбыстар немен таңбаланады? 5 алма-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата 6 алма- мына сөздерден сөйлем құра: алма, алдым, сатып, мен.
Ой қозғау: Төрт түлікт ің дауысын тыңдату арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашу.
V. Жаңа сабақ
Дыбыстар туралы түсінікті қайталай келіп, дауыссыз дыбыстар туралы, түсінік беру. -Дыбыстар нешеге бөлінеді?-2-ге-Қандай? -Дауысты және дауыссыз
-Дауыссыз дыбыстарды ата -Дауысты дыбыстарды ата. -Дұрыс. Ал ендеше біз бүгін дауыссыз дыбыстар туралы білетін боламыз.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.
Мысалы:т,с,қ.біздің тілімізде 25 дауыссыз дыбыс бар.Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ (у).
-У дыбысы кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыстың ролін атқарады.
-Оқушыларға дауыссыздарды қайталату, оқыту.Төрт түлік мал туралы қысқаша әңгімелеу.
-17-жаттығу Өлеңді түсініп оқыту. Әр топтан Алтын балық шығып төрт түлік туралы әңгімелеп береді.
Қамбар ата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката, сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу. (тақтаға орындалады.)
18-жаттығу. Оқушыларға Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мағлұмат беріп өтіп, «Құлыншағым» өлеңін оқып беру.Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру.(Орындарында отырып өз беттерінше орындайды.)
Әр топ өз атына байланысты «Төлді қалай шақырады?» әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру, түсіндіру. Әңгіме жүргізу.
Өлеңді кезекпен әр топтағы оқушыларға оқыту. Сұрақтарға жауап алу.
1/Төлдерді қалай шақырады?
2/Төлдер туралы өздерің не білесіңдер?
3/мысықты, атты қалай шақырады?
Сергіту сәті: Төлдер әні (әр топ өз төлінің әнін айтады)
VI. Жаңа материалды пысықтау:
Сұрақ-жауап арқылы өткен тапсырманы пысықтаймын.1/Төрт түлікті ата. 2/Төлдерді қалай шақырады? 3/Қой, сиыр, түйе,жылқы, ешкі сөздеріндегі дауыссыз дыбыстарды ата. 4/Төрт түліктің төлдерін, иесін атаңдар.
VII. Бекіту кезеңі
ШТ: І топ: Әр түлікке бір сөйлем жазды.
ІІ топ. Бес жолды өлең жазады.
ІІІ топ. Сурет салады.
ІҮ топ: Мақал жазу.
Ү топ. Сәйкестендіру тесті. Әр малдың төлін тауып қасына желімдейді. Постер қорғау.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау
19-жаттығу, дауыссыз дыбыстарды жаттау. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Сабаққа белсенді қатысқандарын бағалаймын.