7


  • Учителю
  • 7-ге көбейту және бөлу кестесі.

7-ге көбейту және бөлу кестесі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сактаганова Жаннат Турсунбаевна №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы Математика 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу кестесі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру.7-ге бөлу, кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару. 7 саны туралы ұғым беру.
Дамытушылық: Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, есептерді, теңдеулерді шешуде есептеу дағдыларын жетілдіруге, көбейту және бөлу амалдары бар есептерді шығару арқылы біліктілігін, дамытушылық ойын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу, ұйымшыл болуға, ата дәстүрді қастерлеуге баулу. Жаңа білімді меңгере білуге, әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ойын, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ойын элементтері, үлестірмелі қағаз
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу. Құрал - жабдықтарын дайындатып, назарларын сабаққа аударту.Топқа бөлу.
♦ ‟Кішкентай зияткер" тобы
♦ ‟Ақбота " тобы
ІІ. Психологиялық дайындық
Сонау-сонау алысқа,
Жүзсін десең кемелер
Тылсым сырлы ғарышқа,
Ұшсын десең денелер;
Жасау үшін бәрін де
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да
Сол ғылымның тілін біл!
ІІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІV. Үй жұмысын бекіту. «Кім зерек? » ойыны
V. Жаңа сабақ
7-ге көбейту және бөлу кестесі
Балалар, бүгін санды 7-ге көбейту, бөлу жағдайларын қарастырамыз.Сабағымыздың ұраны Саққұлақ бидің мына нақыл сөздері болмақ:
Балалар, бүгін санды 7-ге көбейту және бөлу жағдайларын қарастырамыз. Сабағымыздың ұраны Саққұлақ бидің мына нақыл сөздері болмақ:
Адамның басшысы - ақыл,
Жетекшісі - талап,
Жолаушысы - ой,
Жолдасы - кәсіп,
Қорғаны - сабыр,
Қорғаушысы - мінез,
Сынаушысы - халық.
Осы 7 нәрсені жадымызда сақтайық. Істі ақылмен істеп, талаптанып, ой елегінен өткізіп, бір кәсіппен тұрақты айналысып, сабырлы болсақ, мінезіңе ие бола білсең, міне артыңда сынаушың - халқың отыр. Атам қазақ 7 санын - киелі сан деп атайды. 7 санына байланысты ұғымдар аз емес. Қане, ойланайықшы, өздерің не айта алар едіңдер?
VІ. Көркем жазу минуты
369саны (Оқушылар дәптерге әдемі етіп салады)
VІІ. Оқулықпен жұмыс
VІІІ. Тақтамен жұмыс. Дәптермен жұмыс
№6
а) белгісіз санды 253-ке арттырғанда, 609 шығады;
ә) 63-ті белгісіз санға бөлгенде, 9 шығады;
х+253=609
63:х=9
х=609-253
х = 63:9
х=356 х=7
356+253=609
63:7=9
609=609 9 = 9
№8
1) 35өрік пен 49шие 7тәрелкеге тең бөлініп салынды. Бір тәрелкедегі өріктер шиелерден қанша кем?
2) 7банкаға 3килограмнан және 6 банкаға 2килограмнан тосап құйылды. Барлығы неше килограмм тосап дайындалды?
№10
8: 7=1(қалд.1) -------------- 9: 7=1(қалд.2)
10: 7=1(қалд.3) ------------ 11: 7=1(қалд.4)
12: 7=1(қалд.5) ------------ 13: 7=1(қалд.6)
15: 7=2(қалд.1) ------------ 16: 7=2(қалд.2)
17: 7=2(қалд.3) ------------ 18: 7=2(қалд.4)
19: 7=2(қалд.5) ------------- 20: 7=2(қалд.6)
ІХ. Кеспемен жұмыс

Х. Сергіту сәті.
♦ «Сиқырлы әлем» ойыны;
♦ «Нысанаға тигіз» ойыны;
ХІ.Шығармашылық тапсырма
8: 2=4см2
8: 2+1=5см2
ХІІ.Логикалық тапсырмалар
1.Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
2.Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?
3.Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?
4.Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?
ХІІІ. Сабақты қорытындылау
♦ «Бүлдіргенді тәрелкеге орналастыр» ойыны
♦ «Қоянға көмектесейік»ойыны
ХІV. Үйге тапсырма беру.
ХV. Бағалау.








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал