- Учителю
- Ашық сабақ Астанаға барғанда
Ашық сабақ Астанаға барғанда
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Астанаға барғанда.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың дыбыстар жөнінде игерген білімдерін тексеру. Астанаға саяхат жасау арқылы Астананың ғимараттарымен таныстыра отырып тапсырмалар орындату.
ә) Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасай білу қабілетін, ой- өрісін, сана-сезімін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорын байыту.
б) Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, Астанасын мақтан тұтуға, оны әрі қарай көркейтуге үлес қосуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын,
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері,Астана ғимараттарының суреттері, ұлы жеңіс суреті, Қазақстан Республикасының картасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Сабағымызды бастамас бұрын қонақтармен амандасайық.
Психологиялық дайындық.
Жақсы оқып сабақты, Әдеп сақтау сәніміз. Сәлем бердік сіздерге, Басымызды иіп біз.
Рахмет балалар. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем.
Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?
Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар өткен сабақта үйге не берілген еді?
Дұрыс айтасыңдар «Жеңіс күні» өлеңін жатқа айтып бер.
Қане жігіттерімізді ортаға шақырып «Жеңіс күні» өлеңін жатқа айтып берулерін сұрайық.
Ұлы отан соғысы қай жылы басталды?
Ұлы отан соғысы қай жылы аяқталды?
Жеңіс күні кай күні?
Жаңа сабақ
Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Қазақстан Республикасының президенті кім?
Қазақстан Республикасын картадан кім көрсетеді?
Сіздер Қазақстан Республикасының қай қаласында тұрасындар?
Қазақстан Республикасының рәміздерін кім айтады.
Қазақстан республикасының бас қаласы қалай аталады?
Бүгін біз бас қаламыз Астана туралы әңгімелейтін боламыз.
Біз Астана қаласына баруымыз үшін алдымен тапсырманы орындауымыз керек.
Дәптермен жұмыс.
175-жаттығуға назар аударайық.
Жұмбақты оқып шешуін табу керек. Және жуан дауыстылар мен жіңішке дауысты сөздерді бөлек жазу керек.
Жуан дауыстылар: Жіңішке дауыстылар:
Аппақ,қардай,тоны, жоны,қызыл,моншақ,оны Күжірейген,көзі, білесің бе.
Дәптерлеріңе жазып ала қойыңдар.
Енді Астанаға сапарымызды жалғастырайық.
Кітаппен жұмыс.
Кітаптарынды ашып Астанаға барғанда өлеңіне қараймыз.
Т .Жексенбай туралы мәлімет беру.
Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып береді.
2-3 балаға оқыту, тізбектеп оқыту.
Сергіту сәті
Астана-Отанымыздың елордасы. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен 1997 жылы қала Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланған. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып жатыр.Астана қаласы жас қала болғанымен тез өркендеп дамып келе жатыр.Астананың Бәйтерек кешені Астананың символы. Оның ең жоғарғы қабатына шығып қарасақ жас Астананың керемет көркін көруге тамашалауға болады. Астана қаласында көптеген зәулім үйлер,ғимараттар және де ойын сауық орталықтары көптеп кездеседі.
Соңғы шумақтағы сөздердің дауысты дыбыс әріптерін бір жолға, дауыссыз дыбыс әріптерін екінші жолға теріп жазыңдар. Бұл тапсырманы гүл теру ойыны арқылы жүзеге асырайық.
«Гүл теру» ойыны: Дауысты дыбыстарды Астана қаласына, ал дауыссыз дыбыстарды Ақтау қаласына жабыстырайық.
Қараңдаршы балалар біздің қалаларымыз гүлге толды. Сендерде осы гүлдер сияқты гүлдене беріңдер көркейе беріңдер.Сендер қазақ елінің болашағы гүлдендірер,көркейтер азаматтары мен азаматшаларысыңдар.
Қане балалар біріміз орнымыздан тұрып жалауларымызды қолдарымызға алып «Көк тудың желбірегені» әнін шырқайық.
Қорытынды.
Сұрақтар қойу арқылы қорытындылау.
Бағалау.
Балалардың сабаққа қатысына,белсенділігіне қарап бағалау
Үйге тапсырма.
«Астанаға барғанда» өлеңін мәнерлеп оқу.
</