7


  • Учителю
  • Тәрбиелік шара Өнер алды -қызыл тіл

Тәрбиелік шара Өнер алды -қызыл тіл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







Есбол орта мектебі.























Тәрбиелік шара Өнер алды -қызыл тіл



/ ашық тәрбие сағаты/



















































Тәрбие сағатының тақырыбы: Өнер алды -қызыл тіл



Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ тілі өнеріндегі шешендік пен

тапқырлықты, қазақ тарихы салт -дәстүріндегі

тіл шұрайын тану, одан үлгі ала отырып, ана тілінің

өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін айқындап,

оқушыларды өз ұлтының тілін қадірлей білуге баулу.

Көрнекілігі: ұлттық киім, нақыл сөздер

Жүргізуші:

Шашу, шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық.

Бүгінгі той мереке

Бастанғысын жасайық.

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Халқын сүйген- салтын да сүйер дегендей, тіл-халықтың ұлттық байлығы. Сондықтан да жас ұрпақтар өз тілінқастерлей білсе,басқалардың да мойындары хақ.Тілдің қасиеті де құдіреті де күшті.



Қазақ тілім-өз тілім,ана-тілім,

Абай, Мұхтар,сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым , бақытым дара тілім.-деп ақын жырлағандай, келесі болашағымыздың жеткіншектеріне сөз береміз.

Жүргізуші:

Көркем сөз «Үш бақытым»

Ән: Отан

1-оқушы Атабек

ақыл ойы дананың

ана тілін аламын

ана тілім ардақты

ақ сүтіндей анамның

2 оқушы Нұржан

Ана тілің арың -бұл

Ұятың боп тұр бетте

өзге тілдің бәрін біл

өз тіліңді құрметте

3 оқушы Мейірлан

Ана тілім-ұраным

Ана тілі-құраным

Ана тілім болмаса

Болмас еді жыр-әнім

4 оқушы Дулат

Ана тілін ақтаңдар

Ана тілін сақтаңдар

Ана тілін безеніп

Ата берсін ақтаңдар!

ән: Ана тілі

Жүргізуші:

Адамға екі нәрсе тірек тегі

Бірі тіл, бірі тілің жүректегі,-дегендей, тіл құдіретті небір жақсы-жаманды айырып,халықты әдептілік ишаратына бейімдеген.

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді»дегендей аталы сөз бар.Жасының үлкен екенін міндет етпей, алыс жол жүріп келген адамға үлкендігін қарамай сәлем береді.Небір аталы сөз айтып,халқымыздың шешен, даналары ақылдылықтарын көрсете білген.

Ата мен бала





|Шал

Ассалаумағалайкум, «Алты жасар бала келсе алпыстағы шал сәлем береді» демекші, қаліңіз қалай?

Бала:

«Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады»деуші еді, келіңіз, төрге шығыңыз, қонақ болып кетіңіз.

Шал:

Рахмет балам,төрге шығайын.

Бала:

«Жат астына қарайды,дос басына қарайды» деуші еді, аталарымыз асқа отырыңыз.

Шал:

Ойбай-ау! «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын»

Бала:

«Досыңның тамағын қасыңдай іш» демекші ала отырыңыз.

Шал;

Ой, рақмет! «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам»демекші,алла риза болсын.

Бала:

«Жылқы кісінегенше ,адам сөйлескенше» деп,осылай таныс біліс болу бір ғанибет қой, ата.

Шал:

«Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл»деген, есімің кім болады?

Бала:

Есімім-Еркін. «көрген жерде ауыл бар деп », келіп тұрыңыз.

Шал:

«Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ» Қой қайтайын.

Бала:

«Қонағыңнан алтын алма,алғыс ал» демекші жолыңыз болсын.

Шал:

«Алтыға дейін бала ерке,алпыстан кейін шал ерке»,-деуші едіаталарымыз,сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз.

Бала:

«Кәрі- кәрінің сөзі дәрі »дегендей, о не дегеніңіз?

Шал:

«Таз таранғанша той тарқар».Қайтайын.

Бала:

«Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын дегендей» келіп тұрыңыз.

Халқымыздың ақ сақалды атаны,ақ жаулықты ананы,ақ шашты әжені жалпы үлкенді сыйлап алдынан қия баспай, сәлем беру- ата дәстүріміз.

Жүргізуші:

Жүрек тербеп оятар миды,

Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды,-

Деп музыка адамға тіл жетпес ләззат беріп, жан сезімін оятып, ой санасын өсіреді

дей келе келесі сөзді әнге береміз.



ән/ Елім менің Орындайтын: Нығметова Ақжан



5-оқушы Ақылбек

Ана тілі-біздің туған анамыз

Анамыздай сыйлап, бағып- қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағымыз

Ана тілін кім аялай білмесе

Анасынан безген ұл деп қараңыз.

Жүргізуші:Айта берсек, тіл құдіреті күшті, тіл- киелі. От ауызды, орақ тілді билер жерге таласады. Осы жер таласында он бес жасар Төле би әділдігін айтады.

Билер: Ақты ақ деп бағалар,

О, игі жақсы, ағалар .

Өзегі толса, ел біткен

Өзен бойын жағалар.- деп бастай бергенде: «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып, қыз сөйлегеннен без» деуші еді.Мына бала кім өзі?,-дейді төрдегі би. Төле қасқая қарап тұрып:

О, би аға он үште отау иесі демес пе,

Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске?

Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,

Алакөз болу ағайын адамға лайық па?

О, игі асқар тауымыз,

Әділ ме, осы дауымыз?

Жар астында тұрғанда,

Жасырынып жауымыз?- дейді

Сонда төрдегі би:

Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақсы, сақа тұт

Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса аға тұт,- деген екен, -Балам, ағалық билікті саған бердім,- дейді.

Бала Төле жұлып алғандай: Сары табақтан сарқыт қайтады деген, Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын,- деген билік айтады.

Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді.Сонда төрдегі би:

Үй баласы ма деп едім,

Ел баласы екенсің.

Ақ маңдайлы арысым.

Талабың алдан өтелсін.

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайдағы бағы бол!- деп, бала Төлеге бата берген.



6-оқушы: Самхат

Ана тілім-анам сынды аяулым,

Сенсіз жерде көш соңында қаламын

Сенсіз жерде күнім көрдей қараңғы

Сенсіз қалсам құруға да даярмын

7-оқушы: Жайсаң

Ана тілсіз өрге баса алмайды

Ана тілсіз тарихта жаза алмайды

Желмаяға мініп ап желіп жүріп,

Күрсінбесін тектен тек Асан -қайғы.

9-оқушы: Азамат

Тілім барда қазағы бар, халқым бар

Дәстүрім бар,ата жолым салтым бар

Кіршіксіз қардай сақтаңдар

Қазақтың тілі ғаламат.

Ана тілі арым,иманым

Аманат саған аманат.

Жүргізуші:

Ән: Ана тілі



Жүргізуші:



-Балалар , « тіл жойылса-ұлт жойылады »деп тектен -тек айтылмаған. Бұл оқиғаны болдырмау үшін болашағымыздың үміткерлері біздерміз Қазақстанның гүлденуіне, өсуіне тіліміздің сақталуына ат салысайық.

Бүгінгі шарамыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал